«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бесінші тақырыптық апталығы аясында өңірлерде жағалау аймақтарын абаттандыру және су айдындарының айналасын тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, «Мөлдір бұлақ» апталығының бесінші күні өзен, көлдердің, бұлақтар мен су айдындарының аймақтарын қоқыстан тазарту үшін 101 іс-шара ұйымдастырылды. 139 аумақ тазартылды.
Жетісу облысында 2000 қатысушы 19 өзен маңын және Көксу, Қора, Шажа, Быжы, Қарасу, Қаратал жағалауын тазартып, 31 тоннадан астам қоқыс шығарды.
Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны – Есік көлінің жағасында тазалық шарасы өтті. «Мөлдір бұлақ» апталығының алғашқы күні облыстың барлық аудандарда марафон, конкурс және флешмобтар форматында 50-ден астам сенбілік өтті. Акцияға қатысушылар Ұзынқарғалы, Талғар, Қарқара, Шарын, Қаскелең, Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын тазалады.
Аталмыш жұмыстар Қазақстанның басқа облыстарында жүргізілді. Жалпы, «Таза Қазақстан» аясында 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында өңірлерде 6500-ден астам іс-шара өтті, оған шамамен 1,13 млн адам қатысты.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 6500-ден астам іс-шара өткізілді
Оқи отырыңыз
30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды