Жаңалықтар

Рахманқұл Бердібайдың еңбектері

Туысқан түркі халықтарының әдебиетіне, рухани байланыстарына, тарихи тамырларына арналған «Гүлстанның бұлбұлдары» (1970), «Достық кемесінде» (1976), «Байқалдан Балқанға дейін» (1996), «Жұлдыздар жарығы» (2000) кітаптары жарық көрген. «Ел боламыз десек» (2000) атты кітабында ұлтымыздың алдында тұрған ұлы мұраттар руханият аясында батыл көтеріледі. Р.Бердібай – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Акадеиясының, Түрік тіл құрылымының (Түркия), Халықтық (экологиялық), Халықаралық Айтматов академияларының академигі, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» (1984), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1990), Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының (1990), Махмұд Қашқари атындағы Халықаралық сыйлықтың (1998), «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының иегері. «Парасат» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Ол өзінің жазған алғашқы мақала­ларынан бастап-ақ қазақ халқының тағдыры оның тілінің тағдырымен тікелей байланысты екенін ашына көтерді. Рахаңа құлақ салайық: «Қазіргі қазақ тілі – адамзаттың ең ұлы ойшылдарын өз тілінде сөйлете білген бай тіл болып саналады. Ол бұдан былай да көркейе, жандана бермек. Қазақ тілінде дүниежүзілік әдебиет қазынасына қосарлық тамаша көркем шығармалар жасалды. Алайда біздің арамыздан осы шындықты ескермейтін жолдастар да табылады. Ондайлардың зияны да аз болып жүрген жоқ… Коммунизм тұсында бір тіл екінші тілді жеңеді деген тұжырымды кейбір жолдастар қазіргі өмірге қолданатын аксиома санайтын көрінеді. Мұны нағыз зиянды көзқарас деп атамасқа болмайды… Мұның ақыры неге соғатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Бізде қазақ тілінде жаза білетін инженер, агроном, зоотехник, физик дегенді ілуде бір кездестіруге болады. Мұның өзі көп жағдайда кісі күлерлік жайға душар етеді. Қазақ интеллигенті ана тілін білмейді! Ең қынжыларлығы сол – бұл мәселені кейбір жолдастар әбден табиғи, заңды көрініс деп санайды. Ол ол ма? Халқымыздың мақтанышы болып саналарлық профессор, ғылым кандидаттарының дені қазақша кітап түгіл, кішкене мақала да жаза алмайды. «Самарқанда бір қызым бар, бұдан һәм сорақы» деген екен біреу. Біздің басшы қызметте отырған қазақ жолдастардың біразы да қазақша сауаттымыз деп мақтана алмаса керек» (Р.Бердібаев. Ең үлкен мәдени байлық. «Қазақ әдебиеті», 22.04.1956). Өткен ғасырдың орта шенінде айтылған бұл пікірлер қазірге дейін өзінің зәрулігін жоғалтқан жоқ. Бір таңғаларлығы, бүгінгі күні осыдан елу жылдан аса уақыт өтсе де бұл жағдайдың оншалықты көп өзгере қоймағанын көреміз. Бұрынғы жағдайға отаршылар кінәлі болса, бүгінгі тәуелсіз елімізде бұған кім кінәлі? Қазақ ұлты үшін өткір де өзекті мәселені қозғаған бұл мақала кеңестік тоталитарлық жүйеде ұзақ жылдар бойғы қуғындаулардан есеңгіреп қалған қазақ қауымын дүр сілкіндіргендей болды. Бойында ұлттық қаны бар қазақтардың ұлттық намысы оянып, руханият айдынында нажағайдай жарқ етіп, атой салып, жұртшылықтың жүрегін дір еткізіп, сәуле шашқан мақалаға үн қосты. «Ең үлкен мәдени байлықта» көтерілген ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, оның қазіргі мүшкіл халі, оны жандандыруға бағытталған іс-шаралар туралы ұсыныстар көптің ойынан шығып, аяғы ұлт мәдениетін жан-жақты дамытуды көздеген келелі пікіралысуларға ұласты. Бұл мақала кеңестік кезеңнің құрсауына қамалып, тұншыққан ұлттық рухты босатып жібергендей болды. Бұған 1955 жылдан бастап қайта шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газеті үлкен мұрындық болды. Осы басылым бетінде Ә.Нарымбетовтің «Ана тілін ардақтайық», Т.Кәкішев бастаған партия тарихы институтының бір топ қызметкерлерінің «Тіл мәдениеті», Т.Қожакеевтің «Ұлттық сезімді ұмытпайық», М.Қаратаевтың «Қайта қарауды қажет ететін мәселелер», Қ.Тұрғанбаевтың «Тағы да әдеби мұра жайында», Ғ.Мұсабаевтың «Әдеби мұраны бұрмалаушылыққа қарсы», т.б. мақалалар жарық көріп, көптен тұншығып, жабық жатқан тақырыптарға қозғау салды. Бұларда содырлы саясаттың салдарынан өлмеші күн кешіп жатқан қазақ тілімен қатар әдебиеті мен өнерінің де зәру мәселелері батыл көтерілді. Рахаңның бір мақаласынан басталып, күтпеген жерден өріс алып, коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің мәдениет жөніндегі саясатының ауқымынан шығып бара жатқандығынан сескенген билік Р.Бердібайдың «ұлтшылдық жат пиғылдарын» талқандауға ерекше көңіл бөлді. Республиканың бас газеті Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Социалистік Қазақстан» газеті «Қазақ халқының мәдениетін көркейте берейік» («Социалистік Қазақстан», 29.01.1957), «Бір зиянды мақала» («Социалистік Қазақстан», 05.02.1957) атты мақалалар жариялап, Рахманқұлдың пікірлері саяси, партиялық тұрғыдан зиянды, халыққа жат деп бағаланды: «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» мен қазақ тілі жайлы «Ең үлкен мәдени байлық» атты мақалаларындағы «жалаң, нигилистік сарындар» «Ең жаманы сол – Р.Бердібай өзінің ғылыми негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат пікірлерін тағы да көпшіліктің пікірі ретінде ұсынған» («Социалистік Қазақстан», 10.01.1957). Мұнда Р.Бердібайдың «Ең үлкен мәдени байлық» атты мақаласындағы «өрескел қателіктер» жайлы айта келіп, «амал не, сөз болып отырған мақалада Р.Бердібаев өзінің алдыңғы мақалада жіберген қателіктерін қайталайды. Онда автор қазақ тілі жөнінде Қазақстанда «озбырлық» болып отыр десе, бұл мақаласында мәдени мұраларды бағалауда «озбырлық» бар дейді. Ең жаманы сол – Р.Бердібаев өзінің ғылыми негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат бұл пікірлерін тағы да көпшіліктің пікірі деп ұсынған. Шынында ол қайта қарау арқылы бір кезде партия қатты айыптаған, ғылымға жат «бірыңғай ағым» теориясына қарай итермелейді. Қазіргі қазақ совет әдебиеттану ғылымының негізгі кемшіліктерін мақала авторы «жалған саясатшылдықта» деп түсінеді. Яғни ол әдебиеттің идеялылығын жоққа шығарып, оның саясаттан тыс ­болуын уағыздайды. Көркем әдебиеттің идеялылығы дегенді ол құбыжық етіп көрсетпек болады. Р.Бердібаев өткен заманнан қалған мұраны әділ зерттеп бағалаудың орнына оның бәрін әдебиеттің «алтын қорына» қосуды ұсынады. Ол заманда үстем тап тудырған, солардың мүддесін жырлаған әдебиет те болғанын Р.Бердібаев білмей ме? Ендеше, әр шығармаға маркстік-лениндік ілім тұрғысынан баға беруге ол неге қарсы?» («Социалистік Қазақстан», 05.02.1957) деп, «кемшіліктерін» санамалайды. Партияның ресми органы бетінде редакцияның атынан жазылған бұл мақалалардан кейін де Бердібайдың «қоғамымызға жат» пікірлері барынша «әшкереленіп» жатты. Бұдан «Қазақ әдебиеті» газеті де қалыспады. Онда жарияланған «Әділ сын, алғы міндеттер» (01.02.1957) және «Ұшқары пікірлер, елеулі қателер» (08.02.1957) атты мақалаларда Р.Бердібайдың ұлтшылдық бағыттағы пікірлерін идеялық жағынан талқандауға едәуір көңіл бөлінді. Сөйтіп, Р.Бердібайдың «саяси қате» пікірлері өзіне лайықты бағасын алып, саяси тұрғыдан барынша айыпталды. Бұл мақалалардың отыз жетінің атышулы қаралағыш мақалаларының сарынынан ешбір айырмасы жоқтың қасы болатын. Партияның «көзі», «құлағы», «сөзі» болып табылатын басылымдар бетінде айтылған мұндай пікірлерге саяси мән беріліп, тиісті шаралар қолданылатын. Мұның алдында ғана Мәскеуді қойғанның өзінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті қазақ әдебиеті туралы бірнеше қаулы қабылдап, әдебиет майданында саяси қырағылықтың күшейіп келе жатқан кезі еді. Қаламгерлердің біразы ­саяси қуғындауға ұшырап, Е.Ысмайылов, Х.Жұмалиев, М.Қаратаев сияқты алды әдебиеттен зорлықпен шеттетілген болатын. Ендігі кезек Бердібайларға да жақындап қалған еді. Бі­рақ ­Сталин қайтыс болған соң, оның бет қаратпайтын сұрапыл саясаты ептеп ішін тартып, саябырлап беті қайта бас­тағандай-тұғын… Бәрібір Бердібайлар жаза­дан қашып құтыла алмады. «Қазақ әде­биеті» газетіндегі бірнеше пікірлес әріп­тестерімен бірге мәселесі Орталық Ко­митетте қаралып, ресми түрде ол кез үшін аса қауіпті саяси сенімсіз, «ұлтшыл» атанды. Өмірінің осы бір аса қиын кездері туралы Р.Бердібай кейіннен былай деп жазды: «Мен қазақ тілі мен мәдениетінің аса ділгір мәселелерін көтергенім үшін елуінші жылдары бірінші ұлтшыл атанып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысына іліккенімді, «Правда» газетінің бетінде сынға ұшырағанымды, жұмыстан, партиядан шығарылғанымды, мақалаларым мен кітаптарымды бастыра алмай, көп сарсаңға түскенімді, қай күні итжеккенге айдалып кетер екенмін деп жүрген сергелдең күндерімді мақтаныш үшін ғана еске түсірмеймін. Бұл менің өмірбаянымдағы белгілі белестер. Қазіргі күнге дейін мен осыдан жарты ғасыр бұрын көтерген тақырыбымды – ұлт мұратын жалғастырып келемін» («Тұран», 2001, №1). Күннің көзін алақанмен қалқалай алмайтының сияқты, қазақтай бүкіл бір халықты ұлттық болмысынан, ол үшін тілінен, мәдениетінен бірден айырып тастау мүмкін емес-тұғын. Отаршылдық жүйе қазақ халқын ұлттық жадынан айы­ру үшін не бір қитұрқы әрекеттерге барып жатқанымен бұқара халықтың оған деген іштей қарсылығы әбден пісіп-жетіліп, сыртқа атылып шығуға сәл-ақ қалып тұрған болатын. Сталин қайтыс болғаннан соң біраз ғана уақыт болған жылымықты пайдаланып, Р.Бердібай бастаған бір топ ұлт зиялылары бастарын бәйгеге тіге отырып, халқының көкірегінде мұз болып қатып қалған арман-аңсарларын осылайша батыл айта білді. Б.Момышұлы айтпақшы, ерлік соғыс кезінде ғана жасалынбайды, бейбіт кезде де, өмірдің барлық салаларында да жасалынуы мүмкін. Сондай ерлікті руханият майданында түпкі мақсаты қазақ ұлтын жойып, совет халқына айналдыру болған, басынан башпайына дейін марксизм-ленинизм ілімдерімен мұздай қаруланған советтік идеологияға қарсы күресте Р.Бердібай жасады. Дандай Ысқақұлы
16.10.2013 05:37 8363

Туысқан түркі халықтарының әдебиетіне, рухани байланыстарына, тарихи тамырларына арналған «Гүлстанның бұлбұлдары» (1970), «Достық кемесінде» (1976), «Байқалдан Балқанға дейін» (1996), «Жұлдыздар жарығы» (2000) кітаптары жарық көрген. «Ел боламыз десек» (2000) атты кітабында ұлтымыздың алдында тұрған ұлы мұраттар руханият аясында батыл көтеріледі.
Р.Бердібай – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Акадеиясының, Түрік тіл құрылымының (Түркия), Халықтық (экологиялық), Халықаралық Айтматов академияларының академигі, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» (1984), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1990), Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының (1990), Махмұд Қашқари атындағы Халықаралық сыйлықтың (1998), «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының иегері. «Парасат» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Ол өзінің жазған алғашқы мақала­ларынан бастап-ақ қазақ халқының тағдыры оның тілінің тағдырымен тікелей байланысты екенін ашына көтерді. Рахаңа құлақ салайық: «Қазіргі қазақ тілі – адамзаттың ең ұлы ойшылдарын өз тілінде сөйлете білген бай тіл болып саналады. Ол бұдан былай да көркейе, жандана бермек. Қазақ тілінде дүниежүзілік әдебиет қазынасына қосарлық тамаша көркем шығармалар жасалды.
Алайда біздің арамыздан осы шындықты ескермейтін жолдастар да табылады. Ондайлардың зияны да аз болып жүрген жоқ… Коммунизм тұсында бір тіл екінші тілді жеңеді деген тұжырымды кейбір жолдастар қазіргі өмірге қолданатын аксиома санайтын көрінеді. Мұны нағыз зиянды көзқарас деп атамасқа болмайды… Мұның ақыры неге соғатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Бізде қазақ тілінде жаза білетін инженер, агроном, зоотехник, физик дегенді ілуде бір кездестіруге болады. Мұның өзі көп жағдайда кісі күлерлік жайға душар етеді. Қазақ интеллигенті ана тілін білмейді! Ең қынжыларлығы сол – бұл мәселені кейбір жолдастар әбден табиғи, заңды көрініс деп санайды. Ол ол ма? Халқымыздың мақтанышы болып саналарлық профессор, ғылым кандидаттарының дені қазақша кітап түгіл, кішкене мақала да жаза алмайды. «Самарқанда бір қызым бар, бұдан һәм сорақы» деген екен біреу. Біздің басшы қызметте отырған қазақ жолдастардың біразы да қазақша сауаттымыз деп мақтана алмаса керек» (Р.Бердібаев. Ең үлкен мәдени байлық. «Қазақ әдебиеті», 22.04.1956).
Өткен ғасырдың орта шенінде айтылған бұл пікірлер қазірге дейін өзінің зәрулігін жоғалтқан жоқ. Бір таңғаларлығы, бүгінгі күні осыдан елу жылдан аса уақыт өтсе де бұл жағдайдың оншалықты көп өзгере қоймағанын көреміз. Бұрынғы жағдайға отаршылар кінәлі болса, бүгінгі тәуелсіз елімізде бұған кім кінәлі?
Қазақ ұлты үшін өткір де өзекті мәселені қозғаған бұл мақала кеңестік тоталитарлық жүйеде ұзақ жылдар бойғы қуғындаулардан есеңгіреп қалған қазақ қауымын дүр сілкіндіргендей болды. Бойында ұлттық қаны бар қазақтардың ұлттық намысы оянып, руханият айдынында нажағайдай жарқ етіп, атой салып, жұртшылықтың жүрегін дір еткізіп, сәуле шашқан мақалаға үн қосты. «Ең үлкен мәдени байлықта» көтерілген ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, оның қазіргі мүшкіл халі, оны жандандыруға бағытталған іс-шаралар туралы ұсыныстар көптің ойынан шығып, аяғы ұлт мәдениетін жан-жақты дамытуды көздеген келелі пікіралысуларға ұласты.
Бұл мақала кеңестік кезеңнің құрсауына қамалып, тұншыққан ұлттық рухты босатып жібергендей болды. Бұған 1955 жылдан бастап қайта шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газеті үлкен мұрындық болды. Осы басылым бетінде Ә.Нарымбетовтің «Ана тілін ардақтайық», Т.Кәкішев бастаған партия тарихы институтының бір топ қызметкерлерінің «Тіл мәдениеті», Т.Қожакеевтің «Ұлттық сезімді ұмытпайық», М.Қаратаевтың «Қайта қарауды қажет ететін мәселелер», Қ.Тұрғанбаевтың «Тағы да әдеби мұра жайында», Ғ.Мұсабаевтың «Әдеби мұраны бұрмалаушылыққа қарсы», т.б. мақалалар жарық көріп, көптен тұншығып, жабық жатқан тақырыптарға қозғау салды. Бұларда содырлы саясаттың салдарынан өлмеші күн кешіп жатқан қазақ тілімен қатар әдебиеті мен өнерінің де зәру мәселелері батыл көтерілді.
Рахаңның бір мақаласынан басталып, күтпеген жерден өріс алып, коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің мәдениет жөніндегі саясатының ауқымынан шығып бара жатқандығынан сескенген билік Р.Бердібайдың «ұлтшылдық жат пиғылдарын» талқандауға ерекше көңіл бөлді. Республиканың бас газеті Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Социалистік Қазақстан» газеті «Қазақ халқының мәдениетін көркейте берейік» («Социалистік Қазақстан», 29.01.1957), «Бір зиянды мақала» («Социалистік Қазақстан», 05.02.1957) атты мақалалар жариялап, Рахманқұлдың пікірлері саяси, партиялық тұрғыдан зиянды, халыққа жат деп бағаланды: «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» мен қазақ тілі жайлы «Ең үлкен мәдени байлық» атты мақалаларындағы «жалаң, нигилистік сарындар» «Ең жаманы сол – Р.Бердібай өзінің ғылыми негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат пікірлерін тағы да көпшіліктің пікірі ретінде ұсынған» («Социалистік Қазақстан», 10.01.1957).
Мұнда Р.Бердібайдың «Ең үлкен мәдени байлық» атты мақаласындағы «өрескел қателіктер» жайлы айта келіп, «амал не, сөз болып отырған мақалада Р.Бердібаев өзінің алдыңғы мақалада жіберген қателіктерін қайталайды. Онда автор қазақ тілі жөнінде Қазақстанда «озбырлық» болып отыр десе, бұл мақаласында мәдени мұраларды бағалауда «озбырлық» бар дейді. Ең жаманы сол – Р.Бердібаев өзінің ғылыми негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат бұл пікірлерін тағы да көпшіліктің пікірі деп ұсынған. Шынында ол қайта қарау арқылы бір кезде партия қатты айыптаған, ғылымға жат «бірыңғай ағым» теориясына қарай итермелейді. Қазіргі қазақ совет әдебиеттану ғылымының негізгі кемшіліктерін мақала авторы «жалған саясатшылдықта» деп түсінеді. Яғни ол әдебиеттің идеялылығын жоққа шығарып, оның саясаттан тыс ­болуын уағыздайды. Көркем әдебиеттің идеялылығы дегенді ол құбыжық етіп көрсетпек болады. Р.Бердібаев өткен заманнан қалған мұраны әділ зерттеп бағалаудың орнына оның бәрін әдебиеттің «алтын қорына» қосуды ұсынады. Ол заманда үстем тап тудырған, солардың мүддесін жырлаған әдебиет те болғанын Р.Бердібаев білмей ме? Ендеше, әр шығармаға маркстік-лениндік ілім тұрғысынан баға беруге ол неге қарсы?» («Социалистік Қазақстан», 05.02.1957) деп, «кемшіліктерін» санамалайды. Партияның ресми органы бетінде редакцияның атынан жазылған бұл мақалалардан кейін де Бердібайдың «қоғамымызға жат» пікірлері барынша «әшкереленіп» жатты.
Бұдан «Қазақ әдебиеті» газеті де қалыспады. Онда жарияланған «Әділ сын, алғы міндеттер» (01.02.1957) және «Ұшқары пікірлер, елеулі қателер» (08.02.1957) атты мақалаларда Р.Бердібайдың ұлтшылдық бағыттағы пікірлерін идеялық жағынан талқандауға едәуір көңіл бөлінді. Сөйтіп, Р.Бердібайдың «саяси қате» пікірлері өзіне лайықты бағасын алып, саяси тұрғыдан барынша айыпталды.
Бұл мақалалардың отыз жетінің атышулы қаралағыш мақалаларының сарынынан ешбір айырмасы жоқтың қасы болатын. Партияның «көзі», «құлағы», «сөзі» болып табылатын басылымдар бетінде айтылған мұндай пікірлерге саяси мән беріліп, тиісті шаралар қолданылатын. Мұның алдында ғана Мәскеуді қойғанның өзінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті қазақ әдебиеті туралы бірнеше қаулы қабылдап, әдебиет майданында саяси қырағылықтың күшейіп келе жатқан кезі еді. Қаламгерлердің біразы ­саяси қуғындауға ұшырап, Е.Ысмайылов, Х.Жұмалиев, М.Қаратаев сияқты алды әдебиеттен зорлықпен шеттетілген болатын. Ендігі кезек Бердібайларға да жақындап қалған еді. Бі­рақ ­Сталин қайтыс болған соң, оның бет қаратпайтын сұрапыл саясаты ептеп ішін тартып, саябырлап беті қайта бас­тағандай-тұғын… Бәрібір Бердібайлар жаза­дан қашып құтыла алмады. «Қазақ әде­биеті» газетіндегі бірнеше пікірлес әріп­тестерімен бірге мәселесі Орталық Ко­митетте қаралып, ресми түрде ол кез үшін аса қауіпті саяси сенімсіз, «ұлтшыл» атанды.
Өмірінің осы бір аса қиын кездері туралы Р.Бердібай кейіннен былай деп жазды: «Мен қазақ тілі мен мәдениетінің аса ділгір мәселелерін көтергенім үшін елуінші жылдары бірінші ұлтшыл атанып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысына іліккенімді, «Правда» газетінің бетінде сынға ұшырағанымды, жұмыстан, партиядан шығарылғанымды, мақалаларым мен кітаптарымды бастыра алмай, көп сарсаңға түскенімді, қай күні итжеккенге айдалып кетер екенмін деп жүрген сергелдең күндерімді мақтаныш үшін ғана еске түсірмеймін. Бұл менің өмірбаянымдағы белгілі белестер. Қазіргі күнге дейін мен осыдан жарты ғасыр бұрын көтерген тақырыбымды – ұлт мұратын жалғастырып келемін» («Тұран», 2001, №1).
Күннің көзін алақанмен қалқалай алмайтының сияқты, қазақтай бүкіл бір халықты ұлттық болмысынан, ол үшін тілінен, мәдениетінен бірден айырып тастау мүмкін емес-тұғын. Отаршылдық жүйе қазақ халқын ұлттық жадынан айы­ру үшін не бір қитұрқы әрекеттерге барып жатқанымен бұқара халықтың оған деген іштей қарсылығы әбден пісіп-жетіліп, сыртқа атылып шығуға сәл-ақ қалып тұрған болатын. Сталин қайтыс болғаннан соң біраз ғана уақыт болған жылымықты пайдаланып, Р.Бердібай бастаған бір топ ұлт зиялылары бастарын бәйгеге тіге отырып, халқының көкірегінде мұз болып қатып қалған арман-аңсарларын осылайша батыл айта білді.
Б.Момышұлы айтпақшы, ерлік соғыс кезінде ғана жасалынбайды, бейбіт кезде де, өмірдің барлық салаларында да жасалынуы мүмкін. Сондай ерлікті руханият майданында түпкі мақсаты қазақ ұлтын жойып, совет халқына айналдыру болған, басынан башпайына дейін марксизм-ленинизм ілімдерімен мұздай қаруланған советтік идеологияға қарсы күресте Р.Бердібай жасады.

Дандай Ысқақұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға