Жаңалықтар

Спектакль

Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін — бәрі баратын. Театралогия немесе жеке драма жазған драматург мейрамды ұйымдастырушы архонттан хор сұрайды. Архонт оны бай азаматтардан таңдалып алынған мемлекеттік міндет ретінде хор жинау, оны үйрету, мейрамнан кейінгі асты ұйымдастыру жүктелген хорегке тапсырады. 10 антикалық филдерден қазылар алқасы құрылады. Үш күндік байқаудан кейін жеребе бойынша таңдалып алынған 5 қазы соңғы шешімді шығарады. Үш жеңімпаз ақшалай марапатталған, бірақ шырмауық ағашының жапырақтарынан тоқылған тәжді тек бас жүлдеге ие болған драматургке кигізген. Бұл театр байқауында үшінші орын алу жеңілумен тең болды. Байқауға тек жаңа шығармалар қатысатын, ал егер де біреу бұрын қойылған ескі шығармасын ұсынса, ол байқаудан тыс көрсетілген. Актер-протагонист үлкен кұрметке ие болып, тіпті мемлекеттік тапсырмаларды да орындаған. Екінші және үшінші актерлер тікелей бірінші актерге міндетті болып, одан акы алып тұрған. Ақындар, хорегтер ,және басты рөл ойнаған актер- протагонистердің есімі арнайы актілерге жазылып, мемлекеттік архивте сақталған. Б.з.д. IV ғасырдан бастап же4ім- паз-драматургтердің есімі дидаскалийлерге — мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім — котурныларды (20—ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды. Ежелгі грек театры – Антикалық театрдің бірі, кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Бұл күндері халық жұмыстан босатылып, мереке тойлау шараларына қатысуға міндетті болған. Афиныда Перикл басқарған кезінде кедейлерге театрге келуге қажетті қаражат бөлініп те отырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін грек театры жөнінде рим сәулетшісі Витрувийдің б.з.б. 25 жылдар шамасында жазылған «Сәулет туралы» трактатында жазылғаннан басқа мәліметтер болған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде әр дәуірдегі грек театрлары жөнінде толыққанды деректер жеткілікті. Мың жылдан астам тарихы бар және географиялық аумағы бойынша Жерорта өзенінің бассейнін түгелдей дерлік қамтып жатқан антикалық театр құдіретті де біртұтас жүйе болып табылады. Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай: Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы). Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы). Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.). Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі. Дионис (Вакх құдайдың екінші аты) – грек мифологиясындағы жүзім мен шарап құдайы, Зевс пен фивы ханшайымы Симеланың ұлы, антикалық құдайлар пантеонындағы ең құдіретті құдайлардың бірі, солып бара жатып қайта жанданған табиғат белгісі. Диониспен мифологиялық мағынаға сәйкес келетін: мысырлық құдайлар Осирис, Серапис және Амон, ежелгі ирандық Митра, Адонис, римдік Либерді атауға болады. Дионис қайғылы құдайлар қатарына жатқан. Б.з.б. 534 жылы Афины билеушісі тиран Писистрат Дионис культін мемлекеттік мейрам қатарына енгізу туралы шешім қабылданғаннан бастап Дионис құдай құрметіне жасалған мерекелер жыл сайын өткізілетін болды. Аңыз бойынша Дионис Аттикаға бірінші рет келіп, жұртқа шарап таратқанда Афины халқы «бізді улағысы келіп тұр» деп түсініп, оны өлтіріп тастайды. Өз әрекеттерінің дұрыс еместігін кеш түсінген афиндықтар кешірім алу үшін көптеген құрбандықтар шалып, Дионис құдайдың құрметіне арнап мерекелер ұйымдастырып, сайыстар өткізеді. Соның бірі – сахналық қойылымдар болды. Алғашында драмалық қойылымдар б.з.б. ІV ғасырдың аяғында Афинының орталық алаңында, қасиетті қара еменнің жанында ағаштан жасалған сахнада қойылды. Бірақ халық көп жиналғандықтан ағаш сахналар қирап қалды. Сол себепті б.з.б. ІҮ ғасырда Ликург дәуірінде көрермендерге арналған ағаш орындықтар тас орындықтарға ауыстырылды. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі.
03.10.2013 03:40 4524

Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін — бәрі баратын. Театралогия немесе жеке драма жазған драматург мейрамды ұйымдастырушы архонттан хор сұрайды. Архонт оны бай азаматтардан таңдалып алынған мемлекеттік міндет ретінде хор жинау, оны үйрету, мейрамнан кейінгі асты ұйымдастыру жүктелген хорегке тапсырады. 10 антикалық филдерден қазылар алқасы құрылады. Үш күндік байқаудан кейін жеребе бойынша таңдалып алынған 5 қазы соңғы шешімді шығарады. Үш жеңімпаз ақшалай марапатталған, бірақ шырмауық ағашының жапырақтарынан тоқылған тәжді тек бас жүлдеге ие болған драматургке кигізген. Бұл театр байқауында үшінші орын алу жеңілумен тең болды. Байқауға тек жаңа шығармалар қатысатын, ал егер де біреу бұрын қойылған ескі шығармасын ұсынса, ол байқаудан тыс көрсетілген. Актер-протагонист үлкен кұрметке ие болып, тіпті мемлекеттік тапсырмаларды да орындаған. Екінші және үшінші актерлер тікелей бірінші актерге міндетті болып, одан акы алып тұрған. Ақындар, хорегтер ,және басты рөл ойнаған актер- протагонистердің есімі арнайы актілерге жазылып, мемлекеттік архивте сақталған.

Б.з.д. IV ғасырдан бастап же4ім- паз-драматургтердің есімі дидаскалийлерге — мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім — котурныларды (20—ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды. Ежелгі грек театры – Антикалық театрдің бірі, кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Бұл күндері халық жұмыстан босатылып, мереке тойлау шараларына қатысуға міндетті болған. Афиныда Перикл басқарған кезінде кедейлерге театрге келуге қажетті қаражат бөлініп те отырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін грек театры жөнінде рим сәулетшісі Витрувийдің б.з.б. 25 жылдар шамасында жазылған «Сәулет туралы» трактатында жазылғаннан басқа мәліметтер болған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде әр дәуірдегі грек театрлары жөнінде толыққанды деректер жеткілікті. Мың жылдан астам тарихы бар және географиялық аумағы бойынша Жерорта өзенінің бассейнін түгелдей дерлік қамтып жатқан антикалық театр құдіретті де біртұтас жүйе болып табылады. Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай:

  1. Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы).
  2. Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы).
  3. Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.).
  4. Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі.

Дионис (Вакх құдайдың екінші аты) – грек мифологиясындағы жүзім мен шарап құдайы, Зевс пен фивы ханшайымы Симеланың ұлы, антикалық құдайлар пантеонындағы ең құдіретті құдайлардың бірі, солып бара жатып қайта жанданған табиғат белгісі. Диониспен мифологиялық мағынаға сәйкес келетін: мысырлық құдайлар Осирис, Серапис және Амон, ежелгі ирандық Митра, Адонис, римдік Либерді атауға болады. Дионис қайғылы құдайлар қатарына жатқан. Б.з.б. 534 жылы Афины билеушісі тиран Писистрат Дионис культін мемлекеттік мейрам қатарына енгізу туралы шешім қабылданғаннан бастап Дионис құдай құрметіне жасалған мерекелер жыл сайын өткізілетін болды. Аңыз бойынша Дионис Аттикаға бірінші рет келіп, жұртқа шарап таратқанда Афины халқы «бізді улағысы келіп тұр» деп түсініп, оны өлтіріп тастайды. Өз әрекеттерінің дұрыс еместігін кеш түсінген афиндықтар кешірім алу үшін көптеген құрбандықтар шалып, Дионис құдайдың құрметіне арнап мерекелер ұйымдастырып, сайыстар өткізеді. Соның бірі – сахналық қойылымдар болды. Алғашында драмалық қойылымдар б.з.б. ІV ғасырдың аяғында Афинының орталық алаңында, қасиетті қара еменнің жанында ағаштан жасалған сахнада қойылды. Бірақ халық көп жиналғандықтан ағаш сахналар қирап қалды. Сол себепті б.з.б. ІҮ ғасырда Ликург дәуірінде көрермендерге арналған ағаш орындықтар тас орындықтарға ауыстырылды. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға