Жаңалықтар

Қыпшақтардың этникалық жер аумағы

Қыпшақтардың этникалық жер аумағы Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты. Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. XI — XII ғасырдағы Қыпшақ хандығы XI ғасырдың екінші жартысы — XII ғасырдың басында қыпшақ хандарының біршама орталықтануы мен бірлігі қыпшақ тайпаларының Хорезм жағына қарай, сондай-ақ Жетісудың солтүстік-шығысы мен Оңтүстік Қазақстан ауданына қарай одан әрі жылжуьша себепші болды. XI ғасырдың екінші жартысының бас кезінде қыпшақтар Маңғыстау мен Үстіртте орнығып алды, бұл жерлерде олармен бірге оғыз тайпаларының қалған топтары (ке- шаттар мен чаграқтар) көшіп жүрді. Әл-Идрисидің «Кіші картасы» Әл-Идрисидің «Кіші картасында» «Қыпшақтар даласы» (Сахра әл-қыфчақ) деген географиялық атау келтірілген. Бұл этнотопоним Каспий және Арал теңіздерінің арасында орналастырылған, мұның өзі XI ғасырдың екінші жартысына қатысты тарихи шындықты көрсетеді. Аса бағалы деректеме ретіндегі тарихи карталар жөнінде, атап айтқанда, этнонимияны картаға түсіріп бейнелеудің — көрсетілетін объектілердің немесе құбылыстардың мәнін мейлінше айқын көрсетіп беретінін айту керек. Орта ғасырлардағы географиялық карталарды салыстыру әдісі осы карталар арасындагы тиісті уақыт кезеңі ішінде қоныстану география- сы үрдістерінің нәтижелерін бейнелейтін айырмашылықтарды атап көрсетуге мүмкіндік береді. Қыпшақ тайпаларының куман тайпаларымен бірлесе отырып, Еділден батыс бағытыңа қарай қозғалуы мейлінше табысты болып шықты, соның нәтижесінде оғыздар мен печенегтер Еділден Днестрге дейінгі ұлан-байтақ дала өңірінен ығыстырып шығарылып, оған қыпшақ және куман тайпалары қоныстанды. Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуы Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуының бастапқы кезендері Махмұд Қашғаридің географиялық картасынан көрініс тапқан, онда олардың мекендеген жері Еділден батысқа қарай, Каспий теңізінің (Бахр Абискун) солтүстік-батысында деп көрсетілген. Ортағасырлық ғалым Еділ өзенінің өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойындағы өзі аттас орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген. Закария Казвинидің (XIII г.) «Аджаиб әл-махлукат» деген шығармасында келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың екінші жартысына жататын болса керек, онда қыпшақтар орыстардан шығысырақ орналастырылған, ал ол кезде орыстардың жинақы қоныстанған аймағы Орталық Ресей шегінде болатын. Әл-Мустауфидің (XIV ғ.) картасына сәйкес, қыпшақтар Еділдегі бұлғарлар мен Солтүстік Кавказды мекендеген черкестер арасында шоғырланған, бұл да осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың екінші жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді. Қыпшақ хандары оңтүстігінде өз мемлекетінің шегін кеңейтіп, Тараз төңірегіне дейін жетті, онда Қарахандармен шекарада Кенжек Сеңгір бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақпен Қарахан мемлекеті билеушілерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің он жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмұд Қашғари имектерді (кимектерді) Ертіс аңғарына, олардың ертедегі «имек даласы» деп аталған негізгі аумағына шоғырландырады. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда наймандармен, каңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты. Солтүстік-шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің саян-алтай ошағымен байланысты болды, ал оны таратушылар қырғыздар, хакастар және басқа тайпалар болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласын Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды-дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғарлар және башқүрттар дүниесімен өзара әсері XI ғасырдың бірінші жартысы — XIII ғасырдың басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді. Оның бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ғасырдың ортасына дейін башқұрт тілі қимақ тіліне мейлінше жақын болған. Қыпшақтар кемелденген дәуірде қарым-қатынас жасалған этностардың қыпшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.
05.12.2012 07:51 5401

Қыпшақтардың этникалық жер аумағы

Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты. Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.

XI — XII ғасырдағы Қыпшақ хандығы

XI ғасырдың екінші жартысы — XII ғасырдың басында қыпшақ хандарының біршама орталықтануы мен бірлігі қыпшақ тайпаларының Хорезм жағына қарай, сондай-ақ Жетісудың солтүстік-шығысы мен Оңтүстік Қазақстан ауданына қарай одан әрі жылжуьша себепші болды. XI ғасырдың екінші жартысының бас кезінде қыпшақтар Маңғыстау мен Үстіртте орнығып алды, бұл жерлерде олармен бірге оғыз тайпаларының қалған топтары (ке- шаттар мен чаграқтар) көшіп жүрді.

Әл-Идрисидің «Кіші картасы»

Әл-Идрисидің «Кіші картасында» «Қыпшақтар даласы» (Сахра әл-қыфчақ) деген географиялық атау келтірілген. Бұл этнотопоним Каспий және Арал теңіздерінің арасында орналастырылған, мұның өзі XI ғасырдың екінші жартысына қатысты тарихи шындықты көрсетеді. Аса бағалы деректеме ретіндегі тарихи карталар жөнінде, атап айтқанда, этнонимияны картаға түсіріп бейнелеудің — көрсетілетін объектілердің немесе құбылыстардың мәнін мейлінше айқын көрсетіп беретінін айту керек. Орта ғасырлардағы географиялық карталарды салыстыру әдісі осы карталар арасындагы тиісті уақыт кезеңі ішінде қоныстану география- сы үрдістерінің нәтижелерін бейнелейтін айырмашылықтарды атап көрсетуге мүмкіндік береді. Қыпшақ тайпаларының куман тайпаларымен бірлесе отырып, Еділден батыс бағытыңа қарай қозғалуы мейлінше табысты болып шықты, соның нәтижесінде оғыздар мен печенегтер Еділден Днестрге дейінгі ұлан-байтақ дала өңірінен ығыстырып шығарылып, оған қыпшақ және куман тайпалары қоныстанды.

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуы

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуының бастапқы кезендері Махмұд Қашғаридің географиялық картасынан көрініс тапқан, онда олардың мекендеген жері Еділден батысқа қарай, Каспий теңізінің (Бахр Абискун) солтүстік-батысында деп көрсетілген. Ортағасырлық ғалым Еділ өзенінің өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойындағы өзі аттас орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген. Закария Казвинидің (XIII г.) «Аджаиб әл-махлукат» деген шығармасында келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың екінші жартысына жататын болса керек, онда қыпшақтар орыстардан шығысырақ орналастырылған, ал ол кезде орыстардың жинақы қоныстанған аймағы Орталық Ресей шегінде болатын. Әл-Мустауфидің (XIV ғ.) картасына сәйкес, қыпшақтар Еділдегі бұлғарлар мен Солтүстік Кавказды мекендеген черкестер арасында шоғырланған, бұл да осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың екінші жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді. Қыпшақ хандары оңтүстігінде өз мемлекетінің шегін кеңейтіп, Тараз төңірегіне дейін жетті, онда Қарахандармен шекарада Кенжек Сеңгір бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақпен Қарахан мемлекеті билеушілерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің он жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмұд Қашғари имектерді (кимектерді) Ертіс аңғарына, олардың ертедегі «имек даласы» деп аталған негізгі аумағына шоғырландырады. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда наймандармен, каңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты. Солтүстік-шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің саян-алтай ошағымен байланысты болды, ал оны таратушылар қырғыздар, хакастар және басқа тайпалар болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласын Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды-дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғарлар және башқүрттар дүниесімен өзара әсері XI ғасырдың бірінші жартысы — XIII ғасырдың басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді. Оның бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ғасырдың ортасына дейін башқұрт тілі қимақ тіліне мейлінше жақын болған. Қыпшақтар кемелденген дәуірде қарым-қатынас жасалған этностардың қыпшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға