Жаңалықтар

Қазақстан мемлекет атауын өзгертуі тиіс!

Америкалық «Вашингтон пост» басылымында жарық көрген халықаралық блоггер Макс Фишердің «Yes, Kazakhstan should change its name. This map shows why» атты мақаласын қазақшаға аударып, жариялап отырмыз.
21.02.2014 11:24 6592

Америкалық «Вашингтон пост» басылымында жарық көрген халықаралық блоггер Макс Фишердің «Yes, Kazakhstan should change its name. This map shows why» атты мақаласы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан атауын "Қазақ елі" деп өзгерту туралы ұсынысы хақында жазылыпты. Америкалық автордың жазбасын қазақшаға аударып, жариялап отырмыз. 

Қазақстан мемлекет атауын өзгертуі тиіс!

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқарып отырған мемлекет атауын «Қазақ елі» деп өзгертуді ұсынды. Президенттің айтуынша, бұл өзгерістен кейін инвесторлар мен туристердің дені мемлекеттің қауіпсіздігіне сеніммен қарайтын болады.

Президент ел атауын өзгертудің бір себебі басқа Орта Азия мемлекеттері сияқты «стан» жалғауымен аяқталатындығымен байланысты екендігін айтты. Сондай-ақ, бүгінде екі миллионға жуық халқы бар Моңғолияға туристер үлкен қызығушылық танытып отыр және оның себебі «стан» жалғауының болмауы деп түсіндірді. Осыған байланысты уақыт өте Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгертуі мүмкін, алайда біз бұл өзгерісті халықпен ақылдасамыз деген тоқтамға келді.

Алғаш естіген адам үшін бұл ақпарат қисынсыз болып көрінуі әбден мүмкін. Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұл қадамға Монғолиямен бәсекелесу үшін, немесе сырттан қаржы тарту үшін ғана барып отырған жоқ, оның мәні тереңде жатыр.

Қазақстан «қазақ жері» деген мағынаны білдіреді, мемлекеттің басым бөлігін әртүрлі этникалық топ өкілдері құрайды. Ал Н.Назарбаевтың ұсынысына келсек, «Қазақ елі» «қазақтың мемлекеті» дегенді білдіреді екен. Инвесторлардың Ауғанстан, Пәкістан сияқты «станы» бар елдерге назары ауа бермейтінін де ескерген болса керек. Әрине, тек маркетинг үшін бүтін бір елдің атауын өзгерту күлкілі жағдай. Бірақ, Қазақстан үшін дәл қазір одан да маңызды себептер бар, оның дәлелі ретінде Орта Азияның этнографиялық картасын мысалға алуға болады:

Қазақстан мемлекет атауын өзгертуі тиіс!

Картада түрлі-түсті белгілер бірнеше этникалық топтардың үлес салмағын көрсетеді. Ең үлкен бөлікті алып жатқан күлгін түс қазақтардың үстемдігін көрсетеді. Ал одан кейінгі үлкен бөлікті алып жатқан жасыл түс орыстардан құралған этникалық топ. Бұл картада 1992 жылғы мәлімет көрсетілген, ал 2009 жылы жүргізілген халық санағы бойынша 24 пайызды орыстар, 63 пайызды қазақтар құрайды екен. Қалған 13 пайызды Орта Азия елдерінің әртүрлі этникалық топтары мен поляк және неміс сияқты еуропалық топтар құрайды. Демек Қазақстан қазіргі жағдайда этникалық топтардан едәуір алшақтап, ұлттық тұтастықты қалайды. Орыс тілі бүгінде тек ресми тіл ретінде ғана қолданылады. Халықтың басым бөлігі мұсылмандар, алайда православие дінін ұстанатын топ та жетерлік. Қазақстан этникалық тұрғыда да, діни тұрғыда да алуан түрлі мемлекет, сондықтан ел бірегейлікті, ортақ атауды қажет ететіні сөзсіз.

Тарихта мемлекеттің атауын өзгертуге байланысты оқиғалар болған. Мәселен, 1989 жылы Бирманың әскери үкіметі елдің атауын Мьянмаға өзгертуге шешім қабылдады. Бирма да Қазақстан сияқты этникалық және діни тұрғыдан қарағанда алуан түрлі ел. Алайда, қазіргі таңға дейін көптеген белсенді топтар мен батыстық БАҚ Мьянма атауын мойындамайды, себебі олар Мьянма үкіметінің билігін легитимді емес деп санайды.

Тағы бір мысал ретінде Тайланд мемлекетін алуға болады. Халықтың көп бөлігін құрайтын тай халқының тегінен шыққан Тайланд атауын екі мәрте өзгерткен. Тарихи себептерге байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия империясын біріктіру үшін Сиам атауы қолданылды. 1939 жылы Сиам атауын Тайландқа өзгертті, ол тай тілінде сөйлейтін көпшілік халықтың есімімен байланысты болды. Тілге қатысты тазалық жұмыстары жүргізіліп, қытай мектептері мен баспасөздері жабылды. Алайда, әскери үкімет биліктен кеткеннен кейін Сиам атауы қайтып оралды. 1948 жылы тай әскери үкіметі билікке қайтып келгенде елдің атауы екінші мәрте Тайланд деп өзгертілді.

Сиамдағы сол жағдай дәл қазіргі Қазақстандағы өзгеріске ұқсайды. Қазақстанда қазақ ұлты басым, сонымен қатар бірнеше ғасыр бойы бір хандыққа этникалық топтарды біріктіріп, басқарушы топқа айналған қазақ этникалық тобы болды. Бұл құбылыс Сиамдағы тайлардың беделіне ұқсайды. Тағы бір себеп 19 ғасырда Орыс империясының Орта Азияны жаулап, этникалық орыстарды қоныстандырып, орыс тілі мен мәдениетін таратуынан қалған қиыншылықтар болып табылады. Бұл процесс 1991 жылға дейін созылды.

Бұл құбылыс Украинада да орын алып отыр, мемлекетте орыстандыру саясатының әсерінен, халықтың халықтың тұтастығы әлсірей түсті. Бірақ Қазақстанда дәл қазір ондай ауыр жағдай орын алып отыр деуге болмайды. Дегенмен, табиғи қазынаға бай, саяси бәсекеде аса белсенді емес Қазақстан үшін ұлттық тұтастықтың тұрақсыз болмауы өте қажет. Қазақстан халқы қазақстандық болу қаупінен қорқады. Сондықтан, мемлекет ең алдымен ұлттық тұтастықты нығайтып алуы қажет.

Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың халықтың пікірімен шешілу керек деген ойын толық қолдауға болады. Бірақ халықтың үштен бір бөлігі қазақ емес екендігін ескеретін болсақ, олар бұл өзгерісті қолдаудан қалыс қалуы әбден мүмкін.

Мақала соңында америкалық автор мынадай қорытындыға келеді: «Жаңа атауға менің қатысым жоқ, алайда бұл елдің тарихы мен мәдениеті көнеден келе жатыр. Мәселен, 5000 мың жыл бұрынғы жылқы малын қолға үйреткен Ботай мәдениеті.  Бұл мәдениет тек Қазақстан тарихында ғана емес, әлем тарихында үлкен рольге ие. Бұл мұрамен шынайы мақтануға тұрарлық!»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға