Жаңалықтар

Тұншығып өлген 46 мигранттың денесі табылды

Адамдар кондиционері мен суы жоқ 18 доңғалақты жүк көлігінде қамаулы болған.
Тұншығып өлген 46 мигранттың денесі табылды
29.06.2022 04:25 1415

Техаста жол бойында иесіз қалған фургонның ішінен мексикалық мигранттар табылды. Оның 46-сы мерт болған, тағы 16 адам, оның ішінде төрт бала аман, қазір олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды El.kz порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Адамдар кондиционері мен суы жоқ 18 доңғалақты жүк көлігінде қамаулы болған. Әйелдер, ер адамдар, жасөспірімдер ыстық өтіп қайтыс болған.

Телеарнаның хабарлауынша, 27 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында жол шетінде тұрған тіркемеден көмек сұраған адамдардың дауысын естіген жұмысшы жедел қызметтерге хабарласқан.

Полиция бұл істі тергеуді федералды билікке өткізгенін хабарлады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға