Жаңалықтар

Елордалық ҚХА мен ҚР ІІМ этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту механизмдерін талқылады

Елордалық ҚХА мен ҚР ІІМ этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту механизмдерін талқылады
30.01.2019 10:54 1506

Астанада Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыруды талқылау жөніндегі отырысы өтті.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Шавкат Исмаиловтың айтуынша, жұмыс Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген  бірлескен іс-шаралар жоспары  негізінде жүзеге асырылады. Қалалық деңгейде де сәйкес жоспарлар әзірленіп, елордалық ҚХА-ның барлық құрылымдары іске қосылатын болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға