Жаңалықтар

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты
19.08.2019 16:39 3609

Ақбозат» Башқұрт этномәдени бірлестігі «Жетісу» саябағында Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Йыйын» мерекесінің салтанатты ашылуын ұйымдастырды.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

«Йыйын» - башқұрт халқының дәстүрлі ғұрып мәдениетінде алар орны ерекше ежелгі мереке. Ол жаздың ашық күнінде аталып өтіледі. Ежелден мерекелік жарыста жеңімпаз болып табылған жас  тайпалық қауымның құрметті мүшелігіне қабылданатын. 

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты 

Мерекеге орай  «Оралтау» би және вокал ансамблдерінің, сондай-ақ халықаралық, республикалық конкурстардың жеңімпаздарының қатысуымен кең көлемді концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Башқұрттың халықтық әндері шырқалып, ұлттық билері орындалды.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Мереке тойлау аймағында қасықпен жұмыртқа алып жүгіру, шаңғымен командалық жарыс, бөрене үстінде қапшықпен төбелес, су толы шелекпен жүгіру секілді өзге де ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

«Ақбозат» Башқұрт этномәдени бірлестігінің жастар қанатының  төрағасы Закир Бикмухаметовтың айтуынша, «Йыйын» әуелгіде башқұрт ру-тайпаларының жиыны ретінде өткізіліп келген.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

«Іс-шараның мақсаты – башқұрт этносының мәдениетімен, дәстүрімен танысытыру. Мереке аясында адамдар Башқұртстан Республикасының Учалин филармониясының концерттік бағдарламасын тамашалап, спорттық жарыстарға және мастер-кластарға қатыса алады»,  - дейді бұл туралы жастар қанатының төрағасы.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Іс-шарада сондай-ақ, Ресейден, Башқұртстаннан және Қазақстанның өзге де аймақтарынан арнайы ат терлетіп келген қонақтар болды.  

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Тимур Аюпов «Йыйын» мерекесіне және дөңглек үстелге қатысу үшін «Ақбозат» Башқұрт этномәдени орталығының шақыруы бойынша Барнаулдан арнайы келген.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

«Мен Алтай мемлекеттік медициналық университетінің доцентімін, тарих ғылымдарының кандидатымын. Кеше дөңгелек үстел үстінде «Қазақстандағы башқұрттардың өзіндік ұйымшылдығы және өзіндік бірегейлігі мәселелері» тақырыбында баяндама жасадым. Мұнда башқұрттардың Қазақстанда, жалпы Орталық Азия аумағында пайда болуы, башқұрт этносының қалыптасуының ерекшеліктері туралы статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, тарихи шолу жасадым. Зерттеуімнің тақырыбының өзі «Орталық Азия башқұрттары» болғандықтан, мен бұл мәселеге ғылыми тұрғыда мүдделілік танытып отырмын.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Орталық Азиядағы барлық бес республика ішінде Қазақстан мен Өзбекстанда ғана башқұрт этномәдени бірлестіктері өз алдына дербес құрылды. Ал қалған посткеңестік ресупубликаларда татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері болып құрылуда. Мұның жақсы да, жаман да тұстары бар. Екі туыс халықтың ғасырлардан бері бір-бірінің дәстүрін қолдап, тату-тәтті тұрып келе жатқаны қуантады, әрине. Алайда, мұның біз үшін қолайсыз тұсы да бар, башқұрттар халқының саны жөнінде татарлардың жанында ат төбеліндей ғана, сондықтан мұндай бірлескен этномәдени бірлестіктерде басымдылық үнемі татарларға, олардың мәдениетін дамытуға беріледі. Сондықтан, бізді Қазақстан астанасында екі жылдан бері Башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенді жұмыс жасап келе жатқаны қуантады. Бұған дейін 1991 жылы башқұрттардың жалғыз этномәдени бірлестігі Ақтау қаласында ғана құрылған еді. Енді жақын уақытта бұл бірлестік республикалық статус алады деп үміттенеміз.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

«Йыйын» мерекесі  - бұл башқұрт халқының ежелгі мерекесі. Бірлескен қоғамдастықтарда Сабантой татар-башқұрт мерекесі ретінде  таныстырылады. «Йыйынның» ерекшелігі сол, мұндай мейрам өзге халықтарда жоқ. «Йыйын» - «Ақбозат» этномәдени бірлестігінің негізігі таныстырылымына айнала алады деп айтуға болады.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Дөңгелек үстелде «Йыйын» Қазаақстан жерінде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі мерекеге айналып қана қоймай, оның тойлану аумағын кеңейтіп, мереке эстафетасын Қазақстанның өзге де аймақтарына тарату туралы тілек айтылды.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Мерекеге Алматы, Қарағанды қалаларының өкілдері, Қостанай облысынан башқұрт фольклор ансамблінің жетекшісі қатысты. Олар оң әсер  алып қана қоймай, өз жұмыстарына үшін пайдалы іс-тәжірибемен бөлісіті.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты

«Біз ұзақ жылдардан бері Башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Орал Әнуарұлымен тікелей қарым-қатынас орнатып келеміз, ол бізбен менің ғылыми жұмысыма қажетті ақпаратпен бөлісті. Мен сондай-ақ, Барнаул қаласындағы башқұрт клубына жетекшілік ететіндіктен, бізде тәжірибемізбен және білімімізбен бөлісуге үлкен мүмкіндік бар. Алдағы уақытта біз әріптестіктің өзге де тетіктерін қарастырудамыз, дөңгелек үстел басында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан башқұрт халқының өкілдері туралы ақпарат жинау туралы ой айтылды. Мұндай жандар аз емес екендігіне ғылыми зерттеу барысында көз жеткізген едік. Қазан жерінде туып-өскен башқұрттың 50-ге жуық ұл-қызын таптық. Олардың арасында ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер мен әскерилер өте көп. Мұндай еңбек қазақ жеріндегі атақты башқұрттардың энциклопедиясы немесе жинағы ретінде шығарылса, Қазақстанның кітап әлеміне де елеулі үлес қосады деп ойлаймын» , -дейді Тимур Аюпов.

Қазақстандық башқұрттар елордада ежелгі «Йыйын» мерекесі аясында бас қосты


Бөлісу:

Рауан Искалиев

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға