Жаңалықтар

Павлодарда кәсіпорын қалалық саябақ жерін заңсыз иемденбек болған

Павлодарда кәсіпорын қалалық саябақ жерін заңсыз иемденбек болған
Фото: ©Pixabay.com 01.05.2024 00:23 634

Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласы паркі аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауданы 1,2 гектар «Металлургтер» паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін «Eurasian Resources Group» компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тікелей бөлінген, - делінген прокуратура таратқан мәліметте.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылып, жер учаскелері мемлекетке қайтарылған, сонымен қатар саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға