Жаңалықтар

«Астана-тәуелсіздік символы» атты фотокөрмесі

«Астана-тәуелсіздік символы» атты фотокөрмесі
06.07.2018 05:58 2819

5 шілдеде «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана-тәуелсіздік символы» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шараны көруге этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жоғары техникалық оқу орнының курсанттары,қала қонақтары мен тұрғындары келді.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы Индира Ибраева барлығын мерекемен құттықтап, жыл сайын елордамыз Астана қаласының мәртебесі өсіп, өркендей беруін тіледі. Халықтық өнер және қолөнер маманы Алтынай Кулжанова құттықтаудан соң «Мәңгілік ел» панносына презентация жасап, Астана қаласының мерейтойына арналып жасалған бұйымның мәнін кеңірек тарқатып, түсіндірді.

Фотокөрмеде этномәдени бірлестіктердің Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап жасаған жұмыстары,атқарған іс-шаралары көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға