Жаңалықтар

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты қашан бұзады?

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Instant Payments компаниясымен келісім-шартты бұзбақ
ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты қашан бұзады?
Фото: ашық дереккөз 30.06.2022 17:44 897

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Әлия Назарбаеваға тиесілі  Instant Payments компаниясымен келісім-шартты бұзуға келісім жасасқанын айтты, деп хабарлайды El.kz

Біз ақпан айынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. 18 наурызда шартты бұзу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі күні екі тарап қол қойды. Бірақ бұл өндірістік процесс болғандықтан, жолаушылардың билет сатып алуына кедергі келтірмей, тасымалдау қызметінде ақау болмас үшін біртіндеп өтуіміз керек. Бүгінгі таңда жаңа үлгідегі шартты келісу және ашық тендер құжаттарын рәсімдеп жатырмыз, - деп жауап берді «Қазақстан темір жолы» АҚ ұлттық компаниясының сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жамайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға