Жаңалықтар

Ғұбайдолла Айдаров туралы

Маңғыстау облысының Түпқараған түбегінде туып-өсіп өздерінің түрлі саладағы еңбегімен есімдері елімізге, тіпті әлемге белгілі тұлғалар аз емес. Солардың бірі белгілі түркітанушы – Ғұбайдолла Айдаров. Ғұбайдолла Айдаров тіл ғылымының түркітану саласына түрен салып, исі қазақтың жаратылу қалыбының да, жазба тарихының тым әріден бастау алатынын дәлелдеп берген ғалым-зерттеуші. Ардақты ғалымның есімін 30-жылдардың ойраны кезінде Маңғыстаудан ауа көшіп, Жаңғақтың ойын жайлап қалған біздің елдің кәрі-жасы жақсы білетін еді. Қайсыбір отырыстарда өнегелі тұлғаның есімін талай естіп, сәби санамызға сіңіріп өстік. Өткен өмірі жайында да Ғұбекеңнің өз аузынан талай мағлұматтарға қанықтым. Шағадам жеріне ат басын тірегенде, біздің үйге келіп қонатын. Алматы маңындағы елді мекендерді, Жаңғақтың ойындағы ел ішін аралағанда мені жанынан тастамай бірге алып жүретін. Қайда жүрсе де Ғұбекеңді ел азаматтары, қарапайым адамдар құрақ ұшып қарсы алып, сыйлап, қонақ ететін. Адамдар ол кісінің аузынан тарихи тұлғаларымыз, рулық шежірелеріміз жайында небір тамаша әңгімелерді естіп, бір жасап қалатын. Ғұбайдолла Айдаров Маңғыстау облысының қазіргі Ақшұқыр, Сайын ауылдары маңында, Емір-Торты (қазіргі Сайын ауылынан бастап Қарақия ойпаты бойын, Ақтау маңындағы жерлерді бұрын Ғұбекеңнің аталары, Адайдың Байбоз-Жанбоз ауылдары мекен еткен) жерінде 1921 жылы 18 маусымда дүниеге келген. 30-жылдардың қызыл қырғыны мен түбекті жайлаған жұт пен жаппай ашаршылық, қызыл империя қыстамшылығы кезінде әкесі Айдар да үй ішімен үдере көшкен елге ілесіп, Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Ғұбекеңнің айтуынша, Шағадамның (бұрынғы Красноводск, қазіргі Түркменбашы қаласы) Құбатаудың батыс бөктерінде ол кезде қаптаған киіз үйлер қалашығы болған екен. Барлығы Маңғыстаудан ауып келген қазақтар. Ата мекендерін тастап, арып-ашыққан қазақ ауылдарын сол жылдарда жұқпалы ауру жайлап, көп адам ажал құшқан. Ел ішіне жаппай тараған індеттен Айдар да қайтыс болып, шешесі Томан мен інісі ­Тортай үшеуі жат жерде жетім-жесір күй кешеді. Бар салмақ отбасының үлкені болғандықтан, Ғұбайдоллаға түседі. Ер-азаматтар жағы күзгесалым Бесқалаға азық-түліктерін қамдауға шыққанда шешесі мен інісін асырап, табыс табу үшін он жасар Ғұбайдолла да ағайындарына ілесіп сапар шегеді. Ақшұқырда туып-өсіп, Фортта білім алған Түркменстанның тұңғыш басшысы, ТүркЦИК төрағасы Нәдірбай Айтақов 30-жылдардағы алапат кезінде жұт пен аштықтан шұбырып келіп жатқан жерлестеріне – Маңғыстау қазақтарына қамқорлық көрсетеді. Бұл кісінің осындай шарапаты Ғұбайдоллаға да тиеді. Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен балалар үйіне қабылданып, білім алады. Сол кісінің қолдауымен 1934 жылы қазақтар көп шоғырланған Красноводск қаласында қазақ педучилищесі ашылып, интернаттағы зерек бала, оқу озаты Ғұбайдолла сол училищеге жіберіледі. Орайы келгенде айта кетейік, Н.Бауман атындағы бұл педучилищенің тұңғыш директоры кейін қазақтың көрнекті жазушысы болған Әди Шәріпов еді. Ғұбайдолла соғыс қарсаңында осы училищені үздік бітіріп, шешесі мен інісін Қарабұғазға алып келіп, ұстаздық қызметін бастайды. Қуғын-сүргіннен, аштықтан есі шыққан ел-жұртын сауаттандыру ісіне белсене кіріседі. Оқуға ынталы қазақ жастарын өзі оқып бітірген педучилищеге түсіреді, сөйтіп ел ішінде білімді азаматтардың көбеюіне ықпал етеді. Кейін осы педучилищені Ғұбекеңнің көмектесуімен бітіріп шыққан азаматтар Маңғыстау, Шағадам өңірлерінде ағарту саласының белді қайраткерлері атанып, лауазымды қызметтер атқарды.   Есберген ІҢІРБАЙҰЛЫ, «Ана тілі» газеті
11.11.2013 04:39 7679

Маңғыстау облысының Түпқараған түбегінде туып-өсіп өздерінің түрлі саладағы еңбегімен есімдері елімізге, тіпті әлемге белгілі тұлғалар аз емес. Солардың бірі белгілі түркітанушы – Ғұбайдолла Айдаров.
Ғұбайдолла Айдаров тіл ғылымының түркітану саласына түрен салып, исі қазақтың жаратылу қалыбының да, жазба тарихының тым әріден бастау алатынын дәлелдеп берген ғалым-зерттеуші.
Ардақты ғалымның есімін 30-жылдардың ойраны кезінде Маңғыстаудан ауа көшіп, Жаңғақтың ойын жайлап қалған біздің елдің кәрі-жасы жақсы білетін еді. Қайсыбір отырыстарда өнегелі тұлғаның есімін талай естіп, сәби санамызға сіңіріп өстік.

Өткен өмірі жайында да Ғұбекеңнің өз аузынан талай мағлұматтарға қанықтым. Шағадам жеріне ат басын тірегенде, біздің үйге келіп қонатын. Алматы маңындағы елді мекендерді, Жаңғақтың ойындағы ел ішін аралағанда мені жанынан тастамай бірге алып жүретін. Қайда жүрсе де Ғұбекеңді ел азаматтары, қарапайым адамдар құрақ ұшып қарсы алып, сыйлап, қонақ ететін. Адамдар ол кісінің аузынан тарихи тұлғаларымыз, рулық шежірелеріміз жайында небір тамаша әңгімелерді естіп, бір жасап қалатын.
Ғұбайдолла Айдаров Маңғыстау облысының қазіргі Ақшұқыр, Сайын ауылдары маңында, Емір-Торты (қазіргі Сайын ауылынан бастап Қарақия ойпаты бойын, Ақтау маңындағы жерлерді бұрын Ғұбекеңнің аталары, Адайдың Байбоз-Жанбоз ауылдары мекен еткен) жерінде 1921 жылы 18 маусымда дүниеге келген. 30-жылдардың қызыл қырғыны мен түбекті жайлаған жұт пен жаппай ашаршылық, қызыл империя қыстамшылығы кезінде әкесі Айдар да үй ішімен үдере көшкен елге ілесіп, Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Ғұбекеңнің айтуынша, Шағадамның (бұрынғы Красноводск, қазіргі Түркменбашы қаласы) Құбатаудың батыс бөктерінде ол кезде қаптаған киіз үйлер қалашығы болған екен. Барлығы Маңғыстаудан ауып келген қазақтар. Ата мекендерін тастап, арып-ашыққан қазақ ауылдарын сол жылдарда жұқпалы ауру жайлап, көп адам ажал құшқан. Ел ішіне жаппай тараған індеттен Айдар да қайтыс болып, шешесі Томан мен інісі ­Тортай үшеуі жат жерде жетім-жесір күй кешеді. Бар салмақ отбасының үлкені болғандықтан, Ғұбайдоллаға түседі. Ер-азаматтар жағы күзгесалым Бесқалаға азық-түліктерін қамдауға шыққанда шешесі мен інісін асырап, табыс табу үшін он жасар Ғұбайдолла да ағайындарына ілесіп сапар шегеді.
Ақшұқырда туып-өсіп, Фортта білім алған Түркменстанның тұңғыш басшысы, ТүркЦИК төрағасы Нәдірбай Айтақов 30-жылдардағы алапат кезінде жұт пен аштықтан шұбырып келіп жатқан жерлестеріне – Маңғыстау қазақтарына қамқорлық көрсетеді. Бұл кісінің осындай шарапаты Ғұбайдоллаға да тиеді. Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен балалар үйіне қабылданып, білім алады. Сол кісінің қолдауымен 1934 жылы қазақтар көп шоғырланған Красноводск қаласында қазақ педучилищесі ашылып, интернаттағы зерек бала, оқу озаты Ғұбайдолла сол училищеге жіберіледі. Орайы келгенде айта кетейік, Н.Бауман атындағы бұл педучилищенің тұңғыш директоры кейін қазақтың көрнекті жазушысы болған Әди Шәріпов еді. Ғұбайдолла соғыс қарсаңында осы училищені үздік бітіріп, шешесі мен інісін Қарабұғазға алып келіп, ұстаздық қызметін бастайды. Қуғын-сүргіннен, аштықтан есі шыққан ел-жұртын сауаттандыру ісіне белсене кіріседі. Оқуға ынталы қазақ жастарын өзі оқып бітірген педучилищеге түсіреді, сөйтіп ел ішінде білімді азаматтардың көбеюіне ықпал етеді. Кейін осы педучилищені Ғұбекеңнің көмектесуімен бітіріп шыққан азаматтар Маңғыстау, Шағадам өңірлерінде ағарту саласының белді қайраткерлері атанып, лауазымды қызметтер атқарды.
 

Есберген ІҢІРБАЙҰЛЫ,
«Ана тілі» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға