Жаңалықтар

Колумбиядағы Гран-Приге отандық шпагашылар қатысады

Колумбиядағы Гран-Приге отандық шпагашылар қатысады
Фото: olympic.kz/ ©Sabirov Sali 01.05.2024 19:08 486

3-6 мамыр аралығында Колумбияның Кали қаласында шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемдік жарысқа Қазақстан командасынан төрт спортшы қатысады. Олар:

Элбмир Алимжанов

Вадим Шарлаимов

Ерлік Сертай

Руслан Курбанов

Гран-при турнирінде командалық жарыс өткізілмейді. Спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді.

Айта кетелік, аталған төрттік биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Семсерлесуден Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет жазғы ойындарға командалық есепте жолдама алған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға