Жаңалықтар

Бүгін физикадан Нобель сыйлығының иегері белгілі болады

Стокгольмде Нобель апталығы жалғасуда. Бүгін, 8 қазанда, физика саласы лауреаттарының есімдері белгілі болады. Сарапшылардың айтуынша, Нобель сыйлығы шотландтық ғалым Питер Хиггске бұйырады, деп хабарлайды ВЕСТИ.  2012 жылы Питер Хиггс Үлкен адрон коллайдеріндегі бөлшекті ашқан еді, деп еске салады «Ресей 24» телеарнасы. Онымен бірге Нобель сыйлығының иегері ретінде Еуропа ядролық зерттеу орталығы атануы мүмкін.  «Құдай бөлшегі» деп аталатын Хиггс бозонының ашылуы заманауи ғылымда бар элементті бөлшектер арасындағы өзара әрекеттің стандартты моделін дәлелдеді. Бұл модельге сәйкес, ол материяға салмақ түсіретін Хиггс алаңының әсерімен пайда болады. Бұл алаңды арнайы құрылғылармен байқау мүмкін емес, тек Хиггс бозонының ашылуы оның бар екенін дәлелдеді. Физиктердің ойынша, Ғаламның пайда болуына әкелген Үлкен жарылыстан кейін, Хиггс бозонын туғызушы күш бастапқы хаостан галактика, жұлдыздар мен аспан денелерінің пайда болуына әкелді. BNews.kz
08.10.2013 05:09 3347

Стокгольмде Нобель апталығы жалғасуда. Бүгін, 8 қазанда, физика саласы лауреаттарының есімдері белгілі болады. Сарапшылардың айтуынша, Нобель сыйлығы шотландтық ғалым Питер Хиггске бұйырады, деп хабарлайды ВЕСТИ. 

2012 жылы Питер Хиггс Үлкен адрон коллайдеріндегі бөлшекті ашқан еді, деп еске салады «Ресей 24» телеарнасы. Онымен бірге Нобель сыйлығының иегері ретінде Еуропа ядролық зерттеу орталығы атануы мүмкін. 

«Құдай бөлшегі» деп аталатын Хиггс бозонының ашылуы заманауи ғылымда бар элементті бөлшектер арасындағы өзара әрекеттің стандартты моделін дәлелдеді. Бұл модельге сәйкес, ол материяға салмақ түсіретін Хиггс алаңының әсерімен пайда болады. Бұл алаңды арнайы құрылғылармен байқау мүмкін емес, тек Хиггс бозонының ашылуы оның бар екенін дәлелдеді.

Физиктердің ойынша, Ғаламның пайда болуына әкелген Үлкен жарылыстан кейін, Хиггс бозонын туғызушы күш бастапқы хаостан галактика, жұлдыздар мен аспан денелерінің пайда болуына әкелді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға