Жаңалықтар

Түркияда қазақ киносының апталығы өтті

Түркияда қазақ киносының апталығы өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігі 11.05.2024 17:11 403

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, Ыстанбұл мен Анталия қалаларындағы Бас консулдықтарының ұйымдастыруымен және «Qazaqfilm» АҚ-ның қолдауымен Түркияда қазақ киносының апталығы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жошы Ұлысының 800 жылдығына және қазақ киносының біртуар азаматы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орайластырылған іс-шарада Түркияның Анталия, Алания, Денизли, Мерсин, Ыстанбұл, Сакария, Измир және Анкара секілді ірі қалаларында қазақ хандығы туралы «Алмас қылыш» тарихи фильмі көрсетілді.

Алтын Орда ретінде әлемге әйгілі Жошы Ұлысының геосаяси мұрасы бірқатар еуразиялық мемлекеттердің, соның ішінде Қазақ хандығының пайда болуына негіз болғанын көрсететін отандық фильм отандастарымыздың мақтанышы мен түрік көрермендерінің қазақ халқының тарихына деген үлкен қызығушылығын тудырып, қонақтардың оң бағасын алды.

Екі бауырлас елдің тарихы мен мәдениетінің ұқсастығын ерекше атап өткен көрермендер мұндай іс-шаралардың маңыздылығына назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға