Жаңалықтар

Қазақ-өзбек шекарасы уақытша жабылды

Қазақ-өзбек шекарасы уақытша жабылды
03.07.2022 05:30 3415

2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды, деп хабарлады EL.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ақпарат бойынша «Каракалпакия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға