Жаңалықтар

27 маусымға арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтималдығын хабарлады
 27 маусымға арналған ауа-райы болжамы
27.06.2022 09:05 1143

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, – деп хабарлайды El.kz.

Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға