Жаңалықтар

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогында екінші жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогында екінші жүлдеге қол жеткізді
Фото: ҚР ҰОК 05.05.2024 16:44 711

Әртістік жүзуден Қазақстан командасы Париждегі (Франция) әлем кубогі кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, біздің спортшылар командалық сындағы еркін бағдарламада үшінші орыннан көрінді. 

Қазақстан құрамасы 253.6353 ұпаймен үздік үштікті түйіндесе, Жапония 323.3207 ұпаймен алтын, Канада 297.5853 ұпаймен күміс медаль иеленді. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Наргиза Болатова мен Эдуард Ким аралас жұптық сында алтын медаль алған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға