Жаңалықтар

«TOM: Қазақстан» мейкатоны: үздік жобалар

Жас өнертапқыштар
«TOM: Қазақстан» мейкатоны: үздік жобалар
20.06.2017 11:23 4870

Қазақстандық мейкатон жеңімпаздары сал болып қалған науқас
әйелдің аяқтан тұруына мүмкіндік берді. «TOM: Қазақстан» мейкатонының нәтижесі бойынша ең үздік жобаны жасаған «Кастодианс» командасы жеңіп алды. Олар «Пассивті түрдегі жұмсақ экзоскелет» жасап, мұқтаж жанның арманын орындады.

Инсульт алғаннан кейінгі 10 жылдан бері мүгедектер арбасына таңылып, тек өзгенің көмегі арқылы ғана орнынан тұратын Валентина Толмачеваның арманының орындалуына төрт студенттің септігі тиді. Дегенмен де, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен келген Вячеслав Литвинов пен Эльярбек Ташметов және Алматыдағы Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті өкілдері Данияр Елшібаев пен Дархан Жүнісовтің арқасында Валентинаның аңсаған арманы шындыққа айналды. Бағдарламашылар мен дәрігерлердің осындай симбиозы біздің елімізде баламасы жоқ бірегей өнертабыстың туындауына түрткі болды.

«Біз космонавтикада пайдаланылатын аксиллярлық кернеу костюмдеріне ұқсас пассивті түрдегі жұмсақ экзоқаңқа жасадық. Бұл әзірленген жұмыс  – бір бұлшық еттен қуат алып, басқа бөлігіне жеткізу арқылы дене мүшесінің белгілі бір аймақтарында керіліс тудыратын ленталар арқылы өзара байланысқан корсеттер жүйесі. Жалпақ тілмен айтқанда, кезінде семіп қалған дене мүшелерінің қызметінің қайта қалпына келуіне әсер етеді»,- деп Вячеслав Литвинов жобаны сипаттады.

Валентина Толмачева костюмнің жұмыс прототипін сынап көрді, тіпті ешкімнің көмегінсіз-ақ алғашқы қадамдарын өзі жасады. «Бұл бізді өте қуанышты етті, тіпті осындай нәтижеге қол жеткіземіз деп күткен де жоқпыз. Біз костюмді Валентинаға береміз, әрі үнемі онымен байланыста боламыз»,- деді дәрігер-өнертапқыш.

Бұл жас өркендер Омбы қаласындағы «Әлеуметтік саладағы инновациялық орталық» ОӨҚҰ қабырғасында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша білімдерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Омбы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы – әлеуметтік инновацияларды енгізуші кәсіпкерлерді қолдау тұрғысында Ресейдегі көшбасшы.  Көрші елде жеңімпаздарды қауырт бағдарлама күтіп тұр: олар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша шетелдік және ресейлік тәжірибе туралы семинарларға қатысады; мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық және әлеуметтік оңалту саласындағы әлеуметтік кәсіпорындармен танысады; Омбы Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі клубы тәлімгерлер мүшелерімен кездеседі; «Әлеуметтік капиталды жұмылдыру - әлеуметтік кәсіпкер үшін ресурстар көзі» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің сабақтарына қатысады және т.б.

Мейкатонда 2 орынды Виктор Беляев үшін жасалған «Шопаров буыны деңгейінде ішінара табан ампутациясы болғанда салынатын кебіс әзірлеу» жобасымен Қостанай қаласынан келген «ҚИнЭУ» командасы иеленді. Жастардың өнертабысын көрсету кезінде Виктор еш қиындық сезінбеді. Виктордың жұбайы Татьяна Савенкова көңіл-күйіне ерік беріп ағынан жарылды: «Менің күйеуім үшін осындай шешім жасап бергендеріңізге көп-көп рахмет. Оның күлімсіреп, бақытқа кенеліп, рахаттана қадам басқанын ұзақ уақыттан бері алғаш рет көруім. Мен оны таяққа таянбай жүргеніне көзайым болып тұрмын. Бұл түсім емес екеніне сене алар емеспін».

Команданың әр мүшесі Сулпак компаниясынан 100 мың теңге көлемінде сертификат алды.

Ал 3 орынмен екі команда бөлісті: бірі – Татьяна Савенковаға арнап жасалған «тік лифтілік шкаф» жобасымен  «Неудержимые» командасы (Павлодар және Ақтаулық мейкерлер). Осының арқасында Татьяна басқаларға мұқтаж болмай, заттарын шкафтың кез келген сөресіне қоя алады, өйткені сөре оған «өзі келеді». Ол шкаф өте сыйымды, әрі Татьянаның пәтеріне арнайы жасалғандықтан, интерьеріне сай келіп тұр. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бұл өнертабыс қолдары жетпейтін жоғарыдағы кеңістікті қойма ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 3-ші орынды «Машфак ПМУ» командасы (Павлодар қаласы) Алина Вязоваға арнап жасаған «Қимыл-тірек қозғалыс мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған еден жуатын құрылғы жасау» жобасы алды. Алина басқаларға қарап отырмай жұмыс жасағанды ұнататын адам болғандықтан, өз бетімен еден жуғысы да келеді, алайда әдеттегі құрылғыларда қажетті тірек болмағандықтан оған қолайсыз еді. Швабраның құрастырылуы бұл мәселені шешіп, Алинаның күткені орындалды.

3-ші орын алған командалардың барлық мүшелері Сулпак компаниясынан 50 мың теңге көлемінде сертификат алды.

Сычева Галина Леонидовнаға арнап жасалған «Төменгі үшінші оң жақ жіліншігінің сынық бөлшегінің ампутациясы бар адам үшін аяқ протезін модернизациялау» жобасы үшін, С.Торайғыров атындағы ПМУ арнайы жүлдесімен Семей, Өскемен және Павлодар қалаларының «Гефест» құрама командасы марапатталды. Зейнет жасына жеткеніне қарамастан Галина жобаға қатысудан именген жоқ. Ол өскелең ұрпақпен ортақ тіл табысып, олардың көмектесетіндігіне сенді, әрі сенімі ақталды. Жастармен бірге ол да сыйлыққа планшет алды. Енді міне, Галина шынымен де заманының қарқынына ілесті.

Сонымен қатар, мейкатон қорытындысы бойынша, барлық нидноуерлер «Мойылды» шипажайына жолдама алды.

Жобаға қатысушылардың барлығына кәсіби шеберлік, ынта-жігер танытып және әлеуметтік қызметке белсене араласқандары үшін алғыс сертификаттары табысталды.

ТОМ-Қазақстан жобасы Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің Достар қауымдастығы (ҚР ТАУ ДҚ) және С.Торайғыров атындағы ПМУ ТАУ Достар қауымдастығы Президенті, бизнесмен әрі меценат Александр Машкевичтің қолдауымен жүзеге асырылуда.

TOM: Tikkun Olam Makers - Мүмкіндігі шектеулі адамдарды (need-knowers - нид-ноуерлер) және өнертапқыштарды (makers - мейкерлер) біріктіретін жаһандық қозғалыс. Жоба мәні ерекше адамдардың өмір сүру жайлылығын арттыру.

Жоба мамандарының айтуынша, мейкатондар 2014 жылдан бері өткізілуде. Осы уақыт аралығында 1472 мейкер қатысып, 152 өнертабыс жасалған. 

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 600 мыңнан астам адам өмір сүреді. Бұл деректер таң қалдырады, өйткені біз ол адамдарды көшелерде сирек кездестіреміз. Оларға кейде өз бетімен бауын байлау немесе ас ішу де қиын болады, сондықтан да көбінесе ешкіммен араласпай өмір сүрді. Сол себепті,  мейкатон ТОМ:Kazakhstan тәрізді іс-шаралар біздің елімізде үлкен әлеуметтік маңызға ие.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға