Жаңалықтар

Туған әдебиетіміздің тарихын толғағанда

Қазақ ССР Ғылым академиясында қазақ әдебиетінің Гврихын зерттеу проблемаларын талқылаған ғылыми-ісориялық конференция өткізілді. Конференция жумысына рглпубликаның көптеген әдебиет зерттеушілері, сыншылары, іімм иистері, басқа да қоғамдық ғылымдардың өкілдері, партия орындарының жауапты қызметкерлері, жазушылар қатысты. Сонымен  қатар бұл үлкен кеңеске Москвадан және туысқан Республикалардан өкілдер келді. Бес күнге созылған ғылыми-теориялық конференцияның жумысы, жалпы алғанда, маңызды болып өтті деу керек. Қазақ әдебиетінің тарихындағы    сала-сала    мәселелер    көптеген баяндмалар  мен жарыс сөздерде кеңінен әңгімеленді. Тек ауыз әдебиетінің өзі жөнінде бірнеше баяндама жасалды. Революциядан бурынғы қазақ әдебиеті жайында көптеген пікірлер айтылды. Қазақ совет әдебиетінің өсуі, қалыптасуы кнііында, оның социалистік реализм әдісімен қаруланып, творчестволық жаңа биіктерге көтерілуі жөнінде пікір алысулар болды. Қысқасы, қазақтың бурынды-соңды жасалған арғы-бергі әдеби дүниелігіне белгілі дәрежеде шолу жасалынып,  узақ замандар ішінде туып, қалыптасқан мураларды қайта қарап шықкандай болдық. Көп мәселелер жөнінде айта қалғандай жаңа қорытындылар жасала қоймады, соны пікірлер айтыла қоймады дегенмен де, біраз жайларды анықтай түсуге конференцияиыц атқарған қызметі үлкен. Жылдар бойы әр түрлі бағаланып, сан килы өзгеріске ұшырап келген жекелеген ақындар творчествосы жайында неғұрлым тұжырымды да дәл баға айтуға талаптанушылык байқалды. Конференцияның жұмысындагы жалпы бір ерекшелік - біздің әдебиет зерттеушілеріміздің дұние гаііуыпыц да, ғылыми өресінің де өсе түскендігінің айрықша көріпуінде жатыр. Жекелеген жаңсақ пікірлерді елемегенде, баяндамашылардың һәм шешендердің, қай-қайсысы да әдеби мұраларды асырмай да, жасырмай да бағалауға берік бел байлап келгендігін көрсетті. Мұның өзі қазақ әдебиет зерттеуіндегі жаңа леп, жақсылық нышаны демеске болмайды. Әрине бұған қарап, жасалған баяндамалардың бәрі де мінсіз, барлық мәселе қатарынан тізіліп дұрыс шешімін тапқан дей алмаймыз. Айтылмай қалған әңгіме толып жатыр. Ал сөз болып, талқыға түскен мәселелердің бәрі бірдей аталы шешімін, әділ кесімін ала алған жоқ. Дегенмен, көп жайлар бұрынғыға қарағанда анықтала түсті, болашақ зерттеулерге творчестволық, ғылыми бағыт берілді. Ғылыми-теориялық конференция казақ әдебиеті тарихының барлық даулы проблемаларын түгелдей тауысып шешпеді деп наза білдірушілер де жоқ емес. Әрине, ондай жолдастар әдебиет зерттеулері алдындағы ауыр міндеттердің қиындығын есепке ала бермейтіндер. Ғылымның ғылым болып аталу себебінің өзі оның мәселені жан-жақты қарап, кең салыстырып, пайымдап шешетіндігіне байланысты. Жедел қорытындылар, терең зерттелмеген тұжырымдар өткен кезде кейбір кемшіліктер мен қателіктерге ұрындырған. Қазақ әдебиетшілері зерттеу жұмысында кемшіліктерден арылып, нағыз ғылым мұраттары үшін күресіп келеді. Конференцияда бұрынғы-соңғы әдебиеттің талай өкілдері жайында еркін пікір алысылды. Бірақ олардың бәрін бірдей не ақтап, не қаралап, ат үсті үкім шығаруға болмайтыны белгілі. Сол себептен де талай   ақындардың   творчествосын   әлде   де   болса   алдағы уақытта тереңірек зерттеу міндеті қойылды. Шынында, бұл бірден-бір дұрыс бағдар деп санау керек. Өйткені, белгілі бір одебиет қайраткерінің барлық туындыларын жан-жақты қарастырып, сын таразысына салмай тұжырымдау қиянат болар еді. Сол үшін қазақ әдебиетінің зерттеушілері өткен әдебиетіміздің жағдайларын жақсылап ойластыруы шарт. Қазақ совет әдебиеті бүкіл одағымыздағы ең озық, бай әдебиеттердің бірі саналып отыр. Біздің қаламгерлеріміздің таңдаулы туындылары еліміздің оқушы жұртшылығына мәлім. Кейбір шығармалар шетел халықтары тілдеріне аударылған. Қазақтың ең көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясына лениндік сыйлық берілуі каишалықты зор табыстарға жеткендігімізге айқын айғақ. Асқар таудың қадау-қадау ірі шоқылары мен шоқтықтары гөрізді талай талантты қаламгерлеріміз бар. Мәуелі бақшадай жамырай өскен әдебиеттің жас бұтақтары да үлкен мақтанышымыз. Міне, осылардың творчествосы қалай іерттеліп келеді деген мәселеге ғылыми-теориялық копференция зор көңіл бөлді. Шынын айтқанда, қазақ совет жазушыларының шығармалары аса үлкен, теңіздей терең, талқыған бай дүниелік. Бірақ осылардың сын таразысынан етуі, лайығымен бағалануы, халыққа насихатталуы жеткіліксіз. Қазақ совет жазушыларының өткен қырық жыл ішінде жасаған мол туындысы жайында жазылған еңбек тым аз. Әдебиетіміздің ірі өкілдері жайында монографиялық зернеулер көбеюге тиіс. Әдебиеттің жанрының тууын, өсу жолын аңғартатын зерттеулер де аса қажет екендігі атап көрсетілді.
13.11.2013 06:18 2561

Қазақ ССР Ғылым академиясында қазақ әдебиетінің Гврихын зерттеу проблемаларын талқылаған ғылыми-ісориялық конференция өткізілді. Конференция жумысына рглпубликаның көптеген әдебиет зерттеушілері, сыншылары, іімм иистері, басқа да қоғамдық ғылымдардың өкілдері, партия орындарының жауапты қызметкерлері, жазушылар қатысты. Сонымен  қатар бұл үлкен кеңеске Москвадан және туысқан Республикалардан өкілдер келді.

Бес күнге созылған ғылыми-теориялық конференцияның жумысы, жалпы алғанда, маңызды болып өтті деу керек. Қазақ әдебиетінің тарихындағы    сала-сала    мәселелер    көптеген баяндмалар  мен жарыс сөздерде кеңінен әңгімеленді. Тек ауыз әдебиетінің өзі жөнінде бірнеше баяндама жасалды. Революциядан бурынғы қазақ әдебиеті жайында көптеген пікірлер айтылды. Қазақ совет әдебиетінің өсуі, қалыптасуы кнііында, оның социалистік реализм әдісімен қаруланып, творчестволық жаңа биіктерге көтерілуі жөнінде пікір алысулар болды. Қысқасы, қазақтың бурынды-соңды жасалған арғы-бергі әдеби дүниелігіне белгілі дәрежеде шолу жасалынып,  узақ замандар ішінде туып, қалыптасқан мураларды қайта қарап шықкандай болдық. Көп мәселелер жөнінде айта қалғандай жаңа қорытындылар жасала қоймады, соны пікірлер айтыла қоймады дегенмен де, біраз жайларды анықтай түсуге конференцияиыц атқарған қызметі үлкен. Жылдар бойы әр түрлі бағаланып, сан килы өзгеріске ұшырап келген жекелеген ақындар творчествосы жайында неғұрлым тұжырымды да дәл баға айтуға талаптанушылык байқалды. Конференцияның жұмысындагы жалпы бір ерекшелік - біздің әдебиет зерттеушілеріміздің дұние гаііуыпыц да, ғылыми өресінің де өсе түскендігінің айрықша көріпуінде жатыр. Жекелеген жаңсақ пікірлерді елемегенде, баяндамашылардың һәм шешендердің, қай-қайсысы да әдеби мұраларды асырмай да, жасырмай да бағалауға берік бел байлап келгендігін көрсетті. Мұның өзі қазақ әдебиет зерттеуіндегі жаңа леп, жақсылық нышаны демеске болмайды. Әрине бұған қарап, жасалған баяндамалардың бәрі де мінсіз, барлық мәселе қатарынан тізіліп дұрыс шешімін тапқан дей алмаймыз. Айтылмай қалған әңгіме толып жатыр. Ал сөз болып, талқыға түскен мәселелердің бәрі бірдей аталы шешімін, әділ кесімін ала алған жоқ. Дегенмен, көп жайлар бұрынғыға қарағанда анықтала түсті, болашақ зерттеулерге творчестволық, ғылыми бағыт берілді.

Ғылыми-теориялық конференция казақ әдебиеті тарихының барлық даулы проблемаларын түгелдей тауысып шешпеді деп наза білдірушілер де жоқ емес. Әрине, ондай жолдастар әдебиет зерттеулері алдындағы ауыр міндеттердің қиындығын есепке ала бермейтіндер. Ғылымның ғылым болып аталу себебінің өзі оның мәселені жан-жақты қарап, кең салыстырып, пайымдап шешетіндігіне байланысты. Жедел қорытындылар, терең зерттелмеген тұжырымдар өткен кезде кейбір кемшіліктер мен қателіктерге ұрындырған. Қазақ әдебиетшілері зерттеу жұмысында кемшіліктерден арылып, нағыз ғылым мұраттары үшін күресіп келеді. Конференцияда бұрынғы-соңғы әдебиеттің талай өкілдері жайында еркін пікір алысылды. Бірақ олардың бәрін бірдей не ақтап, не қаралап, ат үсті үкім шығаруға болмайтыны белгілі. Сол себептен де талай   ақындардың   творчествосын   әлде   де   болса   алдағы уақытта тереңірек зерттеу міндеті қойылды. Шынында, бұл бірден-бір дұрыс бағдар деп санау керек. Өйткені, белгілі бір одебиет қайраткерінің барлық туындыларын жан-жақты қарастырып, сын таразысына салмай тұжырымдау қиянат болар еді. Сол үшін қазақ әдебиетінің зерттеушілері өткен әдебиетіміздің жағдайларын жақсылап ойластыруы шарт.

Қазақ совет әдебиеті бүкіл одағымыздағы ең озық, бай әдебиеттердің бірі саналып отыр. Біздің қаламгерлеріміздің таңдаулы туындылары еліміздің оқушы жұртшылығына мәлім. Кейбір шығармалар шетел халықтары тілдеріне аударылған. Қазақтың ең көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясына лениндік сыйлық берілуі каишалықты зор табыстарға жеткендігімізге айқын айғақ. Асқар таудың қадау-қадау ірі шоқылары мен шоқтықтары гөрізді талай талантты қаламгерлеріміз бар. Мәуелі бақшадай жамырай өскен әдебиеттің жас бұтақтары да үлкен мақтанышымыз. Міне, осылардың творчествосы қалай іерттеліп келеді деген мәселеге ғылыми-теориялық копференция зор көңіл бөлді. Шынын айтқанда, қазақ совет жазушыларының шығармалары аса үлкен, теңіздей терең, талқыған бай дүниелік. Бірақ осылардың сын таразысынан етуі, лайығымен бағалануы, халыққа насихатталуы жеткіліксіз.

Қазақ совет жазушыларының өткен қырық жыл ішінде жасаған мол туындысы жайында жазылған еңбек тым аз. Әдебиетіміздің ірі өкілдері жайында монографиялық зернеулер көбеюге тиіс. Әдебиеттің жанрының тууын, өсу жолын аңғартатын зерттеулер де аса қажет екендігі атап көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға