Жаңалықтар

Ерте Темір дәуіріңдегі Орталық Қазақстан

Ерте Темір дәуіріңдегі Орталық Қазақстан Ескерткіштер топографиясы. Бұл кезде Орталық Қазақстанда ең көп таралғаны - обалы қорымдар. Ең ірі обалар: Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Арқарлы, Қу, Қызылтау, Ортау, Актау таулары мен сілемдері аудандарында шоғырланған. Олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының бөктерлерінде, Желдітауда, Тайатқанда, Шұнақта жақсы мәлім, Солтүстік Бетпақдалаға дейін жетіп жатыр. Балқаш өңірінің шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау, Жорга, Көксеңгір тауларында шоғырланып, шығысында Шыңғыс жотасына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста обалы қорымдар Шідерті, Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауындағы жарқабақты тегіс аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің бас жағына орналасқан. Мыс, алтын және басқа металдар өндіру ертедегі темір дәуіріне жатады, олар сонау қола дәуірінде пайда болған. Бұлар — Солтүстік Балқаш өңіріндегі (Тесіктас, Кенелі, Саяқ, Ақоба, Қызылтас, Сорқұдық), Нұра өзенінің бас жағындағы (Алтынсу, Бесшоқы), Атасу өзеніндегі, Баянауыл және Қарқаралы далаларындағы, Ұлытау мен Имантаудағы, ақырында, Жезқазған кенді аймағынын көптеген кеніштеріндегі мыс кенін өндіретін орындар. Есіл өзенінде, Көкшетау тауларында және Бетпақдаланың солтүстік алқаптарында қалайы өндірілген орындар мәлім. Степняк, Бестөбе, Майқайың, Жосалы аудандарының кеніштері алтын өндіретін негізгі орталықтар болған. Орталык Қазақстанның ертедегі темір дәуіріне тән көрнекілік — жартасқа салынған суреттер-петроглифтер. Олардың көпшілігі тастардың жалаңаш тегіс бетгеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың әр түрлі тұлғаларын бейнелейді. Көптеген петроглифтер аңшылыктың, садақшылар шайқасының күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан қамалап аулау сюжеттері. Бұл сюжеттерден жайылып жүрген жабайы және үй хайуандарын, түйе керуендері мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды көруге болады. Жартас бетіндегі гравюралар Ұлытау таулары өңірінен, Қалмаққырылган тауларынан, Сарысу өзенінің оң жағалауынан, Абыралы, Шұнак, Дегелең тауларынан, Нұраның жоғаргы және Өлеңтінің орта ағысынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш маңынан және Солтүстік Бетпақдаланың басқа аудандарынан табылды. Тасмола мәдениеті. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі малшыларының мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялык қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола койнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар обалар — «мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды. Мұндай ескерткіштер қазактың ұсақ шоқылы өңірінен тыс жерлерден, мы- салы, Қазақстаннын шығыс және оңтүстік облыстарынан (Оба, Көктал, Ащысай және Еділ бойы («Үш ағайынды» аңғары) кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі Орталық Қазақстан болып табылады. «Мұртты oбалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас сәулет өнері кешеніне кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұнқыры бар үлкен оба оның негізін құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар, доға тәрізді тас тізбектері қаланған. «Мұртты» обалардың архитектуралық кешені қола дәуірі тайпаларының табынушылық құрылыс өнерінің дәстүрлерін айқын бейнеледі, бірақ сонымен бірге бұл б. з. б. VII—VI ғасырларға және онан кейінгі кезендерге де тән жаңа кұбылыс. Бұрынғы аттың терісі мен басын жерлеу ғұрпынан айырмашылығы — тасты тізбектері бар обалардан өлген адамның аяқ жағына көмілген жылқы қаңқасы табылды. Атын кұрбандыққа шалатын бұл ғұрып күнге табынушылыққа байланысты болса керек. Тасты тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен Күн-құдайға атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету, үнемі «кірер аузы» шығысқа, таңертеңгі күнге қаратып салынатын тас тізбектері сияқты күнге табынушылықтың ерекше белгілері деп топшылауга негіз бар. Ал доға тәрізді тас соқпактар, алыста қалған, Ригведаға сәйкес, күнге арнап Варуна құдай дайындайтын сүрлеумен байланысты болса керек. Тізбектердің ұштарындағы дөңгелек тас кұрылыстар ішіне бата қылу кезінде жағылған оттардың іздері де күнге табынушылықпен байланысты екені шүбәсіз. Өлікке жылқы малын арнау және Күн-кұдайға атты құрбандыққа шалу ғұрыптары көбінесе діни ұгымдардың негізі ретінде Орталық Қазакстанның ежелгі малшылары арасына кеңтараган. Археологиялык деректер және ішінара жазбаша деректерден алынған үзінді мәліметтер Тасмола мәдениеті тайпалары сақтайпаларының қуатты одағы құрамына кіргенін көрсетеді. Қазақстан аумағының басқа аудандарының көпшілігіндегі сияқты, Арал-Ертіс суайрығы аумағын мекендеген тайпалардың да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен де ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларың негізінен Аристей Проконесский жылқыға, қой мен егіздер табыньша бай сансыз көп және даңқты жауынгерлер деп сипаттаған исседондар деп жорамалдауга болады. Басқа авторлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский, олардың шығыс скифтеріне немесе сақтарға жататынын атап көрсетеді. Обаларды қазғандағы материалдар бойынша Тасмола мәдениеті тайпаларының үш даму кезеңі шартты түрде бөлінген. Бірінші кезең б. з. б. VII—VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезен туралы Тасмола-1—5, Қарамұрын-1, Нұрманбет- 4 қорымдары неғұрлым толық мәліметтер береді. Екібастұздан солтүстік-батысқа карай, далалық Шідерті өзенінің оң жағасындағы әр түрлі кезде жерленген Тасмола-1 құрылыстар тобында 19-обаның бейіті мейлінше назар аударарлық болып шықты. Жерден қазылған қабір шүңқырында төселген қамыс үстінде кола айнасы, темір пышағы және қайрақ тасы бар әйел жатты. Осында аттың басы, жауырыны және екі қойдың басы табылды. Аттың басында жүгені бар, ал қайыс жүген әр түрлі қола бұйымдармен сәнделген. Басқа бір обаға (Тасмола-5, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылқының терісі мен басы қойылған. Осы жерден ат ауыздығының бай жиынтығы, таутеке мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекей заттар, салмакты қоңыраулар табылды. Алайда бұл жай ғана құрбан шалу, не арнау ғұрпы емес, қайта жеті ат жегілген «аспан арбасын» жабдықтау салты. Бір ғажабы, Ригведада күн-құдай Сурья нақ жеті алтын түсті бие жегілген күймемен жүреді. Қарамұрын қорымынан (5-оба) жебелердің б. з. б. VII—VI ғасырларға тән жиынтығы, нақ содан — Қазақстан аумағындағы ең ертедегі шұңқырдың бір бүйірін үңгіп қою деп аталатын жерлеу құрылысы табылды, ол неғұрлым кейінгі кезде де таралған. Обага жерленген жауынгерге қоса қайын сапты және екі түрлі — қос канатты ұңғылы және үш қалақты келте қола ұшы бар 46 жебе салынған, жылқы терісінен жасалған қорамсақ көмілген. Нұрмамбет- 4 қойнауындағы жауынгер жерленген бейітте (1-оба) тасмолалық ескерткіштерге тән жер лақат ішінен тақтатастармен шегенделген. Бұл арадан бір бума жебе, мүсінді сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ- қанжар мен сабы сақиналы пышақ ілінген, металдан жасалған құрастыр- малы шомбал белдік табылды. Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді; ұңғылы, кос қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе саңыраукұлақтәріздес қол жылжымас үшін жасалгған қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыздығы және қоладан не мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға тән. Қолданбалы өнерге басын бері бұрып тұрған жолбарыстардың алтыннан соғылган мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрган таутекелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар тоң болып келеді. Б. з. б. VI гасырдың аяғына таман «зоологиялық шытырман» стиліндегі көп мүсінді композициялар пайда бола бастайды. Тасмола-5 қорымындагы 3-обадан табылған мүйіз тағадағы бұл сюжет Еуразияда өте-мөте сирек кездеседі және бұган алыстағы Туваның сол уақыттардагы Алды-бел ескерткіштерінен табылған заттар ғана ұксас келуі мүмкін. Түйірлеу мен көмкерудің күрделі де нәзік әдісімен безендірілген жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан-1). Кейінірек Тынық мұхитган Шығыс Еуропаға дейінгі орасан зор аумаққа тараған полихромды стиль деп аталатын стильдің техникасы шыға бастады. Археологиялык материал Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәдениетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірмен таныс болғандығын көрсетеді. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Екінші кезенде (б. з. б. V—III ғасырлар) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды. Жерлеу жоралғыларының кейбір бөліктері ғана өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғүрпы жойылды. Қару-жарақ, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Садақтың күрделірек және алысқа ататын құрылымына байланысты жебелердің бұрынғы түрлерінің орнына қоладан жасаған ұңғылы, канды басы үш қырлы стандартты жебе ұштары шықты. Темір анағұрлым кең пайдаланыла бастады. Одан бәйегі мүйізше сияқтанған семсерлер, ұштары иіліп дөңгелетілген ауыздықтар жасалынды. Б. з. б. III ғасырда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда да темір қоланы ығыстыра бастады. Дөңгелегінің кенересінде биік жиекшесі бар, қоладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын айналар шықты, айналардың саптары мен басқа да іс кажетгеріне арналған заттар «аң» стилінде жасалынған бейнелермен безендірілген. Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжеттік желінің бірі — андардың таласуы, жыртқыштардың шабуыл жасау көріністері болып, жануарлар дүниесінің реалистік бейнелерін стильдік және схемалық тұрғыдан бейнелеу терендей түсті. Қорғантас қойнауынан табылған тікбүрышты қола тоғадагы барақ итгің бұғыны бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартарлық орнекке айналдырылған. Сонымен бірге жерлеу кешендерінде негұрлым ерте кезде тараған бүйымдар тобы сақталып калды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған құрбандық кұралдары және қайрақтастар ерекше көрінеді. Орталық Қазақстандагы ежелгі малшылар тұрмысында ағаш және металл ыдыстар кең орын алған болуы ықтимал. Тас тізбекті обалар кешендерінде қыш ыдыстар кездеспейді деуге болады. Мұндай ыдыстар жиынтығы Қазақстан аумағының басқа аудандарының ертедегі керамикасынан мүлде өзгеше және сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезендері үшін дәстүрлі. Таспалап жапсыру өдісімен істелген, түбі жайпақ үлкен ыдыстар ғұрыптық ыдыстар болған және жерлеу ғұрпы үшін арнайы жасалған деп топшыланады. Тастан жасалган құрбандық ыдыстары мен қайрақтар Тасмола мәдениетінің бастапқы кезендеріне де, одан кейінгі кезендеріне де тон, олар тек әйелдерді жерлеуге байланысты болады. Олар сопақша бітімді, аласа жиекті құмдак тастан істелген шағын табақ түрінде қырналып жасалады, тегіс келген түбінде тұғырлары, не аяқтары болмайды. Белдікке іліп қоятын тесігі бар құмдақтас қайрақтардың түрі тікбұрышты және ірі келеді. Б. з. б. Ill—I ғасырларда обалардың дәстүрлі түрі сақталган. Алайда жерлеу ғұрпында тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл Нұрмамбет-1, Қарамұрын-2 қорымдарындагы үш құрылыстан айқын көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке каратьш салу, түбі жайпақ, түрі домалаңқы керамикалық ыдыстар жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын ыдыс үлгілері — бұлардың бәрі б. з. б. IV—II ғасырларда Оңтүстік Жайықөңірі мен Батыс Қазақстанды мекендеген сармат тайпаларының жерлеу ғұрпына жақын. Сармат тайпаларының топтары, кейбір зертгеушілердің топшылайтынындай", тек Орта Азияға ғана емес, Солтүстік Қазақстан аумағына да жылжуы мүмкін. Керісінше, Орталық Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандары Жетісуды ертедегі мекендеушілердің ықпалына ұшырады. Олардың қабірлерді ендік бағытта қазып, өліктердің бас жағына қыш ыдыстар, қой еті мен темір пышақтар қойып жерлеу ғұрпы Балқаштың солтүстік-шығыс өңірінің бірқатар ескерткіштерінде (Қайрақтас, Құрбақанас, Жалғызтау) байқалады. Олардан оңтүстік-шығыс аудандарына тән кеселер мен алмұрт бітімдес құмыратүріндегі қыш ыдыстар табылды. Б. з. б. Ill—I ғасырлардың бірқатар ескерткіштерінің тасмолалық шығу тегін керсететін тұтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обалары болып табылады. Оларға ортақ сипат: жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлігін кұрбандыққа шалынатын малдың сүйектеріне арнап бос қою. Жерлеу ғұрыптарындағы осыншама ала-құлалық пен қарама-кайшы корініс б. з. б. I мыңжылдыктың соңғы ғасырларында аймақта орын алған кұрделі, бірақ бөрі бірдей әлі де айқын емес саяси жағдайды бейнелейді. Малшы тайпалар Орталық Азияның батысы мен шығысына көптеп қоныс аударды.[  
05.12.2012 06:07 10922

Ерте Темір дәуіріңдегі Орталық Қазақстан
Ескерткіштер топографиясы. Бұл кезде Орталық Қазақстанда ең көп таралғаны - обалы қорымдар. Ең ірі обалар: Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Арқарлы, Қу, Қызылтау, Ортау, Актау таулары мен сілемдері аудандарында шоғырланған. Олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының бөктерлерінде, Желдітауда, Тайатқанда, Шұнақта жақсы мәлім, Солтүстік Бетпақдалаға дейін жетіп жатыр. Балқаш өңірінің шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау, Жорга, Көксеңгір тауларында шоғырланып, шығысында Шыңғыс жотасына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста обалы қорымдар Шідерті, Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауындағы жарқабақты тегіс аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің бас жағына орналасқан. Мыс, алтын және басқа металдар өндіру ертедегі темір дәуіріне жатады, олар сонау қола дәуірінде пайда болған. Бұлар — Солтүстік Балқаш өңіріндегі (Тесіктас, Кенелі, Саяқ, Ақоба, Қызылтас, Сорқұдық), Нұра өзенінің бас жағындағы (Алтынсу, Бесшоқы), Атасу өзеніндегі, Баянауыл және Қарқаралы далаларындағы, Ұлытау мен Имантаудағы, ақырында, Жезқазған кенді аймағынын көптеген кеніштеріндегі мыс кенін өндіретін орындар. Есіл өзенінде, Көкшетау тауларында және Бетпақдаланың солтүстік алқаптарында қалайы өндірілген орындар мәлім. Степняк, Бестөбе, Майқайың, Жосалы аудандарының кеніштері алтын өндіретін негізгі орталықтар болған. Орталык Қазақстанның ертедегі темір дәуіріне тән көрнекілік — жартасқа салынған суреттер-петроглифтер. Олардың көпшілігі тастардың жалаңаш тегіс бетгеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың әр түрлі тұлғаларын бейнелейді. Көптеген петроглифтер аңшылыктың, садақшылар шайқасының күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан қамалап аулау сюжеттері. Бұл сюжеттерден жайылып жүрген жабайы және үй хайуандарын, түйе керуендері мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды көруге болады. Жартас бетіндегі гравюралар Ұлытау таулары өңірінен, Қалмаққырылган тауларынан, Сарысу өзенінің оң жағалауынан, Абыралы, Шұнак, Дегелең тауларынан, Нұраның жоғаргы және Өлеңтінің орта ағысынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш маңынан және Солтүстік Бетпақдаланың басқа аудандарынан табылды.
Тасмола мәдениеті.
Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі малшыларының мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялык қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола койнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар обалар — «мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды. Мұндай ескерткіштер қазактың ұсақ шоқылы өңірінен тыс жерлерден, мы- салы, Қазақстаннын шығыс және оңтүстік облыстарынан (Оба, Көктал, Ащысай және Еділ бойы («Үш ағайынды» аңғары) кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі Орталық Қазақстан болып табылады. «Мұртты oбалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас сәулет өнері кешеніне кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұнқыры бар үлкен оба оның негізін құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар, доға тәрізді тас тізбектері қаланған. «Мұртты» обалардың архитектуралық кешені қола дәуірі тайпаларының табынушылық құрылыс өнерінің дәстүрлерін айқын бейнеледі, бірақ сонымен бірге бұл б. з. б. VII—VI ғасырларға және онан кейінгі кезендерге де тән жаңа кұбылыс. Бұрынғы аттың терісі мен басын жерлеу ғұрпынан айырмашылығы — тасты тізбектері бар обалардан өлген адамның аяқ жағына көмілген жылқы қаңқасы табылды. Атын кұрбандыққа шалатын бұл ғұрып күнге табынушылыққа байланысты болса керек. Тасты тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен Күн-құдайға атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету, үнемі «кірер аузы» шығысқа, таңертеңгі күнге қаратып салынатын тас тізбектері сияқты күнге табынушылықтың ерекше белгілері деп топшылауга негіз бар. Ал доға тәрізді тас соқпактар, алыста қалған, Ригведаға сәйкес, күнге арнап Варуна құдай дайындайтын сүрлеумен байланысты болса керек. Тізбектердің ұштарындағы дөңгелек тас кұрылыстар ішіне бата қылу кезінде жағылған оттардың іздері де күнге табынушылықпен байланысты екені шүбәсіз. Өлікке жылқы малын арнау және Күн-кұдайға атты құрбандыққа шалу ғұрыптары көбінесе діни ұгымдардың негізі ретінде Орталық Қазакстанның ежелгі малшылары арасына кеңтараган.

Археологиялык деректер және ішінара жазбаша деректерден алынған үзінді мәліметтер Тасмола мәдениеті тайпалары сақтайпаларының қуатты одағы құрамына кіргенін көрсетеді. Қазақстан аумағының басқа аудандарының көпшілігіндегі сияқты, Арал-Ертіс суайрығы аумағын мекендеген тайпалардың да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен де ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларың негізінен Аристей Проконесский жылқыға, қой мен егіздер табыньша бай сансыз көп және даңқты жауынгерлер деп сипаттаған исседондар деп жорамалдауга болады. Басқа авторлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский, олардың шығыс скифтеріне немесе сақтарға жататынын атап көрсетеді. Обаларды қазғандағы материалдар бойынша Тасмола мәдениеті тайпаларының үш даму кезеңі шартты түрде бөлінген. Бірінші кезең б. з. б. VII—VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезен туралы Тасмола-1—5, Қарамұрын-1, Нұрманбет- 4 қорымдары неғұрлым толық мәліметтер береді. Екібастұздан солтүстік-батысқа карай, далалық Шідерті өзенінің оң жағасындағы әр түрлі кезде жерленген Тасмола-1 құрылыстар тобында 19-обаның бейіті мейлінше назар аударарлық болып шықты. Жерден қазылған қабір шүңқырында төселген қамыс үстінде кола айнасы, темір пышағы және қайрақ тасы бар әйел жатты. Осында аттың басы, жауырыны және екі қойдың басы табылды. Аттың басында жүгені бар, ал қайыс жүген әр түрлі қола бұйымдармен сәнделген. Басқа бір обаға (Тасмола-5, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылқының терісі мен басы қойылған. Осы жерден ат ауыздығының бай жиынтығы, таутеке мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекей заттар, салмакты қоңыраулар табылды. Алайда бұл жай ғана құрбан шалу, не арнау ғұрпы емес, қайта жеті ат жегілген «аспан арбасын» жабдықтау салты. Бір ғажабы, Ригведада күн-құдай Сурья нақ жеті алтын түсті бие жегілген күймемен жүреді.
Қарамұрын қорымынан (5-оба) жебелердің б. з. б. VII—VI ғасырларға тән жиынтығы, нақ содан — Қазақстан аумағындағы ең ертедегі шұңқырдың бір бүйірін үңгіп қою деп аталатын жерлеу құрылысы табылды, ол неғұрлым кейінгі кезде де таралған. Обага жерленген жауынгерге қоса қайын сапты және екі түрлі — қос канатты ұңғылы және үш қалақты келте қола ұшы бар 46 жебе салынған, жылқы терісінен жасалған қорамсақ көмілген. Нұрмамбет- 4 қойнауындағы жауынгер жерленген бейітте (1-оба) тасмолалық ескерткіштерге тән жер лақат ішінен тақтатастармен шегенделген. Бұл арадан бір бума жебе, мүсінді сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ- қанжар мен сабы сақиналы пышақ ілінген, металдан жасалған құрастыр- малы шомбал белдік табылды. Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді; ұңғылы, кос қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе саңыраукұлақтәріздес қол жылжымас үшін жасалгған қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыздығы және қоладан не мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға тән. Қолданбалы өнерге басын бері бұрып тұрған жолбарыстардың алтыннан соғылган мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрган таутекелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар тоң болып келеді. Б. з. б. VI гасырдың аяғына таман «зоологиялық шытырман» стиліндегі көп мүсінді композициялар пайда бола бастайды. Тасмола-5 қорымындагы 3-обадан табылған мүйіз тағадағы бұл сюжет Еуразияда өте-мөте сирек кездеседі және бұган алыстағы Туваның сол уақыттардагы Алды-бел ескерткіштерінен табылған заттар ғана ұксас келуі мүмкін.
Түйірлеу мен көмкерудің күрделі де нәзік әдісімен безендірілген жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан-1). Кейінірек Тынық мұхитган Шығыс Еуропаға дейінгі орасан зор аумаққа тараған полихромды стиль деп аталатын стильдің техникасы шыға бастады. Археологиялык материал Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәдениетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірмен таныс болғандығын көрсетеді. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Екінші кезенде (б. з. б. V—III ғасырлар) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды. Жерлеу жоралғыларының кейбір бөліктері ғана өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғүрпы жойылды. Қару-жарақ, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Садақтың күрделірек және алысқа ататын құрылымына байланысты жебелердің бұрынғы түрлерінің орнына қоладан жасаған ұңғылы, канды басы үш қырлы стандартты жебе ұштары шықты. Темір анағұрлым кең пайдаланыла бастады. Одан бәйегі мүйізше сияқтанған семсерлер, ұштары иіліп дөңгелетілген ауыздықтар жасалынды. Б. з. б. III ғасырда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда да темір қоланы ығыстыра бастады. Дөңгелегінің кенересінде биік жиекшесі бар, қоладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын айналар шықты, айналардың саптары мен басқа да іс кажетгеріне арналған заттар «аң» стилінде жасалынған бейнелермен безендірілген.
Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжеттік желінің бірі — андардың таласуы, жыртқыштардың шабуыл жасау көріністері болып, жануарлар дүниесінің реалистік бейнелерін стильдік және схемалық тұрғыдан бейнелеу терендей түсті. Қорғантас қойнауынан табылған тікбүрышты қола тоғадагы барақ итгің бұғыны бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартарлық орнекке айналдырылған. Сонымен бірге жерлеу кешендерінде негұрлым ерте кезде тараған бүйымдар тобы сақталып калды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған құрбандық кұралдары және қайрақтастар ерекше көрінеді. Орталық Қазақстандагы ежелгі малшылар тұрмысында ағаш және металл ыдыстар кең орын алған болуы ықтимал. Тас тізбекті обалар кешендерінде қыш ыдыстар кездеспейді деуге болады. Мұндай ыдыстар жиынтығы Қазақстан аумағының басқа аудандарының ертедегі керамикасынан мүлде өзгеше және сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезендері үшін дәстүрлі. Таспалап жапсыру өдісімен істелген, түбі жайпақ үлкен ыдыстар ғұрыптық ыдыстар болған және жерлеу ғұрпы үшін арнайы жасалған деп топшыланады.
Тастан жасалган құрбандық ыдыстары мен қайрақтар Тасмола мәдениетінің бастапқы кезендеріне де, одан кейінгі кезендеріне де тон, олар тек әйелдерді жерлеуге байланысты болады. Олар сопақша бітімді, аласа жиекті құмдак тастан істелген шағын табақ түрінде қырналып жасалады, тегіс келген түбінде тұғырлары, не аяқтары болмайды. Белдікке іліп қоятын тесігі бар құмдақтас қайрақтардың түрі тікбұрышты және ірі келеді.
Б. з. б. Ill—I ғасырларда обалардың дәстүрлі түрі сақталган. Алайда жерлеу ғұрпында тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл Нұрмамбет-1, Қарамұрын-2 қорымдарындагы үш құрылыстан айқын көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке каратьш салу, түбі жайпақ, түрі домалаңқы керамикалық ыдыстар жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын ыдыс үлгілері — бұлардың бәрі б. з. б. IV—II ғасырларда Оңтүстік Жайықөңірі мен Батыс Қазақстанды мекендеген сармат тайпаларының жерлеу ғұрпына жақын.
Сармат тайпаларының топтары, кейбір зертгеушілердің топшылайтынындай", тек Орта Азияға ғана емес, Солтүстік Қазақстан аумағына да жылжуы мүмкін. Керісінше, Орталық Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандары Жетісуды ертедегі мекендеушілердің ықпалына ұшырады. Олардың қабірлерді ендік бағытта қазып, өліктердің бас жағына қыш ыдыстар, қой еті мен темір пышақтар қойып жерлеу ғұрпы Балқаштың солтүстік-шығыс өңірінің бірқатар ескерткіштерінде (Қайрақтас, Құрбақанас, Жалғызтау) байқалады. Олардан оңтүстік-шығыс аудандарына тән кеселер мен алмұрт бітімдес құмыратүріндегі қыш ыдыстар табылды. Б. з. б. Ill—I ғасырлардың бірқатар ескерткіштерінің тасмолалық шығу тегін керсететін тұтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обалары болып табылады. Оларға ортақ сипат: жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлігін кұрбандыққа шалынатын малдың сүйектеріне арнап бос қою. Жерлеу ғұрыптарындағы осыншама ала-құлалық пен қарама-кайшы корініс б. з. б. I мыңжылдыктың соңғы ғасырларында аймақта орын алған кұрделі, бірақ бөрі бірдей әлі де айқын емес саяси жағдайды бейнелейді. Малшы тайпалар Орталық Азияның батысы мен шығысына көптеп қоныс аударды.[
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға