Жаңалықтар

Мал ұстау нормаларын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады

Мал ұстау нормаларын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.05.2024 20:46 864

Instagram әлеуметтік желісінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі, Қырғауылды ауылында санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда ауылшаруашылығы жануарларын ұстау бойынша видео таралуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру жұмыстарының барысында бұл жағдай жеке тұлғаның ауласында орын алып, ол жерде 60 бас шошқа, 30 бас жылқы 3 бас ірі қара бар екені анықталған.

Бүгінгі күні аталған ауыл шаруашылық жануарларының ішінде АШЖБ (ИСЖ) базасында мал иесінің атында 10 бас шошқа, 3 бас ІҚМ, 7 бас жылқы ғана тіркелген. Осылайша, «Ветеринария туралы» заңының бұзылуы байқалады, яғни, жануардың иесі ауыл шаруашылығы жануарын сатып алу/туу фактісін тіркеуге және тиісті рәсімдерді жүргізуге міндетті.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, үй жануарларын ұстау, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру бойынша қағидаларды әзірлеу, оның орындалуын қадағалау жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.

Осы ретте, 2023 жылы профилактикалық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілген, яғни тіркелген мал пастереллезге, сібір жарасына, қарасанға, аусылға қарсы вакцина алған. Ал тіркеуде жоқ малдарға байланысты диагностикалық тексерулер жүргізілмеген. 2024 жылдың ветеринариялық іс-шаралары жоспарға сай алдағы айларда жүргізілетін болады.

Видеода көрсетілген ауылшаруашылығы жануарлары Іле ауданы, Междуреченск ауылдық округінде орналасқан зооқорғаушының жеке мал ұстау орнына тиісті тексерулер жасалғаннан кейін жолданды. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес малдың иесі оны сатуға келіскен. Мал ұстау нормаларды сақтамағаны үшін мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, видеоны тарату барысында өлген мал мен басқа үй жануарлары бірге тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тексеру барысында өлген малдың денесі табылған жоқ.

Сол себепті, жалған ақпарат таратпауға, сонымен қатар тек ресми ақпаратқа жүгінуге шақырамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға