Жаңалықтар

Балаларға арналған анимациялардың пайдасы қандай?

Балаларға арналған анимациялардың пайдасы қандай?
15.06.2022 17:41 29386

Ұрпақ тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана «балам не көріп жүр?» деген суалға бас қатырары анық. Әсіресе гаджеттерге тәуелді заманда түрлі видеоконтенттер мен анимациялық фильм қарау балалар еш қиын емес. Алайда мультфильмнің балаға берер тәрбиесі бұрыс па, дұрыс па? Қандай контент көрген дұрыс? Қазіргі нарық анимациялық фильмдерге толы. Уақыт өткен сайын оған сұраныс та артып келеді. Бүгінгі таңда анимацияның пайдасы мен зияны қандай? Оның балалардың, ата-аналардың, отандық өндірушілер мен мемлекеттің өмірінде алар рөлі қандай? Осыған қатысты өз ойларымен психолог Ирина Юсупова мен Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы Жәнібек Оразалы өз пікірін айтты.

Ирина Юсупова, психолог

Психолог Ирина Юсупованың пікірінше, ата-аналар балалары көретін мультфильмдер мен кез келген видеоконтенттерді қадағалап отыруы қажет. Бұлай болмаған жағдайда баланың психикасына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Балаларға арналған анимациялардың пайдасы қандай?

– Баланың не себепті осы болмаса басқа мультфильмді көргісі келетінін анасы білуі өте маңызды. Мультфильм арқылы қандай құндылық дәріптеледі? Мультфильмдердің кейбіреуі бала үшін зиянды. Өйткені ол баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі де келтіруі мүмкін. Ал егер де сіздің балаңызда гипоксия секілді және .т.б диагноздар болса, онда мульфильмдер мен теледидарды және гаджеттерді ұмытқан жөн. Одан да баламен кітаптар оқып, ойын ойнаудың пайдасы мол, - дейді психолог.

Неліктен жапон анимелері жасөспірімдер үшін қызықты? Осы сауалдың жауабын қазіргі таңда көптеген ересек білгісі келетіні анық. Жасөспірімдер аниме кейіпкерлеріне ұқсағысы келеді және оларға еліктеуге тырысады. Психолог ересектер анимелерді балалармен бірге көруі қажет деп есептейді.

– Біріншіден, көптеген аниме сюжеттері «сатқындық», «махаббат», «адалдық», «жалғыздық», «достық», «әлемді құтқару» және т.б. секілді ересектерге арналған тақырыптарды қозғайды. Екіншіден, мұнда жыныстық тәрбие, бұзақылық және т.б. секілді көптеген тыйым салынған тақырыптар көтеріледі. Ал бұларды анимеде көрсетіледі. Бір айта кетерлігі, тыйым салынған дүниелер қашан да қызықты және есте сақтауға оңай. Біздің балалық шағымызды еске түсіріңізші, Пушкиннің өлеңдерінен гөрі тыйым салынған өлеңдер жақсы есте қалды. Бірақ бір кемшілігі, жасөспірімнің тәжірибесіздігі мен жас болуына байланысты анименің жеткізетін мағынасын әлі де толық түсіне алмайды. Сондықтан анимелерді ата-аналармен бірге көруге кеңес беремін. Олар балаға анименің пайда тұсын әңгімелеп отырады, - дейді ол.

Психолог терапевтік және дамыту сеанстары баланың шынайы қалауын анықтауға көмектесетінін айтады. Мәселен, бала неліктен суперқаһармандық күштерге ие болғысы келеді.

Балаларға мультфильмді қалай дұрыс таңдауға болады? Психолог мультфилмдерді баламен бірге көруге кеңес береді. Тек осы жағдайда ғана онда не көрсетілсе, балаға соған сай автордың нені айтқысы келгенін жеткізе аласыз. Баламен көбінесе көшеде кітап оқумен уақытты өткізген жөн.

Мульфильмдердің балаға берер тәрбиелік маңызы мол. Ол бала тәрбиесіне оң және теріс те әсер ете алады. Алайда тәрбие мен оқыту процесінде басты рөл мультфильмге емес, ата-анаға берілетінін есте ұстаған жөн. Балаңызға мульфильмдерді көрсетуді мүмкіндігінше жылдам бастауға тырысыңыз. Төрт-бес жаста шамамен отыз минуттан аспауы қажет. Бірге көргеннен кейін ойын ойлап табыңыз. Ол мультфильмнің сюжетімен байланысты болса, тіптен жақсы.

Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы Жәнібек Оразалы

– Мульфильмдерді көру ұзақтығы балалардың жасына байланысты. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балалар үшін 5-10 минутқа созылатын мультфильм ұзақ болып саналады. Екі-төрт жастағы көптеген бала бұл ұзақтыққа шыдамайды. Сондықтан олар мультфильмнің динамикасына қарайды. Ал 6 мен 12 жас аралығындағы балаларға қысқаметражды мультфильмдерді көруге ұсынылады. Ұзақтығы 2 сағат болатын мультфильмдерге келсек, барлығы сюжетке, динамикаға, көрерменнің қызығушылығына байланысты. Мысалы, «Балапанда» бұрын мультфильмдердің барлығын қатарынан көрсететін болса, қазір жасына, ұзақтығына қарай бөледі. Екі сағаттан асатын мультфильмдерді алты жасқа толғандар көре алады. Бір айта кетерлігі, барлығы да сюжетке тікелей байланысты, - деп түсіндіреді Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы Жәнібек Оразалы.

Балаларға арналған анимациялардың пайдасы қандай?

Жәнібек Нұрбекұлы барлық мультфильмдер тәрбие алу үшін жасалған, ата-аналар балаларға көп уақыт бөле алмайды деп есептейді. Сондықтан балаларға арналған мультфильмдер мен кинотеатрларда кинолар көрсетілі көңіл-күйді көтеру мен тәрбие алу үшін қажет.

Қазақ анимациясының дамуы туралы айтатын болсақ, қазақ мультипликациясы 1966 жылы «Қазақфильмде» пайда болған. Ал оны Әмен Қайдаров басқарды. 1991-2002 жылдар аралығында мүлде анимация болмаған. Ал қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыстардан бөлек коммерциялық жобалар да баршылық.

– Қазақ анимациясының ресейлік және америкалық анимациядан қандай айырмашылығы бар. Қазақ анимациясының дамуы 1967 жылдан бері 50 жылдық белестен өтті. Егер орыс анимациясы америкалық анимацияны негізге ала отырып жасалса, ал бізді орыс анимациясы дайындады деуге болады. Алғашқы мультфильмдер 60-70 жылдары пайда болды. Бізде мультфильмдер аз шығып жатыр. Мемлекет қаржы бөледі. Мультфильмдер мемлекеттік тапсырыспен жасалып шығарылады. Олар ұлттық идеологияға негізделген. Сондықтан тарихи, ұлттық аспектілерге, бала тәрбиесіне аса үлкен мән береміз. Көрші Ресейде де жағдай осындай. Соңғы уақытта Ресейде Америкадағы сияқты бизнес бағытына көңіл бөле бастады. Олар кассалық фильмдер жасауға тырысуда. Негізінен ақша табу үшін балалардың сұранысына қарайды. Біз ұлттық және тарихи тақырыптарға, идеологияға, ал Америка кассалық жағына қарайды, - дейді ол.

Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы қазақ анимацияларына сұраныс бар екенін атап өтті. Соған сай алға ілгерілеушілік те барын жасырмады.

Балаларға арналған анимациялардың пайдасы қандай?

– Тек қазақ аниматорлары ғана емес, әлем аниматорлары ең алдымен анимациядағы әртүрлі жастағы балалардың қозғалыста, іс-қимылдағы кейіпкерлерді ұнатынын біледі. Сондықтан кейіпкерлердің қозғалыс еркіндігімен көбірек айналысуы қажет. Алайда барлық қозғалатын суреттер анимация болып саналмайтынын естен шығармаған жөн. Оның да өз заңдылықтары бар. Уолт Дисней аниматорлардың көп жылдық тәжірибесіне негізделген реалистік анимацияның 12 қағидасын сақтады. Мультфильмдер осындай болуы қажет. Мамандығымыздың мамандарына қойылатын екінші талап – заманауи мүмкіндіктерді, жаңа технологияларды пайдалану. Үшіншіден, мультфильм жасағанда біз тек қазақстандық балаларға ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген балаларға назар аударуымыз керек. Бүгінде қазақстандық аниматорларға Ресей, АҚШ, Еуропа елдерінен тапсырыстар түсіп жатыр. Бұл біздің аниматорларымыздың кәсіби өсуі туралы айтады. Сондықтан біз тек қазақ балаларына ғана емес, сонымен бірге әлем балаларына да назар аударуымыз керек деп ойлаймын, - деді ол.

Мультфилмді қалай дұрыс таңдау керек? Бұған қатысты аниматор жасына, жанрына назар аудару қажет екенін, кейбір балалар спортты жақсы көретінін, біреу тарихты ұнататынын, ал біреуі аңыз бен ертегілерді, ендібіреуі анимелерді көргенін қалайтынын айтады. Демек, бұл ретте баланың қызығушылығына байланысты болып келеді.

– Біз баланың жасын, қызығушылығын, ұзақтығын, қысқа немесе ұзақ екенін ескеруіміз керек. Өйткені ұзақ мерзімді мультфильмдер жас көрерменнің көңіл-күйіне әсер етеді,-дейді Жәнібек Нұрбекұлы.

Оның пікірінше, 6 мен 12 жастағы баламен бірге мультфильм көрудің орнына кинотеатрға бірге барған дұрыс.

– Бүгінде мультфильм, фильм көру бір кітап оқумен тең. Өйткені қазір толықметражды мультфильмдер балаларға ғана емес, ата-аналарға да арналған. Сондықтан бұдан кейін баламен мультфильмнің сюжетін талқылауға болады. Бұл – бала үшін өте пайдалы.Сондықтан ол келесі мультфильмнің шығуын күтеді. Кинотеатрлар бар қалаларда қазіргі балалар жаңа мультфильмдерді күтеді, трейлер көреді. Сол себепті ата-аналар балаларымен кинотеатларға баруды дәстүрге айналдырғаны жөн. Егер кинотеатрларға баруға мүмкіндік болмаса онда үйде бірге тамашаласа болады. Ата-ананың кейбіреулері баланың мектепте не істеп жатқанынан бейхабар. Ал үйге қайтып, ол тек үй тапсырмасын орындайды. Ата-ананың ол күндері қолы тимейді. Сондықтан демалыс күндері бірге мультфильм көріп, оны бірге талқылауға болады. Бала ата-анамен әңгімелесу барысында отбасылық жылу мен махаббатты сезінеді, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға