Жаңалықтар

Елордада тағы бір көше уақытша жабылды

Елордада тағы бір көше уақытша жабылды
Фото: El.kz 11.05.2024 15:53 552

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Земляничная көшесінде орташа жөндеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 10-20 мамыр аралығында Қараменді би Шақаұлы көшесінен Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі Земляничная көшесінің учаскесінде қозғалыс толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға