Жаңалықтар

Ежелгі грек театрының құрылысы

Афиныда алғашқы қойылымдар қала алаңдарының бірінде қойылып, көрермендерге арнап уақытша тақтайша үстелдер (оның биіктігі бар болғаны 38 см болды) орнатылған. Бірақ театрға халық көп жиналғандықтан, ол көпке шыдамай қирап қалады. Бұл оқиғадан кейін халық жиналысының шешімі бойынша Афины қамалының оңтүстігінде, дәлірек айтқанда Акропольде үлкен театр салынады. Театрдың негізі диаметрі 27 метрден тұратын тапталған дөңгелек жерді алды. Ортада Диониске құрбандық шалатын жер болды. Ежелгі грек театры қорған қызметін атқарған қаланың жоғарғы бөлігі Акрополь аумағында орналасқан. Грек қоғамының гүлденген дәуірінде театр өнері дамып, ол тек Дионис құдайдың құрметіне арнап қойыла бастады. «Ұлы Дионисийде» табиғат қысқы ұйқысынан оянып, дүние жаңғырған кезеңде Шығыс еліне тәрбиеленуге жіберілген Дионистың отанына оралуы қойылым түрінде көрсетілді. Осыдан еуропалық «карнавал» сөзі бастау алды (латын тілінде carrus navalis – «кеме арбасы» деген мағынаны білдіреді). Бұл мереке 6 күн бойына тойланды. Бірінші күні Дионис статуясын бір храмнан екінші храмға апаратын салтанатты шеру өтеді. Ол қолдарына пүлішке оранған найза ұстаған вакх, сатира, менад, бассаридтердің салтанатты шеруінен басталған. Мерекелік шеруге қатысушылардың бәрі би билеп, дифирамбтар мен фалликалық әндерді орындаған. Ал қалған күндері поэтикалық сайыстар өткізілді; 2-3 күндер – лирикалық хор дифирамбыларына; соңғы 3 күн – драмалық ойындарға бөлінді. Трагедиялық ойындар шамамен алғанда б.з.б. 534 жылы қойылса, комедиялық ойындар б.з.б 488-486 жылдары қойылды. «Ұлы Дионис» мерекесіне арналған тәртіп бойынша трагедиялық сайысқа үш драматург қана қатыса алды және ол тек үш трагедия немесе сатиралық драмасын ғана қоя алатын болды. Ал комедиялық сайыстарда ақын бір пьесасын ғана қойды. Ақын өз драмасында режиссер да, балетмейстер де, актер де болды. Ақындардың сайысқа қатысуын мерекені басқаратын архонт (үкімет мүшесі) белгілеп отырды. Осылайша, үкімет пьесаларға идеологиялық тұрғыда бақылау жасап отырды деп айтуға болады. Драманы қоюға қажетті шығынды бір дәулетті адам өз мойнына алып отырды және ол хорег (хор жетекшісі) болып тағайындалды. Хорег трагедия үшін 12 адамнан (кейін 15 адамнан) тұратын, ал комедия үшін 24 адамнан тұратын хор орындаушыларды таңдап алды. Хор орындаушылар репитиция өткізетін ғимараттың, сайысқа қажетті костюмдерінің ақшасын хорег төледі. Қойылымның ерекше сәнді, салтанатты өтуі хорегтің жомарттығына байланысты болды. Драмада үш актер ойнаса, негізгі рөлді ойнайтын актер – протагонист, екінші актер – девтерагонист, үшінші актер – тритагонист деп аталды. Ақынның хорегі кім болатындығы, негізгі актеры кім болатындығы архонт басқарған халық жиналысында жеребе тастау арқылы шешіліп отырды Драмалық сайыста әділқазылар алқасы 10 адамнан тұрды, яғни әрбір афиндық округтың бір өкілі қатысуға тиіс болды. Олар сайыстың басында алдын-ала жасалған тізім бойынша жеребе тастау арқылы анықталды. Афины театры үш ярустан тұрды және 78 қатары болды. Онда бір мезгілде 14 мыңнан 17 мың адамға дейін қойылымды тамашалай алатын болған. Бірінші қатарда мрамордан жасалған 76 орын болды. Мұнда әдетте абыздар, архонттар, әртүрлі лауазымды қызметкерлер мен құрметті қонақтар отырды. Алдыңғы қатардағы креслолардың бәрі атаулы болды, яғни олардың иесі болды. Скульптуралық суреттеулермен, балдахиндермен әшекейленген орталық алаңды Дионис құдайдың абызы иеленді. Ежелгі грек театры мынадай негізгі бөліктерден тұрды: орхестра, трибуна, проскения, скена. Драмалық және лирикалық хор орындалатын орхестра («пляскаға арналған алаң») театрдың негізгі бөлігі болып табылды. Демек, орхестрада хор орындаушылар мен актерлар өз өнерлерін көрсеткен. Ол 24 метр диаметрден тұратын дөңгелек тапталған жерді алды, екі жағында көрермендер кіретін есік болды. Актерлар мен хор орындаушылар түрлі маскалар киіп ойнады. Бұл оларды әртүрлі мимикалар жасаудан құтқарса, ал көрермендердің актерлар сомдап отырған образдарды тануға мүмкіндігі болды. Драмадағы актерлардың саны шектеулі болғандықтан, актерлар масканың көмегімен бірнеше рөлді, соның ішінде әйел адамның рөлін де ойнай алды. Трагедияны актерлар абыздар салтанатты жиындарда киетіндей ұзын киімдер киіп ойнады, ал комедиялар мен сатиралық драмаларды ойнағанда актерлар қарапайым, әдеттегі киімдерін киіп ойнай берді. Құдайлар адамдардан биігірек, ұзын болды деп түсінгендіктен трагедиялық актерлар аяқтарына биік өкшелі аяқ киім – котурн киіп ойнады. Ал барлық афиндықтар – көрермендер болып табылды. Мемлекет тарапынан театрға келу үшін арнайы ақша бөлініп, көрермендерге отыратын орындары көрсетілген металдан жасалған нөмірлер берілді. Қойылымдар таңертең басталып, кешке дейін созылатындықтан (трагедиялар үш күн қатарынан қойылды) көрермендер өздерімен бірге тамақтарын алып келді
03.10.2013 03:42 8610

Афиныда алғашқы қойылымдар қала алаңдарының бірінде қойылып, көрермендерге арнап уақытша тақтайша үстелдер (оның биіктігі бар болғаны 38 см болды) орнатылған. Бірақ театрға халық көп жиналғандықтан, ол көпке шыдамай қирап қалады. Бұл оқиғадан кейін халық жиналысының шешімі бойынша Афины қамалының оңтүстігінде, дәлірек айтқанда Акропольде үлкен театр салынады. Театрдың негізі диаметрі 27 метрден тұратын тапталған дөңгелек жерді алды. Ортада Диониске құрбандық шалатын жер болды. Ежелгі грек театры қорған қызметін атқарған қаланың жоғарғы бөлігі Акрополь аумағында орналасқан. Грек қоғамының гүлденген дәуірінде театр өнері дамып, ол тек Дионис құдайдың құрметіне арнап қойыла бастады. «Ұлы Дионисийде» табиғат қысқы ұйқысынан оянып, дүние жаңғырған кезеңде Шығыс еліне тәрбиеленуге жіберілген Дионистың отанына оралуы қойылым түрінде көрсетілді. Осыдан еуропалық «карнавал» сөзі бастау алды (латын тілінде carrus navalis – «кеме арбасы» деген мағынаны білдіреді). Бұл мереке 6 күн бойына тойланды. Бірінші күні Дионис статуясын бір храмнан екінші храмға апаратын салтанатты шеру өтеді. Ол қолдарына пүлішке оранған найза ұстаған вакх, сатира, менад, бассаридтердің салтанатты шеруінен басталған. Мерекелік шеруге қатысушылардың бәрі би билеп, дифирамбтар мен фалликалық әндерді орындаған. Ал қалған күндері поэтикалық сайыстар өткізілді; 2-3 күндер – лирикалық хор дифирамбыларына; соңғы 3 күн – драмалық ойындарға бөлінді. Трагедиялық ойындар шамамен алғанда б.з.б. 534 жылы қойылса, комедиялық ойындар б.з.б 488-486 жылдары қойылды. «Ұлы Дионис» мерекесіне арналған тәртіп бойынша трагедиялық сайысқа үш драматург қана қатыса алды және ол тек үш трагедия немесе сатиралық драмасын ғана қоя алатын болды. Ал комедиялық сайыстарда ақын бір пьесасын ғана қойды. Ақын өз драмасында режиссер да, балетмейстер де, актер де болды. Ақындардың сайысқа қатысуын мерекені басқаратын архонт (үкімет мүшесі) белгілеп отырды. Осылайша, үкімет пьесаларға идеологиялық тұрғыда бақылау жасап отырды деп айтуға болады. Драманы қоюға қажетті шығынды бір дәулетті адам өз мойнына алып отырды және ол хорег (хор жетекшісі) болып тағайындалды. Хорег трагедия үшін 12 адамнан (кейін 15 адамнан) тұратын, ал комедия үшін 24 адамнан тұратын хор орындаушыларды таңдап алды. Хор орындаушылар репитиция өткізетін ғимараттың, сайысқа қажетті костюмдерінің ақшасын хорег төледі. Қойылымның ерекше сәнді, салтанатты өтуі хорегтің жомарттығына байланысты болды. Драмада үш актер ойнаса, негізгі рөлді ойнайтын актер – протагонист, екінші актер – девтерагонист, үшінші актер – тритагонист деп аталды. Ақынның хорегі кім болатындығы, негізгі актеры кім болатындығы архонт басқарған халық жиналысында жеребе тастау арқылы шешіліп отырды

Драмалық сайыста әділқазылар алқасы 10 адамнан тұрды, яғни әрбір афиндық округтың бір өкілі қатысуға тиіс болды. Олар сайыстың басында алдын-ала жасалған тізім бойынша жеребе тастау арқылы анықталды. Афины театры үш ярустан тұрды және 78 қатары болды. Онда бір мезгілде 14 мыңнан 17 мың адамға дейін қойылымды тамашалай алатын болған. Бірінші қатарда мрамордан жасалған 76 орын болды. Мұнда әдетте абыздар, архонттар, әртүрлі лауазымды қызметкерлер мен құрметті қонақтар отырды. Алдыңғы қатардағы креслолардың бәрі атаулы болды, яғни олардың иесі болды. Скульптуралық суреттеулермен, балдахиндермен әшекейленген орталық алаңды Дионис құдайдың абызы иеленді. Ежелгі грек театры мынадай негізгі бөліктерден тұрды: орхестра, трибуна, проскения, скена. Драмалық және лирикалық хор орындалатын орхестра («пляскаға арналған алаң») театрдың негізгі бөлігі болып табылды. Демек, орхестрада хор орындаушылар мен актерлар өз өнерлерін көрсеткен. Ол 24 метр диаметрден тұратын дөңгелек тапталған жерді алды, екі жағында көрермендер кіретін есік болды. Актерлар мен хор орындаушылар түрлі маскалар киіп ойнады. Бұл оларды әртүрлі мимикалар жасаудан құтқарса, ал көрермендердің актерлар сомдап отырған образдарды тануға мүмкіндігі болды. Драмадағы актерлардың саны шектеулі болғандықтан, актерлар масканың көмегімен бірнеше рөлді, соның ішінде әйел адамның рөлін де ойнай алды. Трагедияны актерлар абыздар салтанатты жиындарда киетіндей ұзын киімдер киіп ойнады, ал комедиялар мен сатиралық драмаларды ойнағанда актерлар қарапайым, әдеттегі киімдерін киіп ойнай берді. Құдайлар адамдардан биігірек, ұзын болды деп түсінгендіктен трагедиялық актерлар аяқтарына биік өкшелі аяқ киім – котурн киіп ойнады. Ал барлық афиндықтар – көрермендер болып табылды. Мемлекет тарапынан театрға келу үшін арнайы ақша бөлініп, көрермендерге отыратын орындары көрсетілген металдан жасалған нөмірлер берілді. Қойылымдар таңертең басталып, кешке дейін созылатындықтан (трагедиялар үш күн қатарынан қойылды) көрермендер өздерімен бірге тамақтарын алып келді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға