Жаңалықтар

Қорылдау қауіпті ме, одан құтылудың жолы қайсы?

Қорылдау қауіпті ме, одан құтылудың жолы қайсы?
Фото: elements.envato.com 01.07.2023 16:30 3201

Қорыл –  бұл ауа ішінара бітелген тыныс алу жолдары арқылы өткенде пайда болатын дыбыс. Ересектердің барлығы дерлік өмірінде кем дегенде бір рет қорылдайды. 30 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың 44%, әйелдердің 28% ара-тұра қорылдайды, 60 жастан асқандардың жартысынан астамы үшін қорылдау қалыпты жағдайға айналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз не үшін қорылдаймыз?

Тыныс алу кезінде ауа мұрын, ауыз және тамақ арқылы өтеді. Егер жол бойында кедергілер туындаса, онда діріл пайда болады. Оның бірқатар себебі бар:

* жұмсақ таңдай мен таңдай тілінің ұлғаюына байланысты;

* бадамша бездері;

* аденоидтер;

* тіл.

Оқи отырыңыз:

Қорылға не әсер етеді?

Оған да бірнеше фактор әсер етуі мүмкін.

Жыныс

Еркектер жиі қорылдайтыны рас, өйткені оларда әдетте кеңірдектің шеміршектері үлкенірек, ал жұмсақ тіндер көлемді болады.

Жас

Жас ұлғайған сайын бұлшықет тонусы төмендейді, жұмсақ тіндер салбырап, бұл өз кезегінде тыныс алу жолдарының тарылуына әкеледі.

Анатомиялық ерекшеліктер

Қорыл көбіне аденоидтардың ұлғаюына, үлкен бадамша безіне немесе тілге байланысты пайда болады, бұл ауаның мұрын мен ауыз арқылы өтуін қиындатады. Сондай-ақ мұрынның қисаюы да ауа ағынын бөгеуге себеп болуы мүмкін.

Тұқым қуалаушылық

Қорыл тұқым қуалайды. Дәлірек айтсақ, қорылдың өзі емес, алдыңғы тармақтағы анатомиялық ерекшеліктер. Сондықтан егер сіздің ата-анаңыз қорылдайтын болса, ол сізге де берілуі әбден мүмкін.

Алкоголь және кейбір дәрі-дәрмектің әсері

Алкоголь, ұйықтататын дәрілер, мазасыздыққа қарсы және басқа да дәрі-дәрмектер орталық жүйке жүйесінің жұмысын тежейді. Олар ауа ағынын бөгейтін бұлшықеттердің тонусын да төмендетеді.

Салмақ

Тыныс алу жолдарында жұмсақ тіндердің көбеюіне артық салмақ та әсер етеді. Толық адамдардың қорылдауға бейім келетіні де сондықтан.

Денсаулық жағдайы

Қорыл суық тию немесе аллергияның өршуі кезінде де пайда болуы мүмкін. Өйткені мұндай сәттерде қабыну мен қан ағымының жоғарылауына байланысты жұмсақ тіндер ісініп, олар өз кезегінде ауаның еркін өтуіне кедергі келтіреді. Осыған ұқсас процесс жүкті әйелдерде де жиі кездеседі, бірақ оларда бұл гормоналды өзгерістерге байланысты.

Ұйқының қанбауы

Аз ұйықтайтын адамдардың бұлшықетіне тонусты ұстап тұру қиындайды. Сол себепті де қатты шаршаған адам қорылдауы мүмкін.

Жату қалпы

Шалқаңызбен жататын болсаңыз, гравитация тыныс алу жолдарын кішірейтеді. Тиісінше ондағы діріл артады.

Қорыл қауіпті ме?

Қорылдың өзі қауіпті емес. Оның дыбысы тітіркендіруі мүмкін, бірақ зияны жоқ. Егер сіз жиі немесе қатты қорылдасаңыз, онда дәрігерге қаралу артық етпейді. Себебі сізде ұйқыдағы апноэ болуы әбден мүмкін. Бұл – адам қысқа уақытқа тыныс алуды тоқтады деген сөз.

Апноэге мыналар кіреді:

* тыныс алудың тоқтауы;

* оянғанда тұншығып жатқандай күй кешу

* жиі ояну

* қатты қорыл.

Күні бойы мынадай күйде жүруіңіз мүмкін:

* қатты шаршау

* концентрацияға қатысты проблема

* көңіл күйдегі ауытқушылық

* оянғанда бастың ауруы.

Ұйқыдағы апноэ емделмесе, оның салдары ауыр болуы мүмкін:

* жоғары қан қысымы;

* инсульт қаупінің жоғарылауы;

* екінші типті қант диабеті;

* жүрек-қан тамырлары аурулары;

* күйзеліс немесе көңіл күйдің бұзылуы;

* жұмыста немесе мектепте зейіннің қиындауы;

* жақындарыңмен қарым-қатынастың бұзылуы.

Қорылды қалай емдеу керек?

Өмір салтын өзгертуден бастаңыз. Қорыл сонда да азаймаса, онда дәрігерге қаралыңыз. Ол ем жолдарын айтып немесе операцияға кеңес беруі мүмкін.

Өмір салтын өзгерту

Мына кеңестер қорылдың алдын алуы мүмкін:

Салмақты қалыпта ұстау

Бір қырмен жатыңыз. Егер ұйықтап жатып бәрібір шалқалап жатып алсаңыз, онда арқаңызға теннис добын қойып қойыңыз.

Төсегіңіздің басын сәл көтеріңіз немесе қосымша кішкене жастық алыңыз.

Алкоголь мен ұйықтататын дәрілерді азайтуға тырысыңыз, ең дұрысы, олардан толықтай бас тартыңыз.

Шылым шегуден бас тартыңыз

Ұйқыңызды қандырыңыз

Ересектер тәулігіне кем дегенде 7 сағат ұйықтауы керек. Балалардың ұйықтау уақыты олардың жасына байланысты. Мектепке дейінгі балалар күніне 10-13 сағат ұйықтаса, бастауыш сыныптар – 9-12, жасөспірімдер 8-10 сағат ұйықтауы керек.

Арнайы құрылғыларды қолданыңыз

Мұрынға немесе ауызға арналған арнайы құрылғылар қорылды бәсеңдетуге көмектеседі.

Мұрын үшін ауа ағынын күшейтетін кеңейткіштер бар. Олар мұрынға жапсырылады.

Ауыз үшін иекті алға қарай итеретін капалар бар немесе тістердің арасында тұратын мундштуктер бар: олар тілді қалыпта ұстауға көмектеседі.

Дегенмен бұл құрылғыларға үйрену үшін аздап уақыт керек болады.

Хирургке қаралыңыз

Операция механикалық кедергілерден құтылу үшін қажет. Бұл дегеніміз:

* увулопалатопластика, яғни таңдай тілінің көлемін азайту;

* септопластика немесе мұрын қисықтығын түзейтін операция;

* тонзиллэктомия немесе бадамша бездерін алып тастау;

* аденоидэктомия немесе аденоидтерді алып тастау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға