Жаңалықтар

Шомылуға рұқсат етілген орындар бекітілді

Шомылуға рұқсат етілген орындар бекітілді
21.06.2022 14:16 1583

Қазіргі кезде елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бекітілген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды El.kz

«1 маусымнан елімізде суда шомылу кезеңі басталды. Су қоймаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі құзырлы ведомстволар және әкімдіктермен бірлесіп кешенді алдын алу жұмыстарын ұйымдастырып, іске асырып жатыр. Қазіргі кезде елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 (2021 жылы - 538) орын бекітілген. Оның ішінде 142-сі коммуналдық, 341-і жеке жағажай ретінде тіркелді. Мұнымен қоса, 14 орын бойынша нақты иелерін бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр (ШҚО – 10, БҚО-4)», деді Б. Сыздықов

Сондай-ақ оның айтуынша, елімізде адамдар шомылуға немесе демалуға баратын су қоймалары, өзендер мен көлдердегі орындар 50 мыңнан асады. Алайда бұл жерлер қауіпсіздік талаптарына сай жасақталмаған.

«Халық ең көп пайдаланатын 125 су қоймасында Төтенше жағдайлар министрлігінің 493 құтқарушысы тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Биыл бақылауды күшейту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы басталысымен қауіпті және күзетілмейтін аумақтарда Министрліктің қосымша 55 жылжымалы құтқару бекеті жұмысын кірісті», деді ведомство өкілі.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға