Жаңалықтар

Бөлшек сауданың көлемі 8,3% өсті

Бөлшек сауданың көлемі 8,3% өсті
Фото: gov.kz 13.06.2022 15:53 1599

2022 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 4738,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,3% жоғары. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8,3% өсті деп хабарлайды, El.kz порталы Қазақстан Республикасы  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статисика бюросына сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,7% құрады, азық-түлікке жатпайтын  тауарлардікі – 68,3%.

Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 маусымға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1151,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 65 күнді құрап отыр.

2022 жылғы қаңтар-мамырда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы қаласына (30,2%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,4%), Шығыс Қазақстан (9,6%) және Қарағанды (9,1%) облыстарына тиесілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға