Жаңалықтар

Алматы полициясы жыл басынан бері 305 есірткі қылмысын анықтады

Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мәлімдеді
Алматы полициясы жыл басынан бері 305 есірткі қылмысын анықтады
Фото: nieuwsblad.be 02.08.2022 19:49 1343

Алматы полицейлері заңсыз айналымнан 212 келіден астам есірткі тәркіледі,– деп хабарлайды El.kz.

Жыл басынан бері Алматы полициясы 305 есірткі қылмысын анықтады. Оның 76-сі есірткіні саудалаумен байланысты. Заңсыз айналымнан 212 келіден астам есірткі: оның ішінде 94 келі 750 грамм синтетикалық есірткі, 69 келі 205 грамм гашиш және 48 келі 719 грамм марихуана алынды.

– Алматы полициясы жыл басынан бері синтетикалық есірткі жасайтын ірі есірткі зертханасын жойды. Еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 4 748 граффити боялды, – деп хабарлады Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға