Жаңалықтар

6 аймақта дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті
6 аймақта дауылды ескерту жарияланды
Фото: stan.kz 01.10.2022 20:10 2470

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жел тұрып, 1-3 градус үсік жүреді.

Жетісу облысының Алакөл көлдерінде оңтүстік-шығыстан екпіні 29 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/c, күндіз таулы аймақтарда екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шымкентте күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға