Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы 34% қымбаттаған

Азық-түлік бағасы 34% қымбаттаған
13.04.2022 15:10 3683

Еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тарихи максимумға жетті,- деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Ахметбекұлы.

«Жылдық мәнде бағалар 34% өсті. Ағымдағы жылдың наурыз айында бағаның өсуі 12,6% құрады. Мысалы, өсімдік майының бағасы 56,1-ға, дәнді-дақылдарға 37,3%, сүт өнімдеріне 23,6 және қантқа 22,6% өсті».

«Азық-түлік инфляциясы көрші елдерде де байқалады»,- деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметі алдындағы баспасөз маслихатында.

«Ресейде азық-түлік инфляциясы 18%, ал өзбекстанда 14,5 құрады. Азық-түлік бағасының өсуі Еуропа елдерінде де байқалады. Мысалы Францияда 5,1% рекордық көрсеткішке жетті. Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуі сыртқы факторларға әсер етеді»,- деді.

«Украинадағы қақтығыстың нәтижесі азық-түлік бағасының қымбаттауына алып келді. Сондай-ақ Ресей Федерациясында салынып жатқан санкция салдары да әлемдік деңгейде азық-түлік дағдарысына алып келіп отыр»,- деді ҚР сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің орынбасары Айдар Әбілдабеков.

«Былтырғы жылы көршілес Ресей елінде егістік науқаны төмен болды. Сол себепті де картоп пен қырыққабатқа сұраныс артты. Салдарынан бұл көкөністерге деген баға айтарлықтай өсті. Ал, 2021 жылы фермерлер қырыққабатты аз еккен еді. Ресей тарапынан сұраныс жоғары болғаннан кейін, бағасы қайта күрт өсті»,- деді ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары.

«Бүгінгі күні ішкі нарықта ешқандай азық-түлік тауарына деген тапшылық жоқ»,- деді ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Хатепова Назгүл Серікқалиқызы.

«Қазіргі таңда картопқа деген тапшылық жоқ, және алдағы уақытта да тапшылық күтілмейді. Себебі екі жүз мың тоннаға жуық картоптың қоры бар. Сонымен қатар, маусым айынан бастап, картоп жинау науқаны басталады деп жоспарланып отыр».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға