Елордада Еріктілер жылы «Донор күні» қайырымдылық акциясымен басталады

17.01.2020 652

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен елордалық Достық үйінде ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының бірыңғай «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның бірінші бөлімі «Аналар аманаты» көрме залында концерттік бағдарламамен бастау алса, екінші бөлімі конференц-залда мәжіліспен жалғасын тапты.


«Қазақстан халқы Ассамблеясы – еріктілер жұмысының қайнар көзі. Бүгінгі күн барша Қазақстан бойынша еріктілер қозғалысы орталығының «Ашық есік күнімен» басталды. Орталықтар барлық облыс орталықтарында, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында ашылып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА еріктілер қозғалысының тұжырымдамасы 4 бағыт бойынша қарастырылған: әлеуметтік, білім беру, спорттық және медиациядағы еріктілік.

Елордалық ҚХА еріктілер қозғалысының орталығы Достық үйінде орналасқан. Ерік еңбек өтілі бар, әртүрлі жастағы еріктілер қатысып, өз тәжірибесімен бөлісе алады», - деп атап өтті елордалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова. Сондай-ақ, ол өз сөзінде белсенділік танытқан әрбір жанға алғыс білдіріп, ерікті болудың патриоттық миссия екендігін тілге тиек етті.

Жиын барысында еріктілердің бағыттары мен үйлестірушілері таныстырылды.


«Әлеуметтік» бағыттқа «Нам только за 60» клубының төрағасы, журналист, ардагерлер қозғалысының белсендісі Татьяна Левченко жетекшілік етеді. Міндеттер қатарына әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету жатады.

«Білім» бағыты Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының «Возрождение» неміс қоғамы ҚБ төрағасының орынбасары Гизик Евгенияға жүктелді. Жобаға қатысушылар – жеке тәжірибесімен бөлісетін түрлі саладағы еріктілер. Оған оқушылар арасындағы кәсіптік бағдар, тәлімгерлік және тәрбие институты, білім беру мекемелері жанындағы ҚХА жастар клубтарын дамыту жатады.

Орталықтың «Тәрбие» бағытына Қазақстан Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы, белгілі спортшы-палуан Сергей Цырульников жетекшілік етеді. Жоба спортшылар мен жаттықтырушыларды бір қауымдастыққа біріктіруге бағытталған. Олар әр түрлі спорт түрлері бойынша балалар үйлері мен оқу орындарына барып, шеберлік-сабақтарын өткізеді.

Төртінші бағыт – «Келісім». Оған медицина ғылымдарының докторы, Қарағанды медицина университетінің профессоры Сәуле Қабиева жетекшілік етеді. Медиатор-еріктілер медицинада, білім беруде, ТКШ-да отбасылық, еңбек дауларын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар алдын алу үшін қызмет етеді. Үйлестірушілер дөңгелек үстелге қатысушыларға өз бағыттары бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары бойынша түсіндіре кетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Астана жастары» еріктілер тобының үйлестірушісі Дильназ Мұрат және «ОкеанАрт» ҚБ арт-терапия шығармашылық орталығы басқармасының басшысы Ирина Шэ еріктілікті одан әрі дамыту және қолдау мәселелеріне тереңірек тоқталды.

Айта кетейік, ертең елордалық Достық үйінде сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА еріктілер қозғалысының ең алғашқы әрі маңызды «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтеді. Оған талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған кез келген ерікті донор қатыса алады.

Ұқсас материалдар