Жаңалықтар

Маңғыстауда ардагерлер арасында жарыс өтті

Маңғыстауда ардагерлер арасында жарыс өтті
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 02.05.2024 00:25 310

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ардагерлер үйінде аудан ақсақалдарының қатысуымен шахмат және дойбыдан жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарыс ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге және ардагерлердің үйінің жұмысын жандандыруға бағытталды. Жарысқа аудан әкімі Рахымжан Шалбаев келіп, мерекемен құттықтап, сәтті ойын тіледі. 

Сайыс алдында ақсақалдар аудан басшысына ауданның дамуы, ұрпақ тәрбиесі және ауыл көшелерін абаттандыру сияқты мәселелер төңірегінде ұсыныстарын айтып, ойларын білдірді. Сондай-ақ тарихи  тұлғаларымызды ұлықтау мәселесі де талқыланды. 

Бұл шара тек шахмат, дойбы ойнап кету емес, сонымен қатар ақсақалдарымыз бен ел ағалары ауданымыздағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын табу үшін ұйымдастырылып отыр. Жастарымыздың болашағы жарқын болып, оларды саналы, тәрбиелі қылып өсіру үшін ақсақалдарымыздың ақылы өте қажет. Сондықтан осындай сайыстарды көптеп ұйымдастыру көзделіп отыр, - деді аудан әкімі Р. Шалбаев өз сөзінде.

Ақсақалдар өзара топқа бөлініп, шахмат пен дойбы ойнады. Білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Жеңімпаздар аудандық ардагерлер кеңесінің дипломымен және кубоктармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға