Қандастар Ассамблея

Елімізде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

06.06.2022 178
Фото: Mymcmedia.org

Синоптиктер 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктерінің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Тәуліктік ауа температурасы солтүстікте 23-30 градус, облыстың оңтүстігінде 33 градус, орталықта 27-35 градус, шығыста 28-33 градус, оңтүстікте 36 градус, 37-42 градусқа дейін ыстық болады. Тек республиканың шығысында түнде топырақ бетінде үсік сақталады», - делінген хабарламада.






Ұқсас материалдар