Жаңалықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz 01.08.2022 18:44 1312

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ордабаев Олжас Темірбекұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, «Cesar Ritz Colleges Switzerland» (Цезарь Ритц колледжі Швейцария, Манчестер Метрополитан университеті) бітірген.

2007-2014 жылдары бірқатар қоғамдық ұйымды басқарды.

2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік басқармасының бас менеджері қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП, Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры, басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2018-2022 жылдары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеді.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға