Сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады – президент

Бұл туралы мемлекет басшысы Шымкент жұртшылығымен кездесуде айтты
Ақорда
Фото: Ақорда 27.09.2022 18:21 223

Біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады. Бүгін Шымкент қаласының жұртшылығымен кездескен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Біздің халықаралық аренадағы қызметіміздің басты мақсаты – Қазақстанның және халқымыздың мүддесі. Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының үстемдігі үшін күресеміз. Біз халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайтуды аса маңызды деп санаймыз.

Біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады. Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Мұндай сыртқы саясат халқымыздың мүддесіне сай келетініне сенімдімін» , - деді Қазақстан Президенті.


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz