Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі 11.05.2024 21:03 544

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері «Таза Қазақстан» ээкологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бүгін Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясының ұжымымен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоғамдық санада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына серпін бергенін және қоршаған ортаны таза ұстаудың да отанға қызмет етудің бір үлгісі екенін атап өтті.

Сенбілікке қатысушылар Қоянды су қоймасының аумағын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері экологияны қорғауға бағытталған осындай игі бастама аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңыздылығын айтты. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

(Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға