Жаңалықтар

Акушер мамандар кәсіби мерекесін атап өтті

Акушер мамандар кәсіби мерекесін атап өтті
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 05.05.2024 21:45 231

Қазақстанда 9 000-нан астам акушер жыл сайын 500 мыңға жуық жүкті әйелге білікті медициналық көмек көрсетеді, бұл жүктіліктің қалыпты ағымын, сондай-ақ босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жүкті әйелдерді медициналық персоналдың пренаталдық бақылаумен қамтуы 99%-ды құрайды. Біздің елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала туады, бұл туудың жоғары деңгейін және аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін көрсетеді.

Біздің еліміздегі әрбір әйел үшін жүктілік пен босанудың сәтті нәтижесін қамтамасыз етуде сіздердің еңбектеріңіз бен біліктіліктеріңіз шешуші рөл атқарады. Құрметті акушерлер! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің адалдықтарыңыз үшін және аналар мен балалардың денсаулығын сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін рахмет!, - делінген министрлік ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға