Жаңалықтар

Ел намысын ойлап еді

Мекемелердегі жазу машинкалары толық қазақша қаріпке көшірілмей, ісқағаздары ешуақытта қазақ тіліне көшпейді деген әңгімені министрдің аузынан жиі естуші едік. Шайсұлтан 1994 жылы «Торғай таңы» га­зетіне берген сұхбатында: «…Ана тіліміз – саяси мәні зор мемлекеттік саясат. Мен министрлікте жүргенімде де, министр болғанымда да осы мәселеге қызуқандылықпен араласқан азаматтардың бірімін. Сол айтыс-тартыс ішінде қазақ тілі маманына зәрулікті болдырмау мақсатында өзімнің қатысуыммен жүзеге асқан бір іс – соңғы жылдардағы жер-жердегі педагогикалық институттардың жанынан ашылған екіжылдық қазақ тілі мен әдебиеті курсы дер едім» депті. Міне, осы айтқандары Шайсұлтанның лауазымды қызмет басында отырғанда ана тілін дамытуға күш салып, тілді қалпына келтіру жұмысында қаншалықты орны болғандығын көрсетері хақ. …1997 жылы зейнеткерлікке шықты. Жаратылысында тыным таппайтын жан өзі сияқты лауазымы жоғары ел басқарғандар еңбектерінің жемісін пайдаланып жайлы тіршілікке көшіп жатқанда, денсаулығының ақау беріп жүргеніне де қарамастан қиындықтарға қарсы жүзіп, Астанаға барады. Азаматтық борышын елге қызмет етумен байланыстырған ол сол кездегі еліміз үшін ең күрделі мәселенің бірі – қазақ тілін жетілдіру ісіне белсене араласты. Орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді жаппай үйретуді ұйымдастыру үшін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанынан «Тілді жеделдете оқыту орталығын» құрып, директорлық қызмет ақарды. Елбасының қабылдауында болып: «Нұреке! Халыққа қызмет ету үшін тек министрдің креслосында отырып қана емес, осы жұмыстан да пайдам тиер деген үмітпен қолға алып отырмын» деген екен. «Оның дұрыс болған» деп Елбасы да өз ризашылығын білдіріпті. Бұл жұмысқа келу себебін өзінің «Ана тілі» газетінің 1998 жылғы 18-маусымдағы нөмерінде тілшіге берген сұхбатында былай деп түсіндірген: – Мен алпысқа жақындадым. Жаманды, жақсыны көп көрдім. Тіл – ұлттың жаны. Тоқсаныншы жылдары еңсесі бір көтеріліп қалған Ана тіліміз кейінгі үш-төрт жылда мазаққа айналған сыңайлы. Бәрін көріп-біліп тұрып, үнсіз, әрекетсіз қалу – азаматтығымызға сын. Қай жерде жүрсем де, тіліміздің осы мүшкіл жағдайы алаңдататын, қолымнан келгенше демеуге тырысатынмын. Осы уақытқа дейін рес­публикада жалпы азаматтар үшін, соның ішінде атқамінерлер үшін бірде-бір ресми орталық дүниеге келмепті. Орталықтың алғашқы шәкірттері – Президент әкімшілігінің, Парламент және Үкімет ұжымдарының қызметкер­лері, сондай-ақ министрліктердегі, әкімшіліктердегі атқамінерлер болмақ. Өйткені ең алдымен осылар шықпай, Парламент те, Үкімет те, түрлі министрліктер де мемлекеттік тілге көше алмайды» деп мәселені төтесінен қойыпты. Орталық алғашқы жылдың өзінде-ақ міндетін ойдағыдай орындап, жұмыстарды әрі қарай жетілдіруді жалғастырды. Елбасының «Өз тілімізбен өмір сүрейік» деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тілді дамытудың ең басты мәселесінің бірі ретінде алдымен компьютерді қазақша сөйлетуді назарына алды. «Қазақ тілін компьютерге енгізсек, бұл шын мәнінде қазақ тілін дамытуда және бір жүйеге келтіруде төңкеріске пара-пар болар еді, қазақ тілін қоғамдық өмірдің сан-саласына енгізіп неғұрлым жеңілдетер еді» дейді ол. Әсіресе қазақ мектептері үшін орысша бағдарламамен сөйлейтін компьютерлер оларды орыстандырудың ең тура жолы деп көрсетеді. Қорыта айтқанда, Шайсұлтанның тілді қайта тірілтіп, дамытуда білекті түріп тастап белсене кірісуі, әсіресе осы Астанадағы соңғы жұмыстарында серпін алды. …Ақырында ол жұмыс-жұмыс деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп ауруын асқындырып алғанын сезбей де қалды. Алматыға келгенде жай ғана қаралып шығамын деп ауруханаға келсе, дәрігерлер компьютер арқылы бір-ақ айлық өмірі қалғанын анықтапты. Әрине, өзіне айтқан жоқ. Ертеңгісін ауруханаға барып жолыққанымызда қиналып тұрған түр танытпайды, жұмысым қалып қойды деп уайым айтып тұр. «Жай ғана тексеріліп шығайын деп келіп едім, қолдарына түскен соң, жіберер емес. Астанада өтетін жиналыста мемлекеттік тілді оқыту жөнінде дайындаған сөзім бар еді. Соған қатысып төрт-бес күннен кейін келейін десем, көнетін түрлері жоқ» деп ренжиді. Дайындаған сөзінің негізгі түйіні тілді үйрену тәсілдері туралы еді. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша тіл үйренуші адам құр грамматиканы жаттаудан бұрын, ең алдымен сол тілде сөйлеп үйренуі керек екен. «Қазақстан сияқты 128 ұлт пен ұлыс мекендеген, орыс тілі мейлінше үстем тараған елде мемлекеттік тілді өмірге енгізудің жолы біреу-ақ, ол тілді жаппай үйрету, жаппай оқыту» делінген. Шайсұлтанды мәңгілік сапарға шығарып салар жерлеу рәсіміне қатысқан сол кездегі Білім министрі Қырымбек Көшербаев: «Шаяхметовтың бар жан-тәнін, қабілетін жұмсап Астанада ашқан «Қазақ тілін жеделдетіп оқыту орталығын» институтқа айналдырып, оған өзінің атын бергіземіз» деген болатын. Бірақ ол сөзі орындалмай қалды. «Ештен кеш жақсы» дегендей бұл орталық сегіз жылдан кейін, яғни 2008 жылы құрылып, «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы» деп аталды. Қандай дәрежеде екенін білмеймін, бүгінде бұл Орталық тек өмір сүруде. Бұлай деуімнің мәнісі Шаяхметовтың бастап кеткен ісі ойдағыдай жалғасын тауып жатыр деп айта алмаймыз. Көзден кеткесін көңілден кетеді деген өмірдің заңдылығынан ба екен, әйтеуір тіл туралы әңгіме болғанда Шаяхметовтың атын ести бермейміз. Шәйіт Молдахметұлы
16.10.2013 05:23 2568

Мекемелердегі жазу машинкалары толық қазақша қаріпке көшірілмей, ісқағаздары ешуақытта қазақ тіліне көшпейді деген әңгімені министрдің аузынан жиі естуші едік.
Шайсұлтан 1994 жылы «Торғай таңы» га­зетіне берген сұхбатында: «…Ана тіліміз – саяси мәні зор мемлекеттік саясат. Мен министрлікте жүргенімде де, министр болғанымда да осы мәселеге қызуқандылықпен араласқан азаматтардың бірімін. Сол айтыс-тартыс ішінде қазақ тілі маманына зәрулікті болдырмау мақсатында өзімнің қатысуыммен жүзеге асқан бір іс – соңғы жылдардағы жер-жердегі педагогикалық институттардың жанынан ашылған екіжылдық қазақ тілі мен әдебиеті курсы дер едім» депті.
Міне, осы айтқандары Шайсұлтанның лауазымды қызмет басында отырғанда ана тілін дамытуға күш салып, тілді қалпына келтіру жұмысында қаншалықты орны болғандығын көрсетері хақ.
…1997 жылы зейнеткерлікке шықты. Жаратылысында тыным таппайтын жан өзі сияқты лауазымы жоғары ел басқарғандар еңбектерінің жемісін пайдаланып жайлы тіршілікке көшіп жатқанда, денсаулығының ақау беріп жүргеніне де қарамастан қиындықтарға қарсы жүзіп, Астанаға барады. Азаматтық борышын елге қызмет етумен байланыстырған ол сол кездегі еліміз үшін ең күрделі мәселенің бірі – қазақ тілін жетілдіру ісіне белсене араласты. Орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді жаппай үйретуді ұйымдастыру үшін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанынан «Тілді жеделдете оқыту орталығын» құрып, директорлық қызмет ақарды. Елбасының қабылдауында болып: «Нұреке! Халыққа қызмет ету үшін тек министрдің креслосында отырып қана емес, осы жұмыстан да пайдам тиер деген үмітпен қолға алып отырмын» деген екен. «Оның дұрыс болған» деп Елбасы да өз ризашылығын білдіріпті.
Бұл жұмысқа келу себебін өзінің «Ана тілі» газетінің 1998 жылғы 18-маусымдағы нөмерінде тілшіге берген сұхбатында былай деп түсіндірген:
– Мен алпысқа жақындадым. Жаманды, жақсыны көп көрдім. Тіл – ұлттың жаны. Тоқсаныншы жылдары еңсесі бір көтеріліп қалған Ана тіліміз кейінгі үш-төрт жылда мазаққа айналған сыңайлы. Бәрін көріп-біліп тұрып, үнсіз, әрекетсіз қалу – азаматтығымызға сын. Қай жерде жүрсем де, тіліміздің осы мүшкіл жағдайы алаңдататын, қолымнан келгенше демеуге тырысатынмын. Осы уақытқа дейін рес­публикада жалпы азаматтар үшін, соның ішінде атқамінерлер үшін бірде-бір ресми орталық дүниеге келмепті.
Орталықтың алғашқы шәкірттері – Президент әкімшілігінің, Парламент және Үкімет ұжымдарының қызметкер­лері, сондай-ақ министрліктердегі, әкімшіліктердегі атқамінерлер болмақ. Өйткені ең алдымен осылар шықпай, Парламент те, Үкімет те, түрлі министрліктер де мемлекеттік тілге көше алмайды» деп мәселені төтесінен қойыпты.
Орталық алғашқы жылдың өзінде-ақ міндетін ойдағыдай орындап, жұмыстарды әрі қарай жетілдіруді жалғастырды. Елбасының «Өз тілімізбен өмір сүрейік» деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тілді дамытудың ең басты мәселесінің бірі ретінде алдымен компьютерді қазақша сөйлетуді назарына алды. «Қазақ тілін компьютерге енгізсек, бұл шын мәнінде қазақ тілін дамытуда және бір жүйеге келтіруде төңкеріске пара-пар болар еді, қазақ тілін қоғамдық өмірдің сан-саласына енгізіп неғұрлым жеңілдетер еді» дейді ол. Әсіресе қазақ мектептері үшін орысша бағдарламамен сөйлейтін компьютерлер оларды орыстандырудың ең тура жолы деп көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Шайсұлтанның тілді қайта тірілтіп, дамытуда білекті түріп тастап белсене кірісуі, әсіресе осы Астанадағы соңғы жұмыстарында серпін алды.
…Ақырында ол жұмыс-жұмыс деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп ауруын асқындырып алғанын сезбей де қалды. Алматыға келгенде жай ғана қаралып шығамын деп ауруханаға келсе, дәрігерлер компьютер арқылы бір-ақ айлық өмірі қалғанын анықтапты. Әрине, өзіне айтқан жоқ. Ертеңгісін ауруханаға барып жолыққанымызда қиналып тұрған түр танытпайды, жұмысым қалып қойды деп уайым айтып тұр. «Жай ғана тексеріліп шығайын деп келіп едім, қолдарына түскен соң, жіберер емес. Астанада өтетін жиналыста мемлекеттік тілді оқыту жөнінде дайындаған сөзім бар еді. Соған қатысып төрт-бес күннен кейін келейін десем, көнетін түрлері жоқ» деп ренжиді.
Дайындаған сөзінің негізгі түйіні тілді үйрену тәсілдері туралы еді. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша тіл үйренуші адам құр грамматиканы жаттаудан бұрын, ең алдымен сол тілде сөйлеп үйренуі керек екен. «Қазақстан сияқты 128 ұлт пен ұлыс мекендеген, орыс тілі мейлінше үстем тараған елде мемлекеттік тілді өмірге енгізудің жолы біреу-ақ, ол тілді жаппай үйрету, жаппай оқыту» делінген.
Шайсұлтанды мәңгілік сапарға шығарып салар жерлеу рәсіміне қатысқан сол кездегі Білім министрі Қырымбек Көшербаев: «Шаяхметовтың бар жан-тәнін, қабілетін жұмсап Астанада ашқан «Қазақ тілін жеделдетіп оқыту орталығын» институтқа айналдырып, оған өзінің атын бергіземіз» деген болатын. Бірақ ол сөзі орындалмай қалды. «Ештен кеш жақсы» дегендей бұл орталық сегіз жылдан кейін, яғни 2008 жылы құрылып, «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы» деп аталды. Қандай дәрежеде екенін білмеймін, бүгінде бұл Орталық тек өмір сүруде. Бұлай деуімнің мәнісі Шаяхметовтың бастап кеткен ісі ойдағыдай жалғасын тауып жатыр деп айта алмаймыз. Көзден кеткесін көңілден кетеді деген өмірдің заңдылығынан ба екен, әйтеуір тіл туралы әңгіме болғанда Шаяхметовтың атын ести бермейміз.


Шәйіт Молдахметұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға