Жаңалықтар

Совет үкіметі кезіндегі мәдениет

Совет өкіметі жылдарында халқымыздың мәдениеті мықтап өсті. Бұрын жүздеген лсылдарда болмаган мәдени өзгерістер туды. Халқымыздың жалпы тарихы да, әдебиеті, искусство тарихы да кең көлемде зерттеле бастады. Еліміздің басқа халықтары секілді оның да әдебиет, искусство шығармалары қағаз бетіне түсіп, бүкіл отанымыздың ортақ байлығына айналды. Сан ғасыр бойы қараңғылық тұманы басып жатқан қазақ халқының рухани күші шарықтап өсті. Ел арасынан сан мың жол ауыз әдебиет шығармалары жазып алынды. Олардың таңдаулылары басылып шықты. Әдебиеттің үлкен-кішілі үлгілеріне ғылыми баға берілді. Міне, осы істелген жүмыстардың бәрін есепке алған күннің өзінде де, әдебиет тарихын зерттеудің жайын қанағаттандырарлық дей алмаймыз. Әдебиет тарихын зерттеудегі басты кемшілік қайсы? Біздіңше, мұның жауабы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған бірнеше мақалада, негізінен, дүрыс көрсетілді. Бәрінең бүрын, көптеген зерттеулер мен мақалаларда көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігі ескерілмеді. Ғылыми дәлелдің орнына жалған саясатшылдық, догма үстем болып келді. Шығармалардың рухы ескерілмей, жекелеген фактілер ғана есепке алынды. Сол себепті қазақтың бай ауыз әдебиеті, жазба одебиеті құс түткендей жұлмаланып, шым-шытырық болды. Әдеби зерттеулерде ғылыми тереңдіктен гөрі, нигилистік «үр да жық» әдет басым орын алды. Осының бәріне себеп болған жағдайдың бірі - әдебиеттің қоғамдық сананың айрықша бір формасы екенін мойын-дамаушылықта жатты. Әр заманның әдебиетінде өз дәуіріне лайық идеялардың ғана айтылатынын мойындамадық. Көркем шығармадан  «идеялылық» дегенді  бөліп  алып,  жеке  дара қараушылық пайда болды. Есте жоқ ескі заманда туған шығармаға да қазіргі кұннің талабы тұрғысынан қарадық. Көркем шығармада бай, молданың аты аталса, нағыз бисаясаттық болып көрінді. Міне, осындай көзқарастың нәтижесінде   «Қамбар   батыр»,    «Қозы   көрпештен»   басқа жырдың бәрі де құбыжық болып көрінді. Жылдар бойы небір халықтық шығармалар жарық көрмей кетті. Бұл, шынында, марксизм-ленинизм ілімін, оның әдісін терең    түсінбегендіктің    салдары    еді.    Көркем    әдебиетке әкімшілік әдісті қолдануға болмайды деген белгілі қағида көп жағдайда ұмыт болды. Әдебиет тарихын зерттеудегі кемшіліктің екіншісі -әдеби шығармаларды тым атүсті, біржақты тексерудсн туды. Зерттеушілер орыс мәдениетінің, әдебиетінің Россиядағы басқа халықтарға еткен игілікті әсерін түсіндіре келіп, сол халықтардың ескі әдебиетінен ылғи бір үқсас жайларды, мөлдір достыққа шақырған идеяны іздеді. Олар патшалы Россия «халықтардың түрмесі» болганын есепке алмады. Жырда, немесе жеке шығармада орыс отаршыларына қарсы ілуде бір сөз айтылса, ол шығарма халықтар достығына  зиян деп табылды. Міне, осындай жалған концепция осы  күнге дейін жалғасып келеді. Бұлар әдебиті зерттеуінін тым табандап қалуына себси болған жайлар. Ендігі  Жерде әдебиет тарихын қайта қарау мәселесі аса маңызды. Шындап келгенде, бұл - қазақ халқы мәдениетінің жайын сөз ету деген сөз. Әдебиет    құбылыстарын    зерттеудегі    нак    осындай біржақтылыққа,  жаттампаздыққа,   үстірттікке   жеке  адамға табынушылықтын дерті себеп болды  Зерттеушілер көптен -көп жағдайда марксизмді творчество  деп қарамай, догма деп білді. Көптеген еңбектерді жалған  концепциялар мен үстірт тұжырымдар марксизм классиктерінін кейбір цитаталарының тасасында өмір сүрді. Соның  бірі - әрбір үш  мәдениетінің ішінде екі мәдениеі болады  деген В.Т.Ленин қағидаларын әдебиетке  бас   жоқ қодана берушілерге болды. Марксизм идеяларын жалғын   адам дамыта алады деген идеалистік ұғым кең тарап кетті. Міне, нағыз творчестволық, ғылыми терең зерттеулердің тууына осы секілді жайлардың кеселі алабөтен қатты тиді. Шынында, әдеби зерттеулердегі кемшілік, ең алдымен, теориялық кемшілік. Қандай зерттеуші болмасын ез еңбегін белгілі бір концепцияға құратыны айқын. Ол үшін пікір еркіндігі, творчестволық инициатива ауадай қажет. Әлбетте, барлық теориялық мәселені жалғыз адам шешкен соң, одан әрі ғылымды іздеудің қажеті жоқ еді. Өйткені ол сенің білмегеніңді біледі, сезбегеніңді сезеді, тек соның шығармаларынан цитата ал да, көп ойланбастан, соған бейімдеп «еңбек» жаза бер. Сонда сен ешуақытта қателеспейсің. Өмірдің де, табиғаттың да неше түрлі қүбылысына жауабың әзір. Көптеген ғылымға қабілетсіз адамдар нақ осындай жағдайды пайдаланып қалды. Классиктерден цитата келтіре отырып, тау-тау «еңбек» жазды. Бірақ, одан оқушы да жүрекке жылу, ақылга нәр алмайтын болды. Бүл, асылында оңай, жалған жол еді. Қазірдің өзінде де әдебиет зерттеу жұмысында жалтақтық, жаттандылық көптеп орын алып келеді. Мұны әдебиет тарихын қайта қарау туралы «Қазақ әдебиет» газетінде жарияланған мақалалардан да айқын көруге болады. Қай автор болса да мәселені тым жалпылама қойып лсүр. Ғылыми батылдықтан гөрі сақтық көбірек байқалады. Бұл, әсіресе, қазақ әдебиеті тарихын бұрыннан зерттеп келе жатқан Б.Кенжебаев, Е.Исмаилов сияқты белгілі әдебиетшілердің мақалаларынан анық көрінеді. Шынында, қазақ әдебиет зерттеушілері партиямыздың XX съезінің рухында мәселені батыл да кең қоюы керек еді. Бұрынғы қателіктер мен кемшіліктерді ашық айта отырып, алдағы іске именбей, нағыз шыншылдықпен кірісу қажет. Бізде белгілі бір әдебиет шығармаларын зерттеудің өзіндік қиыншылығы да бар. Қазақ халқының қолданып жүрген алфавит-шрифті совет жылдарында үш рет өзгерген. Олар: араб, латын, орыс әріптері. Әдебиет мүралары, міне, осы үш алфавиттің үшеуімен де үздік-создық басылып келгені мәлім. Ендігі бір кедергі сол - қазіргі жас зерттеуші сол әртүрлі шрифтіде шыққан қазақ кітаптарының бөріне бірдей жүйрік емес. Тіпті жүйрік болатын реті де жоқ. Бірі -арабшаны, екіншісі латыншаны білмейді. Оның үстіне жоғары оқу орындарының әдебиет факультеттерінде араб тілін өту жүмысы тым қанағаттанғысыз. Демек келешектегі жіс әдебиет зерттеушісінің көрер қиындығы мол. Олар «жақын да болса, алыс» дегендей қол астында, Алматының көпшілік кітапханасында жатқан кітаптарды еркін пайдалана алмайды. Сондықтан да жас зерттеушілер әдебиет тарихының даулы мәселелеріне кең араласа алмай жүр. Жас әдебиетшілердің мақалаларында «бүрыннан әңгіме еді ойда жүрген» дегендей, жалпылама шындықтың айтыла беретіні де осыдан. Бұған мысалды алыстан іздеудің де қажеті аз. Әдебиет зерттеуіндегі біржақтылық пен үстірттіктің мысалы ретінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институты 1955 жылы басып шығарған «Совет дәуіріндегі қазақтың халық поэзиясының очерктері» атты кітабын алуға болады. Бәрінен бүрын осы кітап жөнінде болған сын мен айтыстың тарихын қысқаша айтып өтпесек болмас. Өйткені, «очерктер» айналасындағы айтыс қазіргі одебиет зерттеу ғылымындағы екі багытты айқын дәлелдейді. Үстіміздегі жылы «Қазақстан коммуиисі» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде Б.Кепжебаевгыц «очерктер» жайында сыны басылды. Онда очерк жаіушыларыпың жақсы ниетіне қарамастан, кітап барлық жағынан да сөтсіз болып шыққаны сыналған болатын Кейіннен осы сынның айналасында қызу-қызу айтыстар да болды. Кітаптын негізгі авторлары - Н.С.Смирнова меи М.С.Сильченко алгашқыда журнал мен газеттің сынын  мүлде мойындамай, сын жазушыға қоқан-лоқы көрсетугс тырысты, Олар Москва оқымыстылары да кітаптың зор кемшіліктерін көрсеткеннен кейін ғана райынан қайтқандай болды, Одан кейінгі айтыс  академияның Тіл   және   әдебиет   инстетутында,   «Қазақстан   коммунисі» журналының редакциясында болып өтті. Кітаптың авторлары (тогыз    адам)    «очерктер»    негізінен    сәтті    шыққан    деп «долелдеуге» тырысты. Олар адам таңқалғандай ауыз бірлік корсстіп, жүртшылық талқысына түскен кітапты қызғыштай қорғады. Бірақ, айтыстарда, әсіресе, «Қазақстан коммунисі» журналының    редакциясында    болған    айтыста,    көлденең жүрттың бәрі дерлік «очерктің» сәтсіз екенін бүлтартпастай етіп дәлелдеді.  Бірақ,  бізде сөзшеңдіктің (фразерство) кең жайылғаны сонша, авторлар бүдан кейін де өз кемшілігін түгел мойындай қоймады. Олар кітаптың идеялық бағытының дүрыстығын қайталай айта келіп,  кемшілікті ішінара ғана мойындады. Қазақ әдебиетінің үшан-теңіз мұрасы алдағы уақытта да нақ осындай тұрғыда «зерттелуі» мүмкін. Өйткені, «очерк»-авторлары әдебиеттің көп-көп мәселелерін түсінбейтіндігін аңғартып   алған.   Егер   «очерктің»   әр   бетіндегі   олақ   сөз, орынсыз түжырымдарға сын берсек, кітаптың өзіндей екінші кітап туар еді. Бірақ, оқушының уақытын да, қағаз бен сияны да аяған мақұл.  Сондықтан,  ең басты кемшіліктерге ғана тоқталуды орынды санадық. Ең алдымен, кітаптың басынан аяғына дейін келтірілген өлеңдер   мысалының    басым   көпшілігі    сәтсіз.    Авторлар аудандық, облыстық газеттерде басылған көркемдік сапасы аса төмен кездейсоқ өлеңдердің бәрін халықтық қазына деп сендірмекші болады.  Әсіресе, Д.Шалабеков жинады деген, Қарағанды кеншілері шығарды деп келетін өлеңдердің қай-қайсысы да сын көтермейді. Асылы, «очерк» авторлары шын мәніндегі  халықтық қасиетке  ие  боларлық  шығармаларды іздеуге талаптанбаған. Олар өздерінің үстірт тұжырымдарына лайық келсе, тіпті, жай қара сөзді де өлең деп көрсетуге гырысқан.    Зерттеушілер    әдебиеттің    өзіндік    ерекшелігін ескермейтін   тәрізді.    Олар   көркем   шығарманьщ   өзіндік чаңдылығы  болатынын мүлде  үмытқан.  Олардың ойынша, одебиет   әрбір   қаулының,   науқанның   мазмүнын   қайталап айтуға тиісті сияқтанады. Ол-ол ма, құрметті ғалымдар Қазақ совет әдебиетіне үлкен-үлкен кінә тағады. Соның бірі -әдебиет осы күнге дейін өндірістік процестерді түгел қамтып жаза алмай жүр деген түжырым. Көптеген өлеңдерде «қүрылыстардың нағыз процесін суреттеу жағы жетпей жатады» деп (128 бет) түжырады «очерк». Көркем әдебиет тарихында өндіріс технологиясын суреттемеді деп жазғырғанды осыдан көрдік. Асылы, авторлар көркем әдебиет пен газет хроникасының айырмашылығын ескере бермейді. Бұлай болғанда, завод пен фабриктёгі технологиялық нүскаулар мен техникалық сөздіктер көркем әдебиеттің биік шыңы болған болар еді ғой. Әрине, «очерктегі» мысалдың бәрі бірдей қүбыжық деп отырғанымыз   жоқ.   Рас,   мүнда   Жамбылдың,   Нүрпейістің, Нартайдың т.б. кейбір сәтті жолдары да беріліп отырған. Ал, нағыз  ел  арасындағы  халық  стихиясынан   қайиап   шыққан олеңдер «очеркте» жоқтың қасы. Жылтыраганпыц борі алтын болмайтыны    сияқты,    «Уралап    алға    барамыз»    тәрізді өлеңдердің де  қүны  шамалы.   Әсірссс,  бүл   кітаита  халық өмірініц сан-салалы кәрінісінен елес берерліктей мысалдар жоқ.   «Қазақстан   коммунисі»   журналі.іпыц   рсдакциясында болған пікір алысуда шешендердің бірі:  «мі.ша  очерктерге қарасаң қазақ халқы сүю, күйініш дегси нөрсені үмытқан ба деп  қаласың»,  -  деген   еді.  Шындығында да   «очерктің»   ән бойьшда махаббатты, жеке адам өміріндегі күйініш-сүйінішті суреттейтін өлеңді табу қиын. Авторлардың архаика мен дәстүрлі әдістерге  қарсылығы қандай дәлелсіз болса, олардыц қазіргі өлеңдерден  тапқан «жаңалығы» да пәлендей емес. «Очерктің» әр жерінен-ақ «пәлен өлеңде, түген образ бар» дегенді оқуға болады. Мәселен, біздің зерттеушілер Доскей мен Нүрпейістің өлеңдеріндегі «Бес түлік мал толтырып», «Бес түлік жатқан малым бар», деген сөз тізбектерін жана образ деп «дәлелдейді». Олай болған күнде тілдегі барлык лексика түгелдей поэтикалық образ болмай ма? Кітапта «тұлпар» деген сөзді   қолдау   қазіргі   заманның   шындығын    беруге   нұқсан келтіріп түр деген де ой бар. Мүның да тым үшқары айтылған сөз екенін бәрі түсінсе керек. Ақын, әсіресе, ауыз әдебиетінің окілі «түлпар», «сүңқар» деген сөздерді қолданса, оның түк те ерсілігі лсоқ. Біз, ақындар қазақтың классикалық поэзиясының әдістері мен машықтарын әлі күнге дейін жете пайдалана алмай келе жатыр, шын мәніндегі жаңа искусство халықтың ғасырлар бойы жасаған бар онерін меңгеру, творчестволықпен түсіну, пайдалану нәтижесінде ғана тумақ дейміз. Ендеше, ақындарды дәстүрлі әдістер мен теңеулерді орынды пайдаланғаны үшін жазғырудың ешбір қисыны жоқ. «Очерк» авторлары қазақ эпостарынан көптеген мін тауып, «қатал» сындар айтады. Тіпті «идеяалының идеяалысы» деп танылған «Қамбар батыр» жырының да идеялық нүқсаны соз болған. Жырдың ішінде тап тартысының барлық моменттері айқын көрсетілмегені сыналады. Мұнда Н.Байғаниннің де революциядан бұрын шығарған дастандарының «ағаттығы» көп айтылады. Ойда-қырда авторлар қазақтың бүкіл ескі фольклорынан тап тартысы неғұрлым айқындалған шығармаларды ғана құрметтеуге бейім. Ішінде бай, кедей деп ашық бөлінбеген шығармалар, олардың ойынша, ешқандай тәрбиелік, танығыштық роль атқара алмайтын секілді. Эпосты да, басқа шығармаларды да өз заманының шындығын қалай керсете алды деген мұнарадан қарап зерттеуіміз қажет. Әрине, қай шығарма болса да бүгінгі күннің қажетіне пайдалылық тұрғысынан қаралатыны белгілі. Әдеби мұраны тек мұра болғандығы үшін ғана зерттемейміз. Бүгінгі социалистік мәдениетіміздің өсуіне белгілі дәрежеде септігін тигізе алса ғана қадірлейміз.
12.11.2013 11:21 6765

Совет өкіметі жылдарында халқымыздың мәдениеті мықтап өсті. Бұрын жүздеген лсылдарда болмаган мәдени өзгерістер туды. Халқымыздың жалпы тарихы да, әдебиеті, искусство тарихы да кең көлемде зерттеле бастады. Еліміздің басқа халықтары секілді оның да әдебиет, искусство шығармалары қағаз бетіне түсіп, бүкіл отанымыздың ортақ байлығына айналды. Сан ғасыр бойы қараңғылық тұманы басып жатқан қазақ халқының рухани күші шарықтап өсті. Ел арасынан сан мың жол ауыз әдебиет шығармалары жазып алынды. Олардың таңдаулылары басылып шықты. Әдебиеттің үлкен-кішілі үлгілеріне ғылыми баға берілді. Міне, осы істелген жүмыстардың бәрін есепке алған күннің өзінде де, әдебиет тарихын зерттеудің жайын қанағаттандырарлық дей алмаймыз.

Әдебиет тарихын зерттеудегі басты кемшілік қайсы? Біздіңше, мұның жауабы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған бірнеше мақалада, негізінен, дүрыс көрсетілді. Бәрінең бүрын, көптеген зерттеулер мен мақалаларда көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігі ескерілмеді. Ғылыми дәлелдің орнына жалған саясатшылдық, догма үстем болып келді. Шығармалардың рухы ескерілмей, жекелеген фактілер ғана есепке алынды. Сол себепті қазақтың бай ауыз әдебиеті, жазба одебиеті құс түткендей жұлмаланып, шым-шытырық болды. Әдеби зерттеулерде ғылыми тереңдіктен гөрі, нигилистік «үр да жық» әдет басым орын алды.

Осының бәріне себеп болған жағдайдың бірі - әдебиеттің қоғамдық сананың айрықша бір формасы екенін мойын-дамаушылықта жатты. Әр заманның әдебиетінде өз дәуіріне лайық идеялардың ғана айтылатынын мойындамадық. Көркем шығармадан  «идеялылық» дегенді  бөліп  алып,  жеке  дара қараушылық пайда болды. Есте жоқ ескі заманда туған шығармаға да қазіргі кұннің талабы тұрғысынан қарадық. Көркем шығармада бай, молданың аты аталса, нағыз бисаясаттық болып көрінді. Міне, осындай көзқарастың нәтижесінде   «Қамбар   батыр»,    «Қозы   көрпештен»   басқа жырдың бәрі де құбыжық болып көрінді. Жылдар бойы небір халықтық шығармалар жарық көрмей кетті.

Бұл, шынында, марксизм-ленинизм ілімін, оның әдісін терең    түсінбегендіктің    салдары    еді.    Көркем    әдебиетке әкімшілік әдісті қолдануға болмайды деген белгілі қағида көп

жағдайда ұмыт болды.

Әдебиет тарихын зерттеудегі кемшіліктің екіншісі -әдеби шығармаларды тым атүсті, біржақты тексерудсн туды. Зерттеушілер орыс мәдениетінің, әдебиетінің Россиядағы басқа халықтарға еткен игілікті әсерін түсіндіре келіп, сол халықтардың ескі әдебиетінен ылғи бір үқсас жайларды, мөлдір достыққа шақырған идеяны іздеді. Олар патшалы Россия «халықтардың түрмесі» болганын есепке алмады. Жырда, немесе жеке шығармада орыс отаршыларына қарсы ілуде бір сөз айтылса, ол шығарма халықтар достығына  зиян деп табылды. Міне, осындай жалған концепция осы  күнге дейін жалғасып келеді. Бұлар әдебиті зерттеуінін тым табандап қалуына себси болған жайлар. Ендігі  Жерде әдебиет тарихын қайта қарау мәселесі аса маңызды. Шындап келгенде, бұл - қазақ халқы мәдениетінің жайын сөз ету деген сөз.

Әдебиет    құбылыстарын    зерттеудегі    нак    осындай біржақтылыққа,  жаттампаздыққа,   үстірттікке   жеке  адамға табынушылықтын дерті себеп болды  Зерттеушілер көптен -көп жағдайда марксизмді творчество  деп қарамай, догма деп білді. Көптеген еңбектерді жалған  концепциялар мен үстірт тұжырымдар марксизм классиктерінін кейбір цитаталарының тасасында өмір сүрді. Соның  бірі - әрбір үш  мәдениетінің ішінде екі мәдениеі болады  деген В.Т.Ленин қағидаларын әдебиетке  бас   жоқ қодана берушілерге болды. Марксизм идеяларын жалғын   адам дамыта алады деген идеалистік ұғым кең тарап кетті. Міне, нағыз творчестволық, ғылыми терең зерттеулердің тууына осы секілді жайлардың кеселі алабөтен қатты тиді.

Шынында, әдеби зерттеулердегі кемшілік, ең алдымен, теориялық кемшілік. Қандай зерттеуші болмасын ез еңбегін белгілі бір концепцияға құратыны айқын. Ол үшін пікір еркіндігі, творчестволық инициатива ауадай қажет. Әлбетте, барлық теориялық мәселені жалғыз адам шешкен соң, одан әрі ғылымды іздеудің қажеті жоқ еді. Өйткені ол сенің білмегеніңді біледі, сезбегеніңді сезеді, тек соның шығармаларынан цитата ал да, көп ойланбастан, соған бейімдеп «еңбек» жаза бер. Сонда сен ешуақытта қателеспейсің. Өмірдің де, табиғаттың да неше түрлі қүбылысына жауабың әзір. Көптеген ғылымға қабілетсіз адамдар нақ осындай жағдайды пайдаланып қалды. Классиктерден цитата келтіре отырып, тау-тау «еңбек» жазды. Бірақ, одан оқушы да жүрекке жылу, ақылга нәр алмайтын болды. Бүл, асылында оңай, жалған жол еді. Қазірдің өзінде де әдебиет зерттеу жұмысында жалтақтық, жаттандылық көптеп орын алып келеді. Мұны әдебиет тарихын қайта қарау туралы «Қазақ әдебиет» газетінде жарияланған мақалалардан да айқын көруге болады. Қай автор болса да мәселені тым жалпылама қойып лсүр. Ғылыми батылдықтан гөрі сақтық көбірек байқалады. Бұл, әсіресе, қазақ әдебиеті тарихын бұрыннан зерттеп келе жатқан Б.Кенжебаев, Е.Исмаилов сияқты белгілі әдебиетшілердің мақалаларынан анық көрінеді. Шынында, қазақ әдебиет зерттеушілері партиямыздың XX съезінің рухында мәселені батыл да кең қоюы керек еді. Бұрынғы қателіктер мен кемшіліктерді ашық айта отырып, алдағы іске именбей, нағыз шыншылдықпен кірісу қажет.

Бізде белгілі бір әдебиет шығармаларын зерттеудің өзіндік қиыншылығы да бар. Қазақ халқының қолданып жүрген алфавит-шрифті совет жылдарында үш рет өзгерген. Олар: араб, латын, орыс әріптері. Әдебиет мүралары, міне, осы үш алфавиттің үшеуімен де үздік-создық басылып келгені мәлім. Ендігі бір кедергі сол - қазіргі жас зерттеуші сол

әртүрлі шрифтіде шыққан қазақ кітаптарының бөріне бірдей жүйрік емес. Тіпті жүйрік болатын реті де жоқ. Бірі -арабшаны, екіншісі латыншаны білмейді. Оның үстіне жоғары оқу орындарының әдебиет факультеттерінде араб тілін өту жүмысы тым қанағаттанғысыз. Демек келешектегі жіс әдебиет зерттеушісінің көрер қиындығы мол. Олар «жақын да болса, алыс» дегендей қол астында, Алматының көпшілік кітапханасында жатқан кітаптарды еркін пайдалана алмайды. Сондықтан да жас зерттеушілер әдебиет тарихының даулы мәселелеріне кең араласа алмай жүр. Жас әдебиетшілердің мақалаларында «бүрыннан әңгіме еді ойда жүрген» дегендей, жалпылама шындықтың айтыла беретіні де осыдан.

Бұған мысалды алыстан іздеудің де қажеті аз. Әдебиет зерттеуіндегі біржақтылық пен үстірттіктің мысалы ретінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институты 1955 жылы басып шығарған «Совет дәуіріндегі қазақтың халық поэзиясының очерктері» атты кітабын алуға болады.

Бәрінен бүрын осы кітап жөнінде болған сын мен айтыстың тарихын қысқаша айтып өтпесек болмас. Өйткені, «очерктер» айналасындағы айтыс қазіргі одебиет зерттеу ғылымындағы екі багытты айқын дәлелдейді.

Үстіміздегі жылы «Қазақстан коммуиисі» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде Б.Кепжебаевгыц «очерктер» жайында сыны басылды. Онда очерк жаіушыларыпың жақсы ниетіне қарамастан, кітап барлық жағынан да сөтсіз болып шыққаны сыналған болатын Кейіннен осы сынның айналасында қызу-қызу айтыстар да болды. Кітаптын негізгі авторлары - Н.С.Смирнова меи М.С.Сильченко алгашқыда журнал мен газеттің сынын  мүлде мойындамай, сын жазушыға қоқан-лоқы көрсетугс тырысты, Олар Москва оқымыстылары да кітаптың зор кемшіліктерін көрсеткеннен кейін ғана райынан қайтқандай болды, Одан кейінгі айтыс  академияның Тіл   және   әдебиет   инстетутында,   «Қазақстан   коммунисі» журналының редакциясында болып өтті. Кітаптың авторлары (тогыз    адам)    «очерктер»    негізінен    сәтті    шыққан    деп «долелдеуге» тырысты. Олар адам таңқалғандай ауыз бірлік корсстіп, жүртшылық талқысына түскен кітапты қызғыштай қорғады. Бірақ, айтыстарда, әсіресе, «Қазақстан коммунисі» журналының    редакциясында    болған    айтыста,    көлденең жүрттың бәрі дерлік «очерктің» сәтсіз екенін бүлтартпастай етіп дәлелдеді.  Бірақ,  бізде сөзшеңдіктің (фразерство) кең жайылғаны сонша, авторлар бүдан кейін де өз кемшілігін түгел мойындай қоймады. Олар кітаптың идеялық бағытының дүрыстығын қайталай айта келіп,  кемшілікті ішінара ғана мойындады.

Қазақ әдебиетінің үшан-теңіз мұрасы алдағы уақытта да нақ осындай тұрғыда «зерттелуі» мүмкін. Өйткені, «очерк»-авторлары әдебиеттің көп-көп мәселелерін түсінбейтіндігін аңғартып   алған.   Егер   «очерктің»   әр   бетіндегі   олақ   сөз, орынсыз түжырымдарға сын берсек, кітаптың өзіндей екінші кітап туар еді. Бірақ, оқушының уақытын да, қағаз бен сияны да аяған мақұл.  Сондықтан,  ең басты кемшіліктерге ғана тоқталуды орынды санадық.

Ең алдымен, кітаптың басынан аяғына дейін келтірілген өлеңдер   мысалының    басым   көпшілігі    сәтсіз.    Авторлар аудандық, облыстық газеттерде басылған көркемдік сапасы аса төмен кездейсоқ өлеңдердің бәрін халықтық қазына деп сендірмекші болады.  Әсіресе, Д.Шалабеков жинады деген, Қарағанды кеншілері шығарды деп келетін өлеңдердің қай-қайсысы да сын көтермейді. Асылы, «очерк» авторлары шын мәніндегі  халықтық қасиетке  ие  боларлық  шығармаларды іздеуге талаптанбаған. Олар өздерінің үстірт тұжырымдарына лайық келсе, тіпті, жай қара сөзді де өлең деп көрсетуге гырысқан.    Зерттеушілер    әдебиеттің    өзіндік    ерекшелігін ескермейтін   тәрізді.    Олар   көркем   шығарманьщ   өзіндік чаңдылығы  болатынын мүлде  үмытқан.  Олардың ойынша, одебиет   әрбір   қаулының,   науқанның   мазмүнын   қайталап айтуға тиісті сияқтанады. Ол-ол ма, құрметті ғалымдар Қазақ совет әдебиетіне үлкен-үлкен кінә тағады. Соның бірі -әдебиет осы күнге дейін өндірістік процестерді түгел қамтып жаза алмай жүр деген түжырым. Көптеген өлеңдерде «қүрылыстардың нағыз процесін суреттеу жағы жетпей жатады» деп (128 бет) түжырады «очерк».

Көркем әдебиет тарихында өндіріс технологиясын суреттемеді деп жазғырғанды осыдан көрдік. Асылы, авторлар көркем әдебиет пен газет хроникасының айырмашылығын ескере бермейді. Бұлай болғанда, завод пен фабриктёгі технологиялық нүскаулар мен техникалық сөздіктер көркем әдебиеттің биік шыңы болған болар еді ғой.

Әрине, «очерктегі» мысалдың бәрі бірдей қүбыжық деп отырғанымыз   жоқ.   Рас,   мүнда   Жамбылдың,   Нүрпейістің, Нартайдың т.б. кейбір сәтті жолдары да беріліп отырған. Ал, нағыз  ел  арасындағы  халық  стихиясынан   қайиап   шыққан олеңдер «очеркте» жоқтың қасы. Жылтыраганпыц борі алтын болмайтыны    сияқты,    «Уралап    алға    барамыз»    тәрізді өлеңдердің де  қүны  шамалы.   Әсірссс,  бүл   кітаита  халық өмірініц сан-салалы кәрінісінен елес берерліктей мысалдар жоқ.   «Қазақстан   коммунисі»   журналі.іпыц   рсдакциясында болған пікір алысуда шешендердің бірі:  «мі.ша  очерктерге қарасаң қазақ халқы сүю, күйініш дегси нөрсені үмытқан ба деп  қаласың»,  -  деген   еді.  Шындығында да   «очерктің»   ән бойьшда махаббатты, жеке адам өміріндегі күйініш-сүйінішті суреттейтін өлеңді табу қиын.

Авторлардың архаика мен дәстүрлі әдістерге  қарсылығы қандай дәлелсіз болса, олардыц қазіргі өлеңдерден  тапқан «жаңалығы» да пәлендей емес. «Очерктің» әр жерінен-ақ «пәлен өлеңде, түген образ бар» дегенді оқуға болады. Мәселен, біздің зерттеушілер Доскей мен Нүрпейістің өлеңдеріндегі «Бес түлік мал толтырып», «Бес түлік жатқан малым бар», деген сөз тізбектерін жана образ деп «дәлелдейді». Олай болған күнде тілдегі барлык лексика түгелдей поэтикалық образ болмай ма? Кітапта «тұлпар» деген сөзді   қолдау   қазіргі   заманның   шындығын    беруге   нұқсан келтіріп түр деген де ой бар. Мүның да тым үшқары айтылған сөз екенін бәрі түсінсе керек. Ақын, әсіресе, ауыз әдебиетінің окілі «түлпар», «сүңқар» деген сөздерді қолданса, оның түк те ерсілігі лсоқ. Біз, ақындар қазақтың классикалық поэзиясының әдістері мен машықтарын әлі күнге дейін жете пайдалана алмай келе жатыр, шын мәніндегі жаңа искусство халықтың ғасырлар бойы жасаған бар онерін меңгеру, творчестволықпен түсіну, пайдалану нәтижесінде ғана тумақ дейміз. Ендеше, ақындарды дәстүрлі әдістер мен теңеулерді орынды пайдаланғаны үшін жазғырудың ешбір қисыны жоқ.

«Очерк» авторлары қазақ эпостарынан көптеген мін тауып, «қатал» сындар айтады. Тіпті «идеяалының идеяалысы» деп танылған «Қамбар батыр» жырының да идеялық нүқсаны соз болған. Жырдың ішінде тап тартысының барлық моменттері айқын көрсетілмегені сыналады. Мұнда Н.Байғаниннің де революциядан бұрын шығарған дастандарының «ағаттығы» көп айтылады. Ойда-қырда авторлар қазақтың бүкіл ескі фольклорынан тап тартысы неғұрлым айқындалған шығармаларды ғана құрметтеуге бейім. Ішінде бай, кедей деп ашық бөлінбеген шығармалар, олардың ойынша, ешқандай тәрбиелік, танығыштық роль атқара алмайтын секілді.

Эпосты да, басқа шығармаларды да өз заманының шындығын қалай керсете алды деген мұнарадан қарап зерттеуіміз қажет. Әрине, қай шығарма болса да бүгінгі күннің қажетіне пайдалылық тұрғысынан қаралатыны белгілі. Әдеби мұраны тек мұра болғандығы үшін ғана зерттемейміз. Бүгінгі социалистік мәдениетіміздің өсуіне белгілі дәрежеде септігін тигізе алса ғана қадірлейміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға