Жаңалықтар

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Бейжің Олимпиадасында 11-ші орын алды

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Бейжің Олимпиадасында 11-ші орын алды
17.02.2022 18:12 1157

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 1000 метрге конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Біздің конькишілер арасынан үздік нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол аталған қашықтықты 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, қорытынды есепте 11-ші орын алды. 

Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен жарысты 19-шы орында аяқтады. 

Конькишілер додасында олимпиада рекордын орнатқан жапондық Михо Такаги (1:13.19) жеңіске жетті. Екінші орынды нидерландтық Ютта Лердам (1:13.83), үшінші орынды америкалық Бриттани Боуи (1:14.61) иеленді.

baq.kz

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға