Жаңалықтар

«Очерктерде» әдебиеттің әдебиетке әсері

«Очерктерде» әдебиеттің әдебиетке әсері деген мәселе тым атүсті айтылады. Әдебиеттегі барлық жақсылықты тек әсерге ғана теліп қою орынды болмайды. «Орыстың демократиялық мәдениетінің әсері фольклордың (казақ фольклорының Р.Б.) барлық жанрына тарады. Гармонмен қооылып айтатын әнді де, ертекті де, мақалды да қазақтар өзшен ежелден қатар отырған казактар мен жер ауып келген шаруалардан   естіген»   (31-бет).   «Бояушы   бояушы   дегенге сақалын   бояйды»   дегендей,   біздің   зерттеушілеріміз,   тым болмаса,     қазақтың     өз     топырағында     ертектің     шығу мүмкіндігіне   де   күмән   келтіреді.   Мұндай   тұжырымның ғылыммен ешбір қатысы жоқ екендігін дәлелдеудің өзі артық болар  еді.   «Очерктерде»  орынсыз  аналогия  берілетін  жер жалғыз бұл емес. Әрбір ән, күй де қалайда орыс халқының белгілі бір ән-күйімен салыстырылып беріледі. Әрине, біз авторлардың   жақсы   ниетіне   сенеміз.   Олар   қазақ,   орыс халықтарының арасындағы мәдени байланыстың тамырларын көрсетпек болады. Бірақ ол үшін салмақты аргументтердің қажет екенін зерттеушілер ескере бермеген. Міне, кітаптың қайта басылуында осы мәселенің ғылыми дәлелді шешілуін күтеміз. Авторлардың қазақ әдебиеті жөніндегі зерттеулерге соқпай өткенін орынды деуге болмайды. Тіпті  «Очерктерді» оқыған адам қазақ совет ауыз әдебиетінің, ең болмаса, бір өкілі туралы тұтас түсінік ала алмайды. Жамбылдың да, Нүрпейістің де, Доскейдің де өлендері бастан аяк шашырап жатыр. Қазақ совет әдебиетініц атақты импровизаторы Иса Байзақов туралы кітапта мүлде ештеңе айтылмаған. Шынында, Исаның тамаша шығармалары қазак совет ауыз әдебиетінің озық үлгілері емес пе? Не керек, көптен күткен «Очерктер» жұртшылықтың аңсағанындай нәтиже бере алмады. «Очерктің» қайта басылуында жұртшылытың пікірі ескерілуге тиіс деп білеміз. Қазақ әдебиетіиіц тарихын зерттеудің айтылып болмаған жайлары көп. Соңғы жылдардағы баспасөз бетінде басылған мақалалардың бұл мәселеге жұртшылықтың  азарын аударуда маңызы зор болды. Әдебиет тарихы жөнінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының     Тіл      көне     вдебиеі      институтының қызметкерлері үн қатпай келеді. Бұл мәселеге Қазақстандағы орыс ғалымдарының да араласатын уақыты жетті. Әңгіме, жекелеген нигилистердің «шамалауындай» ұлтшылдықта, немесе бейнебір жат идеологияны дәріптеуде емес. Гәп социалистік қазақ ұлтының өзі жасаған әдеби мұрасын әділ бағалауда болып отыр. Партиямыздың XX съезі еліміздегі барлық халықтардың мәдениетін гүлдендіре берудің қажеттігін атап көрсетті. Съезд социализм кезінде әрбір ұлттың мәдениеті өшпей, қайта шарықтап өсуге тиіс екендігін терең шешіп берді. Ендеше, әдебиет тарихын зерттеуді съезд қаулысы рухында қолға алу керек. Әзірше жүрт күткендей бетбүрыс байқалмай жүр. Егер шындап кіріссе, өз халқыньщ тарихындағы нағыз прогресшіл қүбылыстар мен кертартпа идеяларды талғап ажыратуға қазақ зерттеушілерінің күші әбден жететіні даусыз. Бұған тек талап пен батылдық керек. 1957
12.11.2013 11:24 3054

«Очерктерде» әдебиеттің әдебиетке әсері деген мәселе тым атүсті айтылады. Әдебиеттегі барлық жақсылықты тек әсерге ғана теліп қою орынды болмайды. «Орыстың демократиялық мәдениетінің әсері фольклордың (казақ фольклорының Р.Б.) барлық жанрына тарады. Гармонмен қооылып айтатын әнді де, ертекті де, мақалды да қазақтар өзшен ежелден қатар отырған казактар мен жер ауып келген шаруалардан   естіген»   (31-бет).   «Бояушы   бояушы   дегенге сақалын   бояйды»   дегендей,   біздің   зерттеушілеріміз,   тым болмаса,     қазақтың     өз     топырағында     ертектің     шығу мүмкіндігіне   де   күмән   келтіреді.   Мұндай   тұжырымның ғылыммен ешбір қатысы жоқ екендігін дәлелдеудің өзі артық болар  еді.   «Очерктерде»  орынсыз  аналогия  берілетін  жер жалғыз бұл емес. Әрбір ән, күй де қалайда орыс халқының белгілі бір ән-күйімен салыстырылып беріледі. Әрине, біз авторлардың   жақсы   ниетіне   сенеміз.   Олар   қазақ,   орыс халықтарының арасындағы мәдени байланыстың тамырларын көрсетпек болады. Бірақ ол үшін салмақты аргументтердің қажет екенін зерттеушілер ескере бермеген. Міне, кітаптың қайта басылуында осы мәселенің ғылыми дәлелді шешілуін күтеміз.

Авторлардың қазақ әдебиеті жөніндегі зерттеулерге соқпай өткенін орынды деуге болмайды. Тіпті  «Очерктерді» оқыған адам қазақ совет ауыз әдебиетінің, ең болмаса, бір өкілі туралы тұтас түсінік ала алмайды. Жамбылдың да, Нүрпейістің де, Доскейдің де өлендері бастан аяк шашырап жатыр. Қазақ совет әдебиетініц атақты импровизаторы Иса Байзақов туралы кітапта мүлде ештеңе айтылмаған. Шынында, Исаның тамаша шығармалары қазак совет ауыз әдебиетінің озық үлгілері емес пе? Не керек, көптен күткен «Очерктер» жұртшылықтың аңсағанындай нәтиже бере алмады. «Очерктің» қайта басылуында жұртшылытың пікірі ескерілуге тиіс деп білеміз.

Қазақ әдебиетіиіц тарихын зерттеудің айтылып болмаған жайлары көп. Соңғы жылдардағы баспасөз бетінде басылған мақалалардың бұл мәселеге жұртшылықтың  азарын аударуда маңызы зор болды.

Әдебиет тарихы жөнінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының     Тіл      көне     вдебиеі      институтының қызметкерлері үн қатпай келеді. Бұл мәселеге Қазақстандағы орыс ғалымдарының да араласатын уақыты жетті.

Әңгіме, жекелеген нигилистердің «шамалауындай» ұлтшылдықта, немесе бейнебір жат идеологияны дәріптеуде емес. Гәп социалистік қазақ ұлтының өзі жасаған әдеби мұрасын әділ бағалауда болып отыр. Партиямыздың XX съезі еліміздегі барлық халықтардың мәдениетін гүлдендіре берудің қажеттігін атап көрсетті. Съезд социализм кезінде әрбір ұлттың мәдениеті өшпей, қайта шарықтап өсуге тиіс екендігін терең шешіп берді. Ендеше, әдебиет тарихын зерттеуді съезд қаулысы рухында қолға алу керек. Әзірше жүрт күткендей бетбүрыс байқалмай жүр. Егер шындап кіріссе, өз халқыньщ тарихындағы нағыз прогресшіл қүбылыстар мен кертартпа идеяларды талғап ажыратуға қазақ зерттеушілерінің күші әбден жететіні даусыз. Бұған тек талап пен батылдық керек.

1957

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға