Жаңалықтар

«Махамбет» деректі фильмі

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлы туралы деректі фильм түсіріліп көрермендеріне жол тартқан болатын. Аталған фильм 2003 жылы түсірілді. Сценарий авторы және қоюшы режиссері Жаңабек Жетіруов. Режиссер бұдан өзге 30-дан астам деректі фильмдерді түсірген. Атап айтар болсақ: «Минус Ре» (1992), «Телқара» (1995), «Қазақстан тарихына саяхат» (1997), «Атамекен» (2002), «Сырмен сырласу» (2003), «Кенесары» (2004), «Желтоқсан алауы» (2006), «Болашаққа бастайтын жол» (2006) фильмдерінің; «Жол тексерушісінің жазбалары» (2006) көркем фильмі сценарийінің авторы және режиссері. Жаңабек Жетіруов 2002 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ойындық емес кино шығармашылық бірлестігінің жетекшісі. «Еуразия-2006» (Баку қаласы, 2007; Мәскеу қаласы , 2007);«Сенімді жүрек» (2007); «ФИПРЕССИ» (Италия, 2006) халықаралық байқалуларының бас жүлделері,  Ханты-Мансийск қаласындағы халықаралық байқаудың «Қола тайга» сыйлығының (2007) иегері. «Махамбет» деректі фильмнің қоюшы операторы -  Маулен Бекенов,  дыбыс операторы – Игорь Позденко, Композитор – Қуат Шілдебаев, редактор – Зәуре Ергалиева, бас кеңесші – академик-жазушы Зейнолла Қабдолов. Мәтінін оқыған – Омархан Қалмырзаев, директор – Әсет Ерназаров болды. Махамбет Өтемісұлы қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы болды. Махамбет еңбектері  бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі бола білді. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», сынды шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген.
24.10.2013 10:31 11118

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлы туралы деректі фильм түсіріліп көрермендеріне жол тартқан болатын. Аталған фильм 2003 жылы түсірілді. Сценарий авторы және қоюшы режиссері Жаңабек Жетіруов.

Режиссер бұдан өзге 30-дан астам деректі фильмдерді түсірген. Атап айтар болсақ: «Минус Ре» (1992), «Телқара» (1995), «Қазақстан тарихына саяхат» (1997), «Атамекен» (2002), «Сырмен сырласу» (2003), «Кенесары» (2004), «Желтоқсан алауы» (2006), «Болашаққа бастайтын жол» (2006) фильмдерінің; «Жол тексерушісінің жазбалары» (2006) көркем фильмі сценарийінің авторы және режиссері.

Жаңабек Жетіруов 2002 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ойындық емес кино шығармашылық бірлестігінің жетекшісі. «Еуразия-2006» (Баку қаласы, 2007; Мәскеу қаласы , 2007);«Сенімді жүрек» (2007); «ФИПРЕССИ» (Италия, 2006) халықаралық байқалуларының бас жүлделері,  Ханты-Мансийск қаласындағы халықаралық байқаудың «Қола тайга» сыйлығының (2007) иегері.

«Махамбет» деректі фильмнің қоюшы операторы -  Маулен Бекенов,  дыбыс операторы – Игорь Позденко, Композитор – Қуат Шілдебаев, редактор – Зәуре Ергалиева, бас кеңесші – академик-жазушы Зейнолла Қабдолов. Мәтінін оқыған – Омархан Қалмырзаев, директор – Әсет Ерназаров болды.

Махамбет Өтемісұлы қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы болды.

Махамбет еңбектері  бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі бола білді. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», сынды шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға