Елорда тұрғындары мен қонақтары башқұрт асханасының тағамдарынан дәм тата алады

31.10.2019 401

2 қарашада сағат 16:00-де елордалық Достық үйінде Башқұртстан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай елордалық «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Башқұртстан Республикасы Әкімшілігінің, Башқұртстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен башқұрт мәдениеті күні өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, кеш қонақтары этнографиялық көрме мен башқұрт ас үйімен танысып, концерттік бағдарламаны тамашалай алады.

Шараға Башқұртстан Республикасынан келген қонақтар, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қатысады деп күтілуде.


Ұқсас материалдар