Жаңалықтар

ҰБТ-ны түбегейлі өзгертіп, мұғалімдердің жалақысын өсіру ұсынылып отыр

Жетекші халықаралық ұйымдар, отандық және батыстық жоғары оқу орындарының сарапшылар тобы мен ғалымдары Назарбаев Университетінде Қазақстанның білім беру секторындағы ауқымды зерттеулердің нәтижесін жариялады деп хабарлайды Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған білім беруді реформалаудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу» жобасының қатысушылары білім беру жүйесіндегі, атап айтқанда: мектепке дейінгі, орта, кәсіби-техникалық, жоғары білім саласындағы ағымдағы және соңғы жылдары жүзеге асырылған реформаларды зерттеді. Жоба нәтижесінде алынған мәліметтер саланы одан әрі реформалауға және дамытуға қажетті білім беру ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық бағыттарды айқындауға септігін тигізбек. Сарапшылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапаға әсер етуші мәселелер қатарында жалақының төмендігін, мамандықтың лайықты абыройға ие болмауын, жұмыс аптасының ұзаққа созылатынын, оқу жүктемесінің аса ауыр екенін және әкімшілік тарапынан сыртқы қысымның жасалуы мен кәсіби деңгейді өсіруге мүмкіндіктің жоқтығын атап өткен. Осы мәселелер шешімін табуы керек, дегенмен оны ретке келтіру мектепке дейінгі білім берудің заманауи түсінігі аясында жүзеге асуы тиіс дейді олар. Ал, орта білім беру саласын ұлттық және халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру үшін ұлттық стандарттарды, оқу бағдарламаларын, педагогиканы және оқулықтарды оқушылар алдында қарапайым салыстыру, ақпаратты есте сақтаумен ғана шектелмей, одан анағұрлым күрделі интеллектуалдық міндеттерді, атап айтқанда: салыстыру, талдау, қолдану, сын, дәлелдеу, түсіндіруді ескере отырып қайта қарау қажет. Сонымен қатар, ҰБТ да түбегейлі өзгерісті қажет етеді. Себебі, тестілеуді өткізудегі елдің (сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің) мақсаты – түлектердің түрлі интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін анықтау. Сондықтан да ҰБТ барысында оқушылардың түрлі пәндер бойынша алған білімін объективті бағалау үшін заманауи әдістер кең қолданысқа ие болуы тиіс. Сарапшылар орта білім беру саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан қыруар шаруаға қарамастан, қала мектептеріндегі балалармен салыстырғанда ауылдық оқушылар үшін сапалы білім алу қолжетімсіз болып отырғанын атап өтті. Осы теңдікті қамтамасыз ету үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесіне, жалпы инфрақұрылымға инвестиция тарту, сонымен қатар мектептерді қаржыландыру мәселесін қарағанда ауыл және қала деп бөле жармау керек деді мамандар. Сондай-ақ, жоба қатысушылары мемлекеттік интернатта оқыған балалар арасында өмірде өз жолын таба алмай қиналып, тұрмыс тауқыметін тартатындар мен жұмыссыз қалатындар санының артқанын атап өткен. Baq.kz
08.10.2013 05:11 2893

Жетекші халықаралық ұйымдар, отандық және батыстық жоғары оқу орындарының сарапшылар тобы мен ғалымдары Назарбаев Университетінде Қазақстанның білім беру секторындағы ауқымды зерттеулердің нәтижесін жариялады деп хабарлайды Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған білім беруді реформалаудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу» жобасының қатысушылары білім беру жүйесіндегі, атап айтқанда: мектепке дейінгі, орта, кәсіби-техникалық, жоғары білім саласындағы ағымдағы және соңғы жылдары жүзеге асырылған реформаларды зерттеді. Жоба нәтижесінде алынған мәліметтер саланы одан әрі реформалауға және дамытуға қажетті білім беру ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық бағыттарды айқындауға септігін тигізбек.
Сарапшылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапаға әсер етуші мәселелер қатарында жалақының төмендігін, мамандықтың лайықты абыройға ие болмауын, жұмыс аптасының ұзаққа созылатынын, оқу жүктемесінің аса ауыр екенін және әкімшілік тарапынан сыртқы қысымның жасалуы мен кәсіби деңгейді өсіруге мүмкіндіктің жоқтығын атап өткен. Осы мәселелер шешімін табуы керек, дегенмен оны ретке келтіру мектепке дейінгі білім берудің заманауи түсінігі аясында жүзеге асуы тиіс дейді олар.
Ал, орта білім беру саласын ұлттық және халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру үшін ұлттық стандарттарды, оқу бағдарламаларын, педагогиканы және оқулықтарды оқушылар алдында қарапайым салыстыру, ақпаратты есте сақтаумен ғана шектелмей, одан анағұрлым күрделі интеллектуалдық міндеттерді, атап айтқанда: салыстыру, талдау, қолдану, сын, дәлелдеу, түсіндіруді ескере отырып қайта қарау қажет.
Сонымен қатар, ҰБТ да түбегейлі өзгерісті қажет етеді. Себебі, тестілеуді өткізудегі елдің (сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің) мақсаты – түлектердің түрлі интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін анықтау. Сондықтан да ҰБТ барысында оқушылардың түрлі пәндер бойынша алған білімін объективті бағалау үшін заманауи әдістер кең қолданысқа ие болуы тиіс.
Сарапшылар орта білім беру саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан қыруар шаруаға қарамастан, қала мектептеріндегі балалармен салыстырғанда ауылдық оқушылар үшін сапалы білім алу қолжетімсіз болып отырғанын атап өтті. Осы теңдікті қамтамасыз ету үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесіне, жалпы инфрақұрылымға инвестиция тарту, сонымен қатар мектептерді қаржыландыру мәселесін қарағанда ауыл және қала деп бөле жармау керек деді мамандар.
Сондай-ақ, жоба қатысушылары мемлекеттік интернатта оқыған балалар арасында өмірде өз жолын таба алмай қиналып, тұрмыс тауқыметін тартатындар мен жұмыссыз қалатындар санының артқанын атап өткен.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға