Жаңалықтар

СҚО-да жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

СҚО-да жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.04.2024 14:52 494
Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

WhatsApр чаттарда 27 жасар азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда деген дауыстық хабарламасы тараған.

Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға