Жаңалықтар

Қостанай облысындағы ірі өрт тоқтатылды

Орман өрті толықтай сөндірілгеннен кейін оның нақты аумағы мен табиғатқа келтірілген залалы анықталатын болады
Қостанай облысындағы ірі өрт тоқтатылды
Фото: ortcom.kz 07.09.2022 19:37 1016

Басаман және Семиозер ОШММ аумақтарында шыққан өрттің  жалпы ауданы шамамен 43 мың га құрады, деп хабарлайды El.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, ірі өрт басталғаннан бері Қостанай облысының 4 кентінен - Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналыдан  барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Жедел штабтың мәліметінше, 90-ға жуық тұрғын үй өртке оранған. 

Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға