Жаңалықтар

СҚО ҚХА Көктем мерекесін қарсы алды

СҚО ҚХА Көктем мерекесін қарсы алды
21.03.2019 09:20 3198

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бүгін Петропавл қаласы тұрғындары мен қонақтарын көктемнің тамаша мерекесі - Наурыз Мейрамымен құттықтады.

Мерекеге қатысушылар ұлттық, үстел және зияткерлік ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, бір сөзбен айтқанда нағыз қазақстандық мереке атмосферасына үңілді. Ең белсенділер тәтті және естелік сыйлықтарға ие болды. Қыдыр атадан бата алып, бір-бірінен кешірім сұрап жатты.

Барлық ниет білдірушілер үшін «Қымыздан қуат алған бір тұтас ел» атты қымыз көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бұл жерде қазақстандықтардың сүйікті сусыны – қымыз бен тәжік палауынан дәм татты.

Біздің халқымыздың күші бірлікте! Бірлік, бейбітшілік, игілік - біздің қоғамымыздың басты құндылығы. 130-дан астам этнос ортақ Қазақстан жерінде достық пен өзара түсіністікте ғұмыр кешуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға