Жаңалықтар

Маңғыстауда мемлекеттік қызметте жиырмаға жуық ұлт өкілі қызмет етеді

Маңғыстауда мемлекеттік қызметте жиырмаға жуық ұлт өкілі қызмет етеді
Фото: El.kz 01.05.2024 09:40 372

Маңғыстау өңірінде 225 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Өңірімізде жалпы 2 500 мемлекеттік әкімшілік қызметші болса, оның 20-сы өзге ұлт өкілдері. Оның ішінде орыс, лезгин, әзірбайжан, өзбек, түрікмен, татар, ұйғыр, қарақалпақ, қалмақ, дүнген бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған қызметкерлердің барлығы қазақ тілін меңгерген. Мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді білу басты талап, - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Соның бірі  15 жылға жуық тәжірибесі бар Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаментінде бас маман қызметіндегі Гаухар Асқарова.

Ол 1976 жылы Қарақалпақстан Республикасында дүниеге келген, 2006 жылы Маңғыстау облысына қоныс аударған.

Отбасымызбен бірге Қазақстанға 2006 жылы қоныс аудардық. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды алғаш 2009 жылы Түпқараған аудандық қазынашылық басқармасында бас маман ретінде бастадым. Ұлтым қарақалпақ. Қазақ тілін еркін меңгергенмін және құрметтеймін. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың татулығы, ынтымақтастығы мен бейбітшілігі біздің ең басты байлығымыз, - дейді Гаухар Асқарова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға