Жаңалықтар

Жеңіс күніне орай рәсімделген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты

Жеңіс күніне орай рәсімделген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ 06.05.2024 08:29 231

9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы рәсімделген №7502 электр пойызы жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Безендірілген электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.

Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды. Жолаушылар «Жеңіс пойызының» алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді.  

Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға